|
|
|
Мемлекеттiк органдардың шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексерулер жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 маусымдағы N 572 қаулысы (ҚР Үкіметінің 20.03.04 ж. N 364 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 16.06.04 ж. N 661 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Кәсiпкерлердiң мүдделерiн қорғау мен бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар жүргiзетiн тексерулердi жүргiзудi реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қоса берiліп отырған Мемлекеттiк органдардың шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексерулер жүргiзу ережесi бекiтілсiн. ҚР Үкіметінің 20.03.04 ж. N 364 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн хабардар ету мақсатында жыл сайын бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың толық тiзбесiн мерзiмдi баспа басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсiн. 3. Бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жарты жылдың қорытындылары бойынша 20 қаңтарға және 20 шiлдеге шағын бизнестi қолдау жөнiндегi уәкiлеттi органға мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, тексерiлетiн объектiлерде бұзушылықтардың неғұрлым көп тараған түрлерiн көрсете отырып, жүргiзiлген тексерулер туралы ақпарат берсiн. 4. Бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын орталық, жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) тексерулер жүргiзу тәртiбiн көздейтiн өздерiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiн осы қаулымен бекiтiлетiн Ережеге сәйкес келтірсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 маусымдағы N 572 қаулысымен бекiтiлген Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне мемлекеттiк органдардың тексерулер жүргiзу ережесi 1. Осы Ереже мемлекеттiк органдардың шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексерулер жүргiзу тәртiбiн айқындайды. 2. Осы Ереже, егер заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң кесiмдерiнде, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда және осы Ережеде өзгеше белгiленбесе, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексерулер жүргiзу кезiнде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын барлық мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының орындауы мен қолдануы үшiн бiрыңғай және мiндеттi болып табылады. 3. Осы Ереженiң әрекетi салықтық тексерулерге, жедел-iздестiру қызметiне, атқарушылық iс жүргiзуге, сондай-ақ азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын мiндеттемелердiң орындалуы жөнiндегi тексерулерге қолданылмайды. 1. Жалпы ережелер 4. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғым пайдаланылады: шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн тексеру - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын және орындауын айқындау мақсатында жасалатын бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың (бұдан әрi - бақылаушы органдар) әрекетi. 5. Тексеру түрлерi: 1) жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысы бойынша заңнамада белгiленген уақыт аралықтарын ескере отырып өткiзiлетiн, бақылаушы орган алдын ала жоспарлаған тексеру; 2) рейдтiк - Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген талаптарын шағын кәсiпкерлiк субъектілерінің сақтауы мәселелерi бойынша бақылаушы органдар жүзеге асыратын тексеру; 3) жоспардан тыс - қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және ұлттық қауiпсiздiкке төнген қатердi тезарада жоюды талап ететiн, қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық ахуалға байланысты белгiленетiн, сондай-ақ шағымдарға, жүгiнулерге және өтiнiштерге тезарада әрекет етудi талап ететiн тексеру; 4) қарсы - егер тексерулерді жүргiзу кезiнде бақылаушы органдарда көрсетілген тұлғаларға байланысты қосымша ақпаратты алу қажеттiгi туындайтын жағдайда үшiншi тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн тексеру. 6. Иесi көрсетiлмеген хабарламаларды қоспағанда, шағымдар, өтiнiштер және ресми жүгiнулердiң басқа да нысандары тексерулердi жүргізу үшін негiз болуы мүмкін. 2. Тексерулердi ұйымдастыру және оларды жүргiзу тәртiбi 7. Барлық бақылаушы органдар тексерулердi қатаң өз құзыретiне сәйкес жүргiзуге тиiс. 8. Тексерулер Қазақстан Республикасының "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы, "Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы" 1992 жылғы 4 шiлдедегi, "Жеке кәсiпкерлiк туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық кесiмдерiне сәйкес жүзеге асырылады. 9. Тексерулердi белгiлеу туралы берiлетiн актiлерде көрсетiлетiн тексерулер жүргiзудің мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленгеннен басқа жағдайларда 30 күнтізбелік күннен аспауы тиiс. 10. Бақылаушы орган 2 аптадан кешiктiрмей тексерілуге тиiс шағын кәсiпкерлік субъектiсiн жоспарлы тексерудiң басталғандығы туралы хабардар етуге мiндеттi. 11. Бақылаушы органның шағын кәсіпкерлік субъектiсiне құжаттарды ұсыну туралы талаптарын тапсыру мен сұрау салынатын құжаттар іс жүзiнде ұсынылған сәттер арасындағы уақыт кезеңдерiнде тексеру жүргiзу мерзiмiн есептеу тоқтатыла тұрады. 12. Тексеру мерзiмдерi ұзартылған жағдайда бақылаушы орган мiндеттi түрде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөнiндегi комитетiнде немесе оның аумақтық органдарында тiркелген тексерудi белгiлеу туралы бұрынғы актiнiң тiркеу нөмiрi мен күнi және ұзарту себебi көрсетілетiн тексерудi ұзарту туралы қосымша акт ресiмдейдi. 13. Аумақтық мемлекеттiк органдар өздерiне қатысты тексеру жүргiзген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi орталық мемлекеттiк органдар тарапынан тексеруге ұшырамайды. 14. Объектiге тексеру үшiн келген бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары мынадай құжаттарды: 1) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөнiндегi комитетiнде немесе оның аумақтық органдарында тiркелгенi туралы белгiсi бар, осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған тексерудi белгілеу туралы актiнi; 2) қызмет куәлiгiн; 3) қажет болған кезде режимдi объектiлерге кiруге құзыретті органның рұқсатын; 4) бақылаушы органның басшысы бекiткен тексеру жоспарын көрсетуге мiндеттi. 15. Тексерiлетiн шағын кәсіпкерлік субъектiсiне тексерудi белгiлеу туралы актiнi тапсыру сәтi тексеру жүргiзудiң басталуы болып саналады. 16. Тексерудi белгiлеу туралы актіде осы орган немесе оның орталық мемлекеттiк органы өткен жыл iшiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне жүргiзген тексерулер туралы мәлiметтер көрсетілуi тиiс. 17. Тексерудi белгiлеу туралы актiнi көрсеткен кезде тексерiлетiн шағын кәсіпкерлік субъектісi: 1) тексерудi жүзеге асыратын бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларына тексеру актiлерiн есепке алу кiтабын ұсынады; 2) тексерудi жүзеге асыратын бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларын тексерудiң мән-жайына жататын барлық қажеттi материалдармен қамтамасыз етедi; 3) қажет болған кезде тексерудi жүзеге асыратын бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларына тексерудiң мән-жайына жататын мәселелер бойынша түсiндiрме бередi; 4) тексерудi жүзеге асыратын бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларының өзге де заңды талаптарын орындайды. 18. Тексерудi белгiлеу туралы актіні қабылдаудан бас тартқан немесе тексеруге қажеттi материалдарға тексерудi жүзеге асыратын бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларының қол жеткiзуiне кедергi болған жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға тексерудi жүзеге асыратын бақылаушы органның лауазымды тұлғасы және тексерiлетiн шағын кәсіпкерлік субъектiсiнiң уәкілетті тұлғасы қол қояды. Тексерiлетiн шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң уәкiлеттi тұлғасы бас тарту себебi туралы жазбаша түсiндiрме берiп, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексерудi белгiлеу туралы актiнi алудан бас тарту тексерудi доғару үшiн негiз болып табылмайды. 19. Бақылаушы органдар осы Ереженiң 3-тармағында көзделген әрекеттердi қоспағанда, зерттеу үшiн сынамалар мен үлгiлердi бақылауға сатып алу мен iрiктеудi жүзеге асыруға құқығы жоқ. 20. Тексеру аяқталғаннан кейiн: 1) тексеру жүргiзу орны, актiнiң жасалған күнi; 2) тексеру түрi; 3) тексеру жүргiзген бақылаушы органдар тұлғаларының тегi, аты, әкесiнiң аты, лауазымдары; 4) тексеру объектiсi (тексерiлетiн шағын кәсіпкерлік субъектiсiнiң атауы); 5) тексерудi белгiлеу туралы актiнiң деректемелерi; 6) алдыңғы тексеру туралы мәлiметтер және Қазақстан Республикасы заңнамасының бұрын анықталған бұзушылықтарын жою жөнiнде қабылданған шаралар; 7) тексеру нәтижелерi; 8) анықталған бұзушылықтарды жою жөнiндегi ұсынымдар; 9) тексерiлетiн шағын кәсіпкерлік субъектiсiнiң тексеру нәтижелерiне шағым жасау құқықтары және апелляция беру мерзiмi; 10) тексеру жүргiзген бақылаушы органдар тұлғаларының қолдары көрсетіле отырып, тексеру актiсi жасалады. 21. Тексерiлетiн шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне тексерудi белгілеу туралы актiде көрсетiлген тексерудiң аяқталу мерзiмiнен кешiктiрмей тексеру актiсiн тапсырған күн тексеру мерзiмiнiң аяқталуы болып саналады. 22. Тексеру нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру актiсiнде тиiстi жазба жүргiзiледi. 23. Тексеру актiсi екi данада жасалады және тексерудi жүргiзген бақылаушы органның (органдардың) лауазымды тұлғасы (тұлғалары) және тексерiлетiн шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң уәкілеттi тұлғасы қол қояды. Бiр данасы тексерiлетiн шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне тапсырылады. 24. Тексеру барысында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, (заңнаманың нақты нормаларына сiлтеме жасала отырып) оларды жою жөнiнде шаралар ұсынылады. 25. Жүргiзiлген тексеру және оның нәтижелерi туралы ақпарат тексеру актiлерiн есепке алу кiтабына енгiзiледi. 3. Тексерулер жүргiзу кезiндегi шектеулер 26. Тексерiлетiн шағын кәсiпкерлiк субъектiсi тексеру жүргiзiлетiн аумаққа немесе үй-жайға бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларын мынадай жағдайларда кіргiзбеуі мүмкiн, егер: 1) тексеру адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн бұзушылықтарды болдырмау жөнiнде шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігінен туындаған ерекше жағдайлардан басқа, тексерудi белгілеу туралы акт жоқ не ол белгiленген тәртiппен ресiмделмеген болса, сондай-ақ бұзушылықтар оларды тiкелей жасау сәтiнде байқалған және айғақтарды бекiту үшiн кезек күттiрмейтiн iс-қимылдар жасау қажет жағдайда (тексерулердi белгiлеу туралы актiлер Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөнiндегi комитетiнде келесi жұмыс күнi iшiнде ұсынылады); 2) тексерудi белгiлеу туралы актiде көрсетiлген тексеру мерзiмдерi басталмаса немесе өтiп кетсе; 3) тексерудi белгiлеу туралы актiде бақылаушы органның лауазымдық тұлғалары көрсетiлмесе. Мемлекеттiк органдардың заңсыз әрекеттерiне тексерiлетiн шағын кәсiпкерлiк субъектiсi заңнамада белгіленген тәртiппен шағымдана алады. 27. Тексерудi жүзеге асыратын бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларына тексерудiң мән-жайына қатысы жоқ талаптар қоюға және өтiнiшпен жүгiнуге тыйым салынады. 28. Тексерудi жүзеге асыратын бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары тексерiлетiн шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнен бөлек үй-жай, ұйымдастыру техникасын және автокөлiк беруiн талап етуге құқығы жоқ. 29. Тексерулер жүргiзу кезiндегi бақылаушы органдар лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілiкке әкеп соқтырады. Шағын кәсіпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне мемлекеттiк органдардың тексерулер жүргiзу ережесiне қосымша (алдыңғы бетi) Шағын кәсіпкерлік субъектiсiнiң қызметiне тексерiс белгiлеу туралы акт коды ___________________ Тiркеу N ________________________ ________________________________________________________________ (мемлекеттік бақылаушы органның атауы) ________________________________________________________________ (Аты-жөнi, лауазымы, куәлiк N) CTTH ________________________________________________________________ (тексерiлетiн субъектiнiң атауы, мекен-жайы) _____________________________________________________ мақсатында _______________________________________________________ негiзiнде _______________________________________________________ мерзiмiнде ______________________________________ тексеру жүргiзудi тапсырады (тексеру тексерiс түрi) Басшы _______________________ аты-жөні __________________________ (лауазымы) (қолы) M.O. 200 жылғы "___"___________ ------------------------------------------------------------------- (қию сызығы) Тексерудi белгiлеу туралы актiге қима талон код ______________________ Тiркеу N _____________________ ________________________________________________________________ (Мемлекеттiк бақылаушы орган) ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ (Аты-жөнi, лауазымы, куәлiк N) ________________________________________________________________ (тексерiлетін шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң атауы, мекен-жайы) ______________ CTTH ____________________________________________ _____________________________________________ тексеру өткiзілдi. (тексеру, тексерiс түрi) өткiзу мерзiмi 200_ жылғы "__"________ - 200__ жылғы "__"_______ Мынадай ________________________________________________________ ______________________________________________________ анықталды (құқықтық кесiмнің тармақтарына, баптарына, нормаларына сiлтеме жасап, заң бұзушылықтың сипаттамасы) Тексеру нәтижелерi _____________________________________________ ________________________________________________________________ _______________________________________________ жазылды (жасалды) (актiлер, нұсқамалар, хаттамалар, анықтамалар) _______________________________ Аты-жөнi ______________________ (Тексерушiнiң қолы, күнi) (артқы бетi) ----------------------------------------------------------------- (қию сызығы) N ____ тексерудi белгiлеу туралы актiге қима талон Тексерiлетiн шағын кәсiпкерлiк субъектiнiң басшысы (өкілі) _________________________________________________________________ (Аты-жөнi, телефоны) Жүргiзiлген тексеру бойынша ескертулер мен ұсыныстар ____________ _________________________________________________________________ тексеру жүргiзудің iс жүзiндегi мерзiмi 200__ жылғы "___"___________ - "__"__________ ____________________________ Аты-жөнi _____________________ (Тексерушінің қолы, күнi)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |