|
|
|
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi "Еңбек-Астана" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Еңбек-Көкшетау" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 14 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi "Еңбек-Астана" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Еңбек-Көкшетау" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны оны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi "Еңбек-Көкшетау" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Құрылатын кәсiпорынның мемлекеттiк басқару органы болып Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi белгiленсiн. 3. Құрылатын кәсiпорын қызметiнiң мәнi мен мақсаты қылмыстық-атқару жүйесi саласындағы өндiрiстiк қызметті түзеу мекемелерiндегі бас бостандығынан айыруға сотталғандарды еңбекке тарта отырып жүзеге асыру деп белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) құрылатын кәсiпорын жарғысының бекiтiлуiн және әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізiлсiн: 1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" деген бөлiмiнiң "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi" деген бөлiмшесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 106-22-жолмен толықтырылсын: "106-22. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Көкшетау қаласы Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi "Еңбек-Көкшетау" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында)"; 2) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 590-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 1-19-жолмен толықтырылсын: "1-19. "Еңбек-Көкшетау" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсiпорны". 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |