|
|
|
Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесін бекіту жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 14 қарашадағы N 427 қаулысы (ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.11.01 ж. N 427 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін. 2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап: 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктерге бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуына келісім беру туралы ережені бекіту туралы" 1998 жылғы 4 ақпандағы N 46 қаулысының; 2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктердің акциялары қор биржасында листингтен өткен инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы туралы ережені бекіту жөнінде" 1998 жылғы 26 желтоқсандағы N 291 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.): 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Ережені Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімде осы қаулыны және Ережені Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін. Ұлттық Банк
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесін бекіту жөнінде" 2001 жылғы 14 қарашадағы N 427 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесі ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.06.02 ж. N 212 қаулысымен кіріспе толықтырылды Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) негізінде жасалынды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйым құруына және ие болуына рұқсат беру тәртібі мен ерекшеліктерін және банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу тәртібін белгілейді. Осы Ереженің талаптары банктердің жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың жарғылық капиталына қатысу жағдайларына қолданылмайды. 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Банктер Заңның 8-бабының 2-тармағында көзделген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.06.02 ж. N 212 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді және толықтырылды 2. Банктер заңды тұлғалардың акцияларын сатып алуға мынадай жағдайларда құқылы: 1) соңғы аяқталған жыл ішіндегі бөлінбеген таза кірістің болуы және ағымдағы жылдың кірістер сомасының осындай кезеңдегі шығыстардан асуы ретінде анықталатын соңғы аяқталған жылы және ағымдағы жылдың ішінде шығынсыз қызмет еткенде; 2) соңғы алты айдың ішінде Ұлттық Банк белгілеген пруденциалдық нормативтерді және басқа да орындауға міндетті нормалар мен лимиттерді сақтағанда; 3) екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға өту бойынша барлық талаптарға сәйкес болғанда; Осыған орай банктің бір заңды тұлғаның жарғылық капиталына тікелей (тура) немесе жанама (басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы) қатысуы банктің меншік капиталының он процентінен аспауы тиіс. Банктің заңды тұлғаның жарғылық капиталына бұрын кепілге қабылданған және қаржылық есептің халықаралық стандарттарына сәйкес анықталатын, әділ құны бойынша бағаланатын акциялардың банктің меншігіне өтуі арқылы тікелей қатысуы банктің меншікті капиталының жиырма бес процентінен аспауы тиіс. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.06.02 ж. N 212 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Заңды тұлғалардың акцияларын сатып алған, жиынтық нақты құны акцияларын банк сатып алған заңды тұлғаның жарғылық капиталының бес және одан астам проценті болатын банктер (еншілес ұйымдарды қоспағанда) акцияларға ие болғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке бұл жөнінде жазбаша хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) беруге міндетті. 4. Банктің хабарламасында мыналар болуы тиіс: 1) заңды тұлғаның атауы; 2) банктің заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі және сомасы; 3) заңды тұлғаның қызмет түрі немесе түрлері туралы ақпарат; 4) банк көрсету керек деп тапқан басқа мәліметтер. 5. Банктер ұғымы Заңның 11-1-бабында белгіленген еншілес банктер құрған немесе ие болған жағдайда Ұлттық Банктің осы Ереженің талаптарына сәйкес берілетін рұқсатын алуға міндетті. 2-тарау. Банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру туралы өтініш беру және қарау тәртібі 6. Ұлттық Банктің Директорлар кеңесі банктерді қадағалау бөлімшесінің тиісті ұсынысы негізінде банкке рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. 7. Банк еншілес ұйым құруға рұқсат алу үшін Ұлттық Банкке мыналарды тапсырады: 1) N 1 қосымшаға сәйкес банктің еншілес ұйым құру үшін рұқсат алуға өтініші; 2) банктің уәкілетті органының еншілес ұйым құру туралы шешімі; 3) еншілес ұйымның құрылтай құжаттары, оның Жарғыны бекіту туралы хаттамалары; 4) N 2 қосымшаға сәйкес еншілес ұйымның басқарушы қызметкерлері туралы ақпарат; 5) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымы; 6) бизнес-жоспар бере отырып, еншілес ұйымның қызмет түрі немесе түрлері туралы ақпарат; 7) еншілес ұйымның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері туралы ақпарат; 8) банктің құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі және сомасы туралы ақпарат. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.06.02 ж. N 212 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді 8. Банк еншілес ұйымға иелік етуге рұқсат алу үшін Ұлттық Банкке осы Ереженің 7-тармағының 1)-6) тармақшаларында көзделген құжаттардан басқа мыналарды тапсырады: 1) еншілес ұйымға ие болу шарттары және тәртібі туралы мәлімет; 2) аудиторлық ұйымның иелікке алынатын еншілес ұйымға жүргізілген аудит туралы қорытындысы және аудиторлық ұйым растаған соңғы қаржы жылындағы оның қаржылық есебі; 3) иелікке алынатын еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өтуі туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі; 4) иелікке алынатын еншілес ұйымның жарияланған (тіркелген) төленген жарғылық капиталының мөлшері туралы, сондай-ақ банктің иелікке алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі және сомасы туралы ақпарат; 5) банктің жарғылық капиталға қатысуы арқылы еншілес ұйымды иелікке алған заңды тұлға туралы деректер, оған мыналар кіреді: заңды тұлғаның атауы және мекен-жайы; банктің заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі және сомасы туралы мәлімет; заңды тұлғаның банк иелікке алған еншілес ұйымының жарғылық капиталына қатысу үлесі және сомасы туралы ақпарат. 9. Банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беруге арналған өтініші және қажетті құжаттары банктерді қадағалау бөлімшесіне беріледі. 10. Банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына берілген рұқсат N 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша төрт данада (екеуі мемлекеттік тілде және екеуі орыс тілінде) ресімделеді, екеуі банкке беріледі, ал басқа екеуі банктің заңды іс қағаздарына тігіледі. 11. Банктерді қадағалау бөлімшесі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына берілген рұқсатты өкілеттігін нотариалды не басқа да заңды жолмен куәландырған құжаты бар банктің уәкілетті адамына тапсырады. 12. Ұлттық Банк берілген рұқсатты банкті қадағалау бөлімшесі жүргізетін банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына берілген рұқсатты есепке алу жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тізілімінде (N 4 қосымша) тіркеледі. 13. Ұлттық Банк Заңның 11-1-баптарында көзделген мерзімде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті. Заң талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар берген кезде, құжаттар қайтарылып береді. Құжаттарды қайта берген кезде оларды қарау мерзімін есептеу қайта басталады. 14. Ұлттық Банк Заңның 11-1-баптарында көзделген негіздемелер бойынша рұқсат беруден бас тартады. Ұлттық Банк рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, өтініш берушіге бас тартудың негіздемелері жөнінде жазбаша хабарлауға міндетті. 15. Банк Ұлттық Банктің рұқсатын алмаған жағдайда үш айлық мерзімде еншілес ұйымның оған тиесілі акцияларын (қатысу үлесін) осы банкпен ерекше қатынаста байланысы жоқ адамдарға беруге не еншілес ұйым қабылдайтын шешімді белгілеу мүмкіндігінен бас тартуға және растайтын құжаттарды Ұлттық Банкке беруге міндетті. 3-тарау. Банктердің листинг компанияларының жарғылық капиталға қатысуының қосымша шарттары 16. Банктер акциясы қор биржасында листингке өткен бір заңды тұлғаның кемінде он бес процент акцияларын иелікке алуға құқылы. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.06.02 ж. N 212 қаулысымен 17-тармақ толықтырылды 17. Банк бағалы қағаздардың листингін реттейтін тиісті нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қор биржасында акциялары бойынша делистингтен өткен ұйымның акцияларын иелікке алуға құқылы емес. Мұндай акциялар бар болған кезде, банк оларды бір жылдың ішінде сатуға құқылы. Банктің бір жыл ішінде қор биржасында акциялары бойынша делистинг жүргізілген заңды тұлғаның акцияларын сатуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, осындай акциялар банктің есебінде шығын ретінде танылады. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.06.02 ж. N 212 қаулысымен 3-тарау 17-1 тармақпен толықтырылды 17-1. Осы тараудың талаптары банктің еншілес ұйымдарына қолданылмайды. 4-тарау. Банктердің акциялары кепіл ретінде банктің меншігіне өтетін заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы бойынша талаптар ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.06.02 ж. N 212 қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда 18. Банктің заңды тұлғаның жарғылық капиталына бұрын кепілге қабылданған және қаржылық есептің халықаралық стандарттарына сәйкес анықталатын, әділ құны бойынша бағаланатын акциялардың банктің меншігіне өтуі арқылы тікелей қатысуы банктің меншікті капиталының он процентінен асқан жағдайда, не банктің заңды тұлғаның жарғылық капиталына осындай қатысуы Заңда көзделмесе, онда банк осы акцияларды олардың меншікке өткен күнінен бастап бір жыл ішінде сатуы тиіс. Банктің бір жыл ішінде кепіл шарты бойынша банктің меншігіне көшкен заңды тұлғаның акцияларын сатуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, осындай акциялар банктің есебінде шығын ретінде танылады. 5-тарау. Қорытынды ережелер 19. Осы Ереженің талаптарын бұзған жағдайда Ұлттық Банк қолданылып жүрген заңдарда көзделген ықпал ету шараларын банкке қолдануға құқылы. 20. Осы Ережемен реттелмейтін мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешілуі тиіс. Ұлттық Банк
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 14 қарашадағы N 427 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесіне N 1 қосымша ───── ж. "──────" ─────────────── N ─────────── Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы ──────────────────────────── Екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына және ие болуына рұқсат алуға ӨТІНІШ ─────────────────────────────────────────────────────────────────────────── (өтініш берушінің атауы) банктің уәкілетті органының ─────────────────────────────────────────────── (өткізілген орны) ────── жылғы "────"──────────────── N ────── шешіміне сәйкес ───────────── ─────────────────────────────────────────────────────────────────────────── ─────────────────────────────────────────────────────────────────────────── (құрылатын (иелікке алынатын) еншілес ұйымның атауы, мекен-жайы) құруына немесе ие болуына рұқсат беруіңізді сұрайды. Банк өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дұрыс болуына, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратып алынған қосымша ақпарат пен құжаттардың Ұлттық Банкке уақтылы берілуіне жауап береді. Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атауымен тізбесін, әр қайсы бойынша дана және бет санын көрсету керек) Басқарма Төрағасы ──────────────────────── ─────────────────────────── (қолы) Директорлар кеңесінің төрағасы ─────────────────────────── (қолы) М.О. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 14 қарашадағы N 427 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесіне N 2 қосымша Еншілес ұйымның басшы қызметкерлері туралы ақпарат 1. Аты-жөні ───────────────────────────────────────────────────────────── 2. Азаматтығы ─────────────────────────────────────────────────────────── 3. Жеке басын растайтын құжаттың деректері ────────────────────────────── 4. Жұмыс орны (орындары), қызметі (қызметтері) ────────────────────────── 5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы, байланыс телефоны ──────────── 6. Білімі (біліктілігін арттыру курстарын қоса):
7. Еңбек қызметі туралы қысқаша резюмесі:
8. Сотты болғандығы туралы мәлімет:
Белгіленген тәртіппен ақталмаған немесе алынбаған сотты болуы бар ма: 9. Банк қызметіне байланысты құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәлімет:
ЖОҒАРЫДА БЕРІЛГЕН МӘЛІМЕТТЕРДІ РАСТАУ Осы өтініштегі ақпаратты тексергендігімді және оның дұрыс әрі толық екенін растаймын. Аты-жөні ───────────────────────────────────────────────────── (бас әріптермен) Күні ────────────────────────────────────── Қолы ───────────────────────────── Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 14 қарашадағы N 427 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесіне N 3 қосымша ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТІҢ ЕНШІЛЕС ҰЙЫМ ҚҰРУЫНА ЖӘНЕ ИЕ БОЛУЫНА БЕРІЛГЕН РҰҚСАТ ──────── жылғы "─────"───────────────── N ─────── Осы рұқсат ──────────────────────────────────────────────── берілді, банк (банктің атауы) осының негізінде ───────────────────────────────────────────────────────── (құрылатын (иелікке алынатын) еншілес ұйымның қызмет түрі) ────────────────────────────────────────────────────────────────────────── (құрылатын (иелікке алынатын) еншілес ұйымның атауы, оның мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өтуі туралы деректер) еншілес ұйым құруына немесе ие болуына құқылы. Төраға (Төрағаның орынбасары) ──────────────────────────────── Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 14 қарашадағы N 427 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесіне N 4 қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктің еншілес ұйым құруына және ие болуына берілген рұқсаттарды есепке алу тізілімі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |