|
|
|
Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 ж. 3 маусымдағы N 213 қаулысы (ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.11.02 ж. N 467;21.03.03 ж. N 97; 07.05.03 ж. N 151 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 ж. 16 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін. 2. Осы қаулының 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізілетін Ереженің 12-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, 2002 жылғы 1 тамыздан бастап күшіне енеді. 3. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Пруденциалдық нормативтер туралы ереже жөнінде" 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 4. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.): 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолдансын; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күн ішінде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін. Ұлттық Банк
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - банктер) үшін сақталуы міндетті пруденциалдық нормативтерді белгілейді. 1-тарау. Банктің жарғылық капиталының ең аз мөлшері 1. Банктің жарғылық капиталының ең аз мөлшерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы (бұдан әрі - Ұлттық Банк) белгілейді. 2. Банк, мұндай сатып алу Ұлттық Банк белгілеген пруденциалдық нормативтердің және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің кез келгенін бұзуға әкеліп соқтырмайтын жағдайда, акционерлердің меншік акцияларын сатып ала алады. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.11.02 ж. N 467 қаулысымен ереже 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Банктердiң 2002 жылғы 1 тамызға дейiн тартылған, бастапқы өтеу мерзiмi 5 жылдан кем емес және аталған қаулымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженiң 6-тармағында белгiленген, реттелген борыштарға қойылатын талаптарға жауап бермейтiн реттелген борыштары мынадай тәртiппен банктiң меншiктi капиталының есебiне кiредi: 2003 жылғы 1 қаңтарға дейiн: борышты өтеу басталғанға дейiн бес жылдан артық мерзiм iшiнде борыштың толық сомасында; борышты өтеу басталғанға дейiн қалған бес жылдың iшiнде: 1-шi жыл - реттелген борыш сомасының 80%-i; 2-шi жыл - реттелген борыш сомасының 60%-i; 3-шi жыл - реттелген борыш сомасының 40%-i; 4-шi жыл - реттелген борыш сомасының 20%-i; 5-шi жыл - реттелген борыш сомасының 0%-i; 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап: борышты өтеу басталғанға дейiн бес жылдан артық мерзiм iшiнде реттелген борыш сомасынан 80% мөлшерiнде; борышты өтеу басталғанға дейiн қалған бес жылдың iшiнде: 1-шi жыл - реттелген борыш сомасының 60%-i; 2-шi жыл - реттелген борыш сомасының 40%-i; 3-шi жыл - реттелген борыш сомасының 20%-i; 4-шi және 5-шi жылдар - реттелген борыш сомасының 0%-i. 2-тарау. Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті 3. Меншікті капитал банк инвестицияларын шығарып тастағандағы бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың жиынтығы ретінде есептеледі (сонымен қатар екінші деңгейдегі капитал бірінші деңгейдегі капиталдан аспайтын мөлшерде қосылады). Банктің инвестициялары ұйымдардың акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) және реттелген борышқа салымдарына қатысты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 15 қазандағы N 399 қаулысымен бекітілген "Банктердің қаржылық есебі" 21 Бухгалтерлік есеп беру стандартында көрсетілген әділ құны бойынша есепке алынатын инвестицияларды қоспағанда еншілес ұйымдардың, сондай-ақ басқа заңды тұлғалардың акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) және реттелген борышқа салымдарының сомасын білдіреді, олар мынадай талаптардың біріне сәйкес келеді: банкте жоғарыда аталған заңды тұлғалардың шынайылығы халықаралық аудиторлық ұйымдар ретінде танылған аудиторлық ұйымдардың бірінің халықаралық аудит және қаржылық есеп стандарттарына сәйкес жасалған және аудиторлық ұйымның шүбәсіз пікірі бар қорытындысымен расталған, соңғы аяқталған қаржылық жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы қаржылық есептің халықаралық стандарттарына сәйкес жасалған соңғы аяқталған жылғы қаржылық есептері бар болғанда; жоғарыда аталған заңды тұлғалардың акциялары "Қазақстанның қор биржасы" жабық акционерлік қоғамының "А" санатындағы ресми тізіміне енгізілгенде; жоғарыда аталған заңды тұлғалардың Standard & Poor's агенттігінің "А" деңгейінен төмен емес борыштық рейтингі немесе халықаралық рейтингтік агенттіктер (бұдан әрі - рейтингтік агенттіктер) ретінде танылған басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі болғанда. 4. Бірінші деңгейдегі капитал: төленген жарғылық капитал; қосымша капитал; өткен жылдардағы бөлінбеген таза кіріс (оның ішінде өткен жылдарда таза кіріс есебінен қалыптастырылған қорлар, резервтер) сомасы сияқты есептеледі; мыналар есептелмейді: банктің негізгі қызметі мақсаттары үшін сатып алынған және Қаржылық есептің халықаралық стандарттары жөніндегі комитеттің Басқармасы 1998 жылғы шілдеде бекіткен, 1999 жылғы 1 шілдеден басталатын немесе одан кейінгі кезеңдерді қамтитын қаржылық есеп үшін күшіне енген N 38 "Материалдық емес активтер" Қаржылық есептің халықаралық стандартына сәйкес (бұдан әрі - N 38 Қаржылық есептің халықаралық стандарты) лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағанда, материалдық емес активтер; өткен жылдардағы шығындар; ағымдағы жылдың шығысы ағымдағы жылғы кірістен асып кету. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.05.03 ж. N 151 қаулысымен 5-тармақ толықтырылды 5. Екінші деңгейдегі капитал: ағымдағы жылдың кірісі ағымдағы жылғы шығыстан асып кету мөлшері; негізгі құрал-жабдықтарды және бағалы қағаздарды қайта бағалау мөлшері; жалпы резервтер (провизиялар) мөлшері, тәуекелді ескере отырып салыстырылған активтер сомасының 1,25%-нен аспайтын сомада кастодиандық шарт талаптарымен қабылданған қаражаттың инвестицияланбаған қалдықтарын шегерiп тастағанда; меншікті капиталға қосып есептелген, бірінші деңгейдегі капитал сомасының елу процентінен аспайтын реттелген борыш сомасы сияқты есептеледі. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.05.03 ж. N 151 қаулысымен 6-тармақ толықтырылды 6. Банктің реттелген борышы - банктің мынадай талаптарға сәйкес келетін қамтамасыз етілмеген міндеттемесі: 1) депозит не ұсынушыға міндеттеме болып табылмайды; 2) банктің немесе онымен аффилиирленген тұлғаның талап етуі бойынша кепілдік қамтамасыз ету болып табылмайды; 3) мерзімінен бұрын (толық немесе ішінара) өтеуге жатпайды; 4) банкті тарату кезінде соңғы кезекте қанағаттандырылады (қалған мүлікті акционерлер арасында бөлудің алдында). Банктің меншікті капиталға кіретін реттелген борышы - өтелу басталғанға дейін тарту мерзімі бес жылдан астам реттелген борыш. Облигациялар бағалы қағаздар рыногын реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган бекіткен облигациялар шығарылымын орналастыру қорытындылары туралы есептің негізінде ғана банктің реттелген борышы болып танылады және банктің меншікті капиталына кіреді. Банктің реттелген борышы мынадай тәртіппен банктің меншікті капиталының есебіне кіреді: борышты өтеу басталғанға дейін бес жылдан артық мерзім ішінде борыштың толық сомасында, борышты өтеу басталғанға дейін қалған бес жылдың ішінде: 1-ші жыл - реттелген борыш сомасының 80%-і, 2-ші жыл - реттелген борыш сомасының 60%-і, 3-ші жыл - реттелген борыш сомасының 40%-і, 4-ші жыл - реттелген борыш сомасының 20%-і, 5-ші жыл - реттелген борыш сомасының 0%-і. Реттелген борыш деп сонымен қатар, егер мұндай өтеу Ұлттық Банктiң қорытындысына сәйкес банктiң қаржылық жағдайын нашарлатуға және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының талаптарын бұзуға әкелiп соқтырмайтын жағдайларда заемшының бастамасы бойынша заемды мерзiмiнен бұрын (толық немесе, iшiнара) өтеу мүмкiндiгi шартта көзделген болса, 3) тармақшаны қоспағанда, осы тармақтың талаптарына сәйкес келетiн банктiң Еуропалық Қайта құру және Даму Банкiнен немесе Азия Даму Банкінен не Халықаралық Қаржы Корпорациясынан тартылған заемы танылады. 7. Банктің меншікті капиталының жеткілікті болуы екі коэффициентпен сипатталады: бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы және екінші деңгейдегі капитал бөлігіндегі меншікті капиталдың есебіне кіретін бірінші деңгейдегі капиталдың үлес шегінде алынған банк инвестицияларын шығарып тастағандағы бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы бірінші деңгейдегі капитал үлесі шегінде алынған және екінші деңгейдегі капитал бөлігіндегі меншікті капиталдың есебіне кіретін банктің инвестициялар сомасына азайтылған банк активтерінің мөлшеріне қатысы (k1); меншікті капиталдың тәуекел дәрежесі бойынша салыстырылған, арнайы резервтер (провизиялар) сомасына азайтылған активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің сомасына, сондай-ақ екінші деңгейдегі капитал есебіне кіргізілмеген қалыптастырылған жалпы резервтерге (провизияларға) және банктің меншікті капиталының есебіне кіргізілмеген екінші деңгейдегі капитал бөлігіне қатысы (k2). 8. Банктің меншікті капиталының жеткілікті болу коэффициентінің мәні k1 0,06-дан кем болмауы тиіс. 9. Банктің меншікті капиталының жеткілікті болу коэффициентінің мәні k2 0,12-ден кем болмауы тиіс. Тәуекел дәрежесі бойынша салыстырылған активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебі осы Ереженің N 1 және N 2 қосымшаларына сәйкес жүргізіледі. Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін (k1, k2) есептеу кезінде активтердің және салымдар тәуекелінің дәрежелері бойынша салыстырылған активтердің мөлшерінен банк кастодиандық шарт негізінде сақтауға қабылдаған қаражаттың инвестицияланбаған қалдығы алынып тасталады. 3-тарау. Бір заемшыға арналған ең көп тәуекел мөлшері 10. "Бір заемшы" деген терминді банк қойған талабы бар немесе банк заемшы үшін үшінші тұлғаның пайдасына немесе заемшы алдында өзіне міндеттеме қабылдаған ағымдағы және соңғы екі ай ішінде не белгісіз мерзімде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негіздер немесе жасалған шарттар бойынша кредиттік тәуекелі бар талаптар пайда болуы ықтимал әрбір жеке немесе заңды тұлға деп түсіну қажет. Мынадай жағдайлардың бірі болған кезде екі немесе одан көп борышкерлерден тұратын топтар үшін тәуекел мөлшері: 1) борышкерлердің біреуі басқа борышкердің ірі қатысушысы (акционерлік қоғамда, жауапкершілігі шектеулі серіктестікте немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестікте ірі қатысушы; коммандиттік серіктестікте толық серіктес; толық серіктестікте қатысушы), аффилиирленген тұлғасы, жақын туысы (ата-анасы, баласы, асырап алушысы, асырап алынғаны, бірге туған немесе бірге тумаған аға-інісі немесе апа-сіңлісі, қарындасы, атасы, әжесі, немересі), жұбайы/зайыбы, жұбайының/зайыбының жақын туысы, бірінші басшысы, не басқа борышкермен мәміле жасауға мүдделі тұлға болып табылса; 2) бір борышкердің ірі қатысушысы, аффилиирленген тұлғасы, жақын туысы, жұбайы/зайыбы, жұбайының/зайыбының жақын туысы немесе бірінші басшысы не бір борышкермен мәміле жасауға мүдделі тұлғасы басқа борышкердің ірі қатысушысы, аффилиирленген тұлғасы, жақын туысы, жұбайы/зайыбы, жұбайының/зайыбының жақын туысы немесе бірінші басшысы не бір борышкермен мәміле жасауға мүдделі тұлғасы болып табылса; 3) бір борышкердің ірі қатысушысы, аффилиирленген тұлғасы, жақын туысы, жұбайы/зайыбы, жұбайының/зайыбының жақын туысы немесе бірінші басшысы не бір борышкермен мәміле жасауға мүдделі тұлғасы ірі қатысушының, аффилиирленген тұлғаның, жақын туысының, жұбайының/зайыбының, жұбайының/зайыбының жақын туысының немесе бірінші басшысының не бір борышкермен мәміле жасауға мүдделі тұлғасының ірі қатысушысы, аффилиирленген тұлғасы, жақын туысы, жұбайы/зайыбы, жұбайының/зайыбының жақын туысы немесе бірінші басшысы не бір борышкермен мәміле жасауға мүдделі тұлғасы болып табылса; 4) ірі қатысушының, аффилиирленген тұлғаның, жақын туысының, жұбайының/зайыбының, жұбайының/зайыбының жақын туысының немесе бірінші басшысының не бір борышкермен мәміле жасауға мүдделі тұлғасының ірі қатысушысы, аффилиирленген тұлғасы, жақын туысы, жұбайы/зайыбы, жұбайының/зайыбының жақын туысы немесе бірінші басшысы не бір борышкермен мәміле жасауға мүдделі тұлғасы басқа борышкердің ірі қатысушысы, аффилиирленген тұлғасы, жақын туысы, жұбайы/зайыбы, жұбайының/зайыбының жақын туысы немесе бірінші басшысы не басқа борышкермен мәміле жасауға мүдделі тұлғасы болып табылса; 5) борышкерлердің біреуі берген борышкердің меншікті капиталынан асатын мөлшердегі, банктен өзі қарызға алған ақшаны басқа біреудің пайдалануына бергенін растайтын жеткілікті негіз болса; 6) егер банктің осы борышкерлерінің жиынтық меншікті капиталынан асатын мөлшердегі банктен алған қаражатты борышкерлер бірігіп немесе жеке-жеке банктің борышкері болып табылмайтын сол бір үшінші тұлғаға пайдалануға бергенін растайтын жеткілікті негіздеме болғанда; 7) борышкерлер борышкерлердің біреуі (Қазақстан Республикасының банктерін қоспағанда) басқа борышкердің міндеттемелері бойынша оның активтерінің он процентінен асатын сомада бірлескен не субсидиарлық жауапкершілік атқаратындай түрде байланысты болса; 8) бір борышкердің лауазымды тұлғасы банктің басқа борышкерлерінің қызметінде қаржылық мүдделілігі болса; 9) борышкерлер бірлескен қызмет туралы шартпен не бірлескен қызмет туралы шарттың белгілері бар өзге де құжаттармен өзара байланысты болса; 10) борышкерлер Ұлттық Банк Басқармасы белгілеген оффшорлық аймақ тізбесіне кіргізілмеген не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы оффшорлық аймақ тізбесіне жатқызбаған аумақтарда тіркелген немесе тұрақты тұратын, ақпарат алмасу бойынша міндеттемелер қабылдамаған немесе аталған оффшорлық аймақтардың аумағында тіркелген заңды тұлғалардың еншілес ұйымдары болып табылса не аталған оффшорлық аймақтарда тіркелген не тұрақты тұратын ірі қатысушылары, аффилиирленген тұлғалары, жақын туыстары, бірінші басшылары не осы борышкерлермен мәміле жасауға мүдделі тұлғалары бар болғанда; 11) борышкерлер Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген басқа негіздер бойынша өзара байланысты болса, бір заемшыға есептелгендей жиынтық есептеледі. 11. Егер мемлекет (уәкілетті орган арқылы) екі және одан көп заңды тұлғалардың ірі қатысушысы болып табылса, егер басқа ірі қатысушылары болмаса, сондай-ақ осы Ереженің 10-тармағында белгіленген заемшылардың осы тобына қатысты тәуекел мөлшері бір заемшыға арналған тәуекел мөлшері сияқты жиынтығында есептеу қажет болатын жағдайлар болғанда, мұндай топқа қатысты тәуекел мөлшері бір заемшыға арналған тәуекел мөлшері сияқты есептелмейді. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.03.03 ж. N 97 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді 12. Бір заемшының (Р), оның ішінде банктің тәуекел мөлшері: 1) банктің заемшыға банк балансында есептелетін талаптары; 2) ағымдағы жылдың алдындағы соңғы бес жыл ішінде банктің балансынан есептен шығарылған банктің заемшыға талаптары; 3) ағымдағы және соңғы екі ай ішінде не белгісіз мерзімде пайда болуы мүмкін, осы міндеттемелер бойынша банк заемшы үшін үшінші тұлғаның пайдасына немесе заемшы алдында өзіне міндеттеме қабылдаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негіздер немесе жасалған шарттар бойынша талаптар сомасы ретінде есептеледі; 4) заемшының мыналар түріндегі міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомасын шығарып тастағанда: осы міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде банктің басқаруына берілген депозиттегі ақша; Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары; аффинирленген қымбат металдар; Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктері; Standard & Poor's агенттігінің "А" деңгейінен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар басқа банктердің кепілдіктері. "Standart&Poor`s" агенттігінің "ВВВ" рейтингінен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар бас банктердің кепілдіктері немесе Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің еншілес банктері үшін - халықаралық рейтинг агенттіктері ретінде танылған басқа да рейтинг ұйымдарының біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі. Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Ұлттық Банкке талаптар және Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ" деңгейінен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар банктерге ашылған корреспонденттік есепшоттар және "овернайт" заемдары бойынша талаптар есеп айырысуға кіргізілмейді. 13. Оның міндеттемелері бойынша бір заемшыға банк тәуекелі мөлшерінің банктің меншікті капиталына қатысы: банкпен ерекше қарым-қатынастағы байланысты тұлғалар болып табылатын заемшылар үшін (k3.1), - 0,10. Банкпен ерекше қарым-қатынастағы байланысты заемшылар бойынша тәуекелдердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының мөлшерінен аспауы тиіс; басқа заемшылар үшін (k3) - 0,25 (оның ішінде заемшы алдындағы шартты міндеттемелермен қамтамасыз етілмеген не заемшыға ағымдағы және соңғы екі ай ішінде банктің талабы пайда болуы мүмкін үшінші тұлғаның пайдасына заемшы үшін банктік заемдар бойынша, сондай-ақ Standard & Poor's агенттігінің рейтингі немесе Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен кемінде бір тармақ төмен басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттеріне және Standard & Poor's агенттігінің "А" деңгейінен төмен емес рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің тиісті деңгейдегі рейтингі бар резидент еместерге талаптарды қоспағанда оффшорлық аймақтың аумағында тіркелген немесе тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының резидент еместерінің міндеттемелері бойынша). 14. Банктің заемшыға талаптары пайда болған күнгі жалпы көлемі осы Ережеде белгіленген шектеулер шегінде болған жағдайларда, бірақ кейіннен соңғы үш айдың ішінде банктің меншікті капиталының деңгейі бес проценттен аспайтын мөлшерде төмендеуіне байланысты не соңғы үш айдың ішінде заемшыға талап көрсетілген шетелдік валютаға теңгенің орташа алынған биржалық бағамы он проценттен астам өсуінен банктің заемшыға талабының өсуіне байланысты көрсетілген шектеулерден асып кетсе, бір заемшыға арналған ең көп мөлшердегі тәуекел нормативі орындалған болып есептеледі. Сонымен қатар банк шектеулерден асып кету фактісі туралы дереу Ұлттық Банкке хабарлауы және асып кетуді ағымдағы және кейінгі айларда жою жөнінде міндеттемелер қабылдауы тиіс. Егер осындай асып кету көрсетілген мерзімде жойылмаса, бір заемшыға арналған ең көп мөлшердегі тәуекел нормативінен асып кету көрсетілген асып кету анықталған күннен бастап осы норматив бұзылған болып қаралады. 4-тарау. Өтімділік коэффициенті 15. Өтімділік екі коэффициентпен сипатталады: банктің ағымдағы өтімділік коэффициентімен (k4); банктің қысқа мерзімді өтімділік коэффициентімен (k5). Банктің ағымдағы өтімділік коэффициентінің және қысқа мерзімді өтімділік коэффициентінің ең аз мәнін Ұлттық Банктің Басқармасы белгілейді. 16. Банктердің ағымдағы өтімділік коэффициенті өтімділігі жоғары активтердің орташа айлық мөлшерінің талап ету бойынша міндеттемелердің орташа айлық мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі. 17. Өтімділігі жоғары активтердің есебіне: 1) қолма-қол ақша; 2) аффинирленген қымбат металдар; 3) кері сатып алу шарттарымен банк сатқан бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, "Қазақстан ипотекалық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |