|
|
|
Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-ІІ Заңы Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Осы Заң электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған, құқықтық қатынастардың орнатылуын, өзгертілуін немесе тоқтатылуын көздейтін электрондық құжаттарды жасау және пайдалану кезінде туындайтын қатынастарды, сондай-ақ азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауды қоса алғанда, құқықтық қатынастарға қатысушылардың электрондық құжаттар айналымы саласында туындайтын құқықтары мен міндеттерін реттеуге бағытталған. 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Занда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электроңдық құжаттын дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлык нышандар терімі; 2) электрондық құжат - өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда табыс етілген және электрондық цифрлық колтаңба арқылы куәландырылған құжат; 3) тіркеу куәлігінің иесі - өз атына тіркеу куәлігі берілген, тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес жабық кілтті заңды түрде иеленетін жеке немесе занды тұлға; 4) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті - тіркеу куәлігінің иесіне белгілі және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электрондық, цифрлық нышандар дәйектілігі; 5) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті - кез келген тұлғаның қолы жететін және электрондық құжаттағы электрондық цифрлық қолтанбаның түпнұсқалығын растауға арналған электроңдық цифрлық нышандар дәйектілігі; 6) қол қоюшы тұлға - электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін заңды түрде иеленетін және оны электрондық құжатта пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға; 7) тіркеу куәлігі - куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін беретін қағаздағы құжат немесе электрондық кұжат; 8) электрондық құжат айналымы жүйесі -қатысушылары арасындағы қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құкықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі; 9) электрондық цифрлык қолтаңба құралдары - электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның түпнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы; 10) куәландырушы орталық - электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растайтын заңды тұлға; 11) уәкілетті орган - ақпараттандыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 12) электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы - электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздестіру және тарату процестеріне қатысатын жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе лауазымды адам; 13) электрондық құжат айналымының корпорациялық жүйесі- электрондық құжат айналымының жүйесі, оған ұйымдардың немесе пайданушылардың ведомстволық,функционалдық немесе өзге де ақпараттық қатынастарымен айқындалатын шектеулі ортасы қатысушылар бола алады 2-бап. Қазакстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлык қолтаңба туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады. 3-бап. Шетелдік тіркеу куәлігін пайдалану мен шетелдік жеке және заңды тұлғалар қатысатын электрондық құжаттарды алмасу 1. Егер тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, куәландырушы орталық пен шетелдік тіркеу куәлігі иесінің арасыңда туындайтын құқықтық қатынастарды реттеу кезінде тіркеу куәлігі берілген мемлекеттің құқығы қолданылады. 2. Егер тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, шетелдік жеке және заңды тұлғалар қатысатын электрондық құжаттарды алмасу кезінде Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады. 4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу мен орындауды ұйымдастырады; 2) Қазақстан Республикасының электроңдық құжат жоне электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарынын сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді; 3) мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының тәртібі мен талаптарын белгілейді; 4) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы уәкілетті органның функцияларын белгілейді; 5) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген өзге де функцияларды орындайды. 5-бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган: 1) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік саясаттын негізгі бағыттарын іске асырады; 2) Қазақстан Республикасының электроңдық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді; 3) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек керсетеді; 4) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарының сақталуын бақылауды жұзеге асырады; 5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға жататын қызмет түріне өз құзыреті шегінде лицензия береді; 6) Куәландырушы орталықтың үлгі ережесін әзірлеп, бекітеді; 7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де функцияларды орындайды. 2-тарау. Электрондық қужат 6-бап. Электрондық құжат айналымының принциптері Электрондық құжат айналымы: 1) электрондық құжат айналымының әр тұрлі жүйелерінің жұмыс істеуі; 2) деректер жасау, өндеу, сақтау және беру үшін ақпараттық технологиялар қолданылатын қызметтің кез келген салаларында электрондық құжаттарды пайдалану; 3) кез келген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық құжаттарды беру принциптері негізінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде жүзеге асырылады. 7-бап. Электрондық құжат айналымының тәртібі 1. Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін электрондық кұжат қағаздағы құжатқа тең. 2. Электрондық құжат айналымының тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді. 3. Мемлекеттік орган қатысатын электрондық құжат айналымы кезінде тиісті мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы танылады. 4. Электрондық құжатта бір немесе бірнеше электрондық цифрлық қолтаңба болуы мүмкін. 5. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар электрондық құжаттарды пайдалану, қорғау, тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді. 6. Нотариаттық куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді қажет етпейтін кез келген шарттар электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар пайдаланыла отырып жасалуы мүмкін. 8-бап. Электрондық құжаттарды сақтау Электрондық құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде сақталады. 9-бап. Электрондық кұжат айналымы жүйесіне қатысушының құқықтары мен міндеттері 1. Электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы: 1) куәландырушы орталық тіркеген электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау үшін осы куәлаңдырушы орталыққа жүгінуге; 2) бірнеше куәландырушы орталықтың қызмет көрсетуін пайдалануға құқылы. 2. Электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы: 1) белгіленген электрондық құжат айналымы ережелерін сақтауға; 2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндеттерді орындауға міндетті. 3-тарау. Электрондық цифрлық қолтаңба 10-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану 1. Электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның өзі қойған қолымен тең және мынадай шарттар орыңдалған кезде: 1) тіркеу куәлігі бар ашық кілттің көмегімен электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығы куәландырылғанда; 2) электрондық құжатқа қол қойған тұлға электрондық цифрлық қолтаңбаның жабык, кілтіне заңды түрде иелік еткеңде; 3) электрондық цифрлык колтаңба тіркеу куәлігінде аталған мәліметтерге сәйкес пайдаланылғанда, бірдей заңдық салдарларға әкеп соғады. 2. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттері оларды заңды негіздерде иеленетін тұлғалардың меншігі болып табылады. Тұлғада электрондық цифрлық қолтаңбаның саны шектеусіз жабық кілттері болуы мүмкін.Электрондық цифрлық қолтанбаның жабық кілттерін осы кілттер иелерінің келісімінсіз басқа тұлғаларға беруге болмайды. 3. Қол қоюшы тұлға электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалануға өкілеттікті өз өкіліне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес беруге құқылы. 11-бап. Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен сертификатталуға тиіс. 12-бап. Электрондық құжат айналымы жүйесіңдегі электроңдық цифрлық қолтаңба 1. Электрондық цифрлық қолтаңбаны мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің өкілеттігі шегінде өздері шығаратын электрондық құжаттарды куәландыру кезінде пайдалана алады. 2. Электрондық құжат айналымының мемлекеттік емес және корпорациялық жүйелерінде электрондық цифрлық қолтаңба Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген тәртіппен пайдаланылады. 13-бап. Шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаны тану Шетелдік тіркеу куәлігі бар шетелдік электрондық цифрлық қолтаңба Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес немесе тіркеу куәліктерінің тіркеліміне енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының аумағында электрондық цифрлық қолтаңба деп танылады. 4-тарау. Тіркеу куәлігі 14-бап. Тіркеу куәлігін беру Тіркеу куәлігін беру тәртібін уәкілетті орган белгілейді және ол куәландырушы орталык пен электрондық құжат айналымы жүйесінің қатысушылары үшін міндетті болып табылады. 15-бап. Тіркеу куәлігінің мазмұны 1. Тіркеу куәлігінде мынадай мәліметтер: 1) тіркеу куәлігінің нөмірі мен оның қолданылу мерзімі; 2) электрондық цифрлық қолтаңбанын иесін бірдейлендіруге мүмкіндік беретін деректер; 3) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті; 4) электроңдық цифрлық қолтаңбаның тиісті жабық кілтін жасау үшін пайдаланылатын электроңдық цифрлық колтаңба құралдары туралы деректер; 5) электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану салалары мен оны қолдануды шектеу туралы ақпарат; 6) тиісті куәландырушы орталықтың реквизиттері болуға тиіс. 2. Куәландырушы орталық электрондық құжат айналымы үшін қажетті қосымша ақпаратты электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушымен келісе отырып, тіркеу куәлігіне енгізе алады. 16-бап. Тіркеу куәліктерін қуәлаңдырушы орталықтарда сақтау тәртібі мен мерзімі 1. Тіркеу куәліктерінің көшірмелері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті куәландырушы орталықтарда сақталады. 2. Кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерін куәландырушы орталықтарда сақтау мерзімі -кемінде бес жыл. 3. Кері қайтарып алынған тіркеу куәліктері осы баптың 2-тармағында аталған мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұрағаттық сақтауға түседі. 17-бап. Тіркеу куәлігі иесінің құқықтары мен міндеттері 1. Егер тіркеу куәлігінің иесі тіркеу куәлігінде аталған ашық кілтке сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне қол жеткізу режимі бұзылады деп санаса, ол уәкілетті органнан тіркеу куәлігін кері қайтарып алуды талап етуге құқылы. 2. Тіркеу куәлігінің иесі: 1) куәландырушы орталыққа дұрыс ақпарат беруге; 2) тіркеу куәлігінде аталған ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті пайдалануға; 3) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті туралы ақпаратты заңсыз таратуға жол бермеуге; 4) электрондық цифрлық қолтаңбаның өздеріне тиесілі жабық кілтін заңсыз қол жеткізу мен пайдаланудан қорғау үшін шаралар қолдануға, сондай-ақ ашық кілттерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сақтауға міндетті. 18-бап. Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу 1. Тіркеу куәлігін берген куәландырушы орталық оны мынадай жағдайларда: 1) тіркеу куәлігі иесінің немесе онын өкілінің талап етуі бойынша; 2) тіркеу куәлігінің иесі қайтыс болғанда; 3) тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталғанда; 4) куәлаңдырушы орталық пен тіркеу куәлігінің иесі арасыңдағы келісімде көзделген жағдайларда; 5) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша кері қайтарып алады. 2. Куәландырушы орталық тіркеу куәлігін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде кері қайтарып алады. 3. Тіркеу куәлігін жою кезінде куәландырушы орталық тіркеу куәлігінің иесін хабардар етуге және тиісті ақпаратты алған кезден бастап кемінде бір күн мерзімде тіркеу куәліктерінің тіркеліміне өзгерістер енгізуге міндетті. 19-бап. Шетелдік тіркеу куәліктерін тану Шетелдік тіркеу куәлігі тіркеу куәліктерінің тіркеліміне тіркеу куәлігі енгізілгеннен кейін, куәландырушы орталық берген Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын тіркеу куәлігімен тең танылады. 5-тарау. Куәландырушы орталық 20-бап. Куәландырушы орталықтың қызметі 1. Куәландырушы орталық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылады. 2. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растау жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензиялануға тиіс. 3. Куәландырушы орталық электрондық құжат айналымының бірнеше жүйесіне қызмет көрсете алады. 21-бап. Куәландырушы орталықтың функциялары 1. Куәландырушы орталық: 1) электрондық цифрлык қолтаңбаның жабық кілттерін заңсыз қол жеткізуден қорғау үшін шаралар қолдана отырып, электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушылардың өтініші бойынша электрондық цифрлық қолтаңбаның кілттерін жасайды; 2) тіркеү күәліктерін береді, тіркейді, кері қайтарып алады, сақтайды,белгіленген тәртіппен берілген тіркеу куәліктерінің тіркелімін жүргізеді; 3) қолданылып жүрген және кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерін есепке алуды жүзеге асырады; 4) куәлаңдырушы орталық Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тіркеген электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігін және жарамдылығын растайды; 5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады 2. Куәлаңдырушы орталық сақтауда тұрған электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілттері жоғалуының, модификациялануының және қолдан жасалуының алдын алу ұшін қажетті барлык шараларды қолдануға міндетті. 3. Куәлаңдырушы орталық осы баптың 2-тармағында көзделген міндетті орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 22-бап. Куәландырушы орталықтың қызметін тоқтату 1. Куәландырушы орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тоқтатылады. 2. Куәландырушы орталық қызметін тоқтатқан жағдайда өз қызметін тоқтатудан отыз күн бұрын өзі қызмет көрсететін электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушылардың бәрін және уәкілетті органды бұл туралы хабардар етуге міндетті. 3. Куәландырушы орталықтың қызметін токтату кезінде ол берген тіркеу куәліктері мен электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті кілттері, тіркеу куәліктерінін иелері туралы мәліметтер тіркеу куәлігінің иесімен келісіле отырып, басқа куәландырушы орталықтарға беріледі. 4. Осы баптың 2-тармағында аталған мерзім өткеннен кейін басқа куәландырушы орталықтарға берілмеген тіркеу куәліктері мен электрондық цифрлық колтаңбаның тиісті кілттері қолданылуын тоқтатады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақталуға тиіс. 23-бап. Тіркеу куәліктерінің иелері, электрондық цифрлық колтаңбаның жабық және ашық кілттері туралы мәліметтерді қорғау 1. Куәландырушы орталық тіркеу куәліктерінің иелері туралы мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді және оларды Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда ашады. 2. Тараптардың келісіміне сәйкес жасырын болып табылатын тіркеу куәліктерінің иелері туралы мәліметтер тіркеу куәліктерінің жалпы қол жететін тіркеліміне енгізілмейді. 6-тарау. Қорытынды ережелер 24-бап. Қазакстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікте болады. 25-бап. Дауларды қарау Электрондық құжатты және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану кезінде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртібімен қаралуға тиіс. 26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң 2003 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |