|
|
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде қайта құру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2001 ж. 3 наурыздағы N 54 қаулысы (ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.12.02 ж. N 525 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бұрынғы ред. қара "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126-II Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы қаулы етеді: 1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде қайта құру ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн. 2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.): 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде қайта құру ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 2) осы қаулы және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде қайта құру ережесi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г. Марченкоға жүктелсін. Ұлттық Банк
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы N 54 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде қайта құру ережесi Осы Ереже "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126-II Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң ) және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды қайта құру тәртiбiн реттейтiн басқа нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрленген және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (бұдан әрi - сақтандыру ұйымы) ерiктi түрде қайта құру ерекшелiктерiн белгiлейдi. 1. Сақтандыру ұйымын ерiктi түрде қайта құру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның (бұдан әрi - уәкiлеттi сақтандыру органы) рұқсаты болса, акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша жүзеге асырылады. 2. Сақтандыру ұйымын ерiктi түрде қайта құруға рұқсат алуға арналған өтiнiш (бұдан әрi - сақтандыру ұйымының өтiнiшi) осы Ережеде келтiрiлген нысан бойынша жасалады және уәкiлеттi мемлекеттiк органға берiледi. 3. Сақтандыру ұйымының өтiнiшiне мынадай құжаттар: 1) сақтандыру ұйымының уәкiлеттi органының өтпелi кезеңде сақтандыру ұйымының қызметiн басқару тәртiбi келтiрiлген ерiктi түрде қайта құру туралы шешiмi; 2) осы Ереженiң тиiстi талаптарына сәйкес келетiн ерiктi түрде қайта құру жөнiндегi iс-шаралар жоспары; 3) осы Ереженiң тиiстi талаптарына сәйкес келетiн және сақтандыру ұйымы акционерлерiнiң жалпы жиналысында бекiтiлген сақтандыру ұйымдарының болжамдық (есептiк) балансымен қоса, ерiктi түрде қайта құру зардаптарына қаржы болжамдары қоса берiлуi тиiс. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.12.02 ж. N 525 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара) 4. Сақтандыру ұйымының қайта құру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына: 1) сақтандыру ұйымын ерікті түрде қайта құру мерзімі; 2) қайта құру туралы сақтанушылар мен өзге де кредиторларға хабарлау тәртiбi; 3) ерікті түрде қайта құрылатын сақтандыру ұйымының сақтанушылар және өзге де кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындау мөлшері және мерзімі, сондай-ақ тәртібі; 4) сақтандыру ұйымы беретiн алдағы болатын қайта құрудың ерекшелiктерiн бейнелейтiн басқа да ақпарат кiредi. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.12.02 ж. N 525 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді, толықтырылды (бұрынғы ред. қара) 5. Өз еркiмен қайта құрудың зардаптарына жасалған қаржы болжамдарында мынадай деректер болуы тиiс: 1) жоспарланған ерiктi түрде қайта құруға экономикалық негiздеме; 2) сақтандыру ұйымын (ұйымдарын) қайта құру нәтижесiнде жасалатын болжамдық (есептiк) баланс; 3) нақты сақтандыру кластарын (түрлерін) көрсете отырып, сақтандыру сыйлықақыларының, сақтандыру резервтерінің жоспарланып отырған көлемінің экономикалық негізделген есебі. Сақтандыру ұйымы ерікті түрде қайта құрылу нәтижесінде жасалған болжау (есептік) баланс Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1915 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 209 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық есебінің тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша ұсынылады. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.12.02 ж. N 525 қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды 5-1. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығы жоқ заңды тұлға болып ерікті түрде қайта құрылған жағдайда өтінішке: 1) осы Ереженің 3-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген құжаттар; 2) сақтандыру ұйымының уәкілетті органы ерікті түрде қайта құру туралы шешім қабылдаған күнгі жай-күйі бойынша бұрынғы жасалған сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелердің болуын (жоқ екендігін) растайтын аудиторлық қорытынды; 3) қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары болған кезде - өзге сақтандыру ұйымының ерікті түрде қайта құрылатын сақтандыру ұйымының қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерін қабылдау ниеті туралы, қабылданатын міндеттемелер көлемін көрсете отырып жасалған жазбаша растау. 6. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымының өтiнiшiн сақтандыру ұйымын ерiктi түрде қайта құруға арналған құжаттардың толық топтамасы түскен күннен бастап бiр айдың iшiнде қарауы тиiс. 7. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымы берген құжаттар топтамасын қарау нәтижелерi бойынша осы Ережеде белгiленген мерзiмде сақтандыру ұйымын ерiктi түрде қайта құруға арналған құжаттардың толық топтамасын беруге рұқсат беру туралы және рұқсат беруден бас тарту жөнiнде шешiм қабылдайды. 8. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган Заңның 63-бабында көзделген негiздемелер бойынша сақтандыру ұйымын ерiктi түрде қайта құруға рұқсат беруден бас тартады. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өтiнiш берушiге сақтандыру ұйымдарын ерiктi түрде қайта құруға рұқсат беруден бас тарту негiздемесiн көрсете отырып жазбаша хабарлайды. 9. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның ерiктi түрде ерiктi қайта құруға берген рұқсатын алғаннан кейiн сақтандыру ұйымы екi апталық мерзiмде алдағы болатын қайта құру туралы өзiнiң барлық сақтанушыларына және басқа да кредиторларына жазбаша хабарлауға және тиiстi хабарландыруды республикалық екi газетке жариялауға мiндеттi. 10. Алдағы болатын қайта құру туралы хабарландыруда мынадай ақпарат болуы тиiс: 1) сақтандыру ұйымын қайта құру туралы акционерлердiң жалпы жиналысында шешiм қабылданған күн; 2) уәкiлеттi мемлекеттiк органның ерiктi түрде қайта құруға рұқсат беру туралы шешiм қабылданған күн; 3) сақтандыру ұйымын қайта құруды жүргiзудiң себептерi мен нысаны туралы мәлiметтер; 4) ерiктi түрде қайта құруға уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатын алған кездегi қайта құрылатын сақтандыру ұйымының қаржылық жай-күйi туралы жалпы мәлiметтер. Сақтандыру ұйымын қайта құру туралы хабарламаларға қайта құрылатын сақтандыру ұйымының олармен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарына қатысты мiндеттемелерiн қайта құрылатын сақтандыру ұйымының құқықтық мұрагерi болып табылатын сақтандыру ұйымына беруге келiсiм беру туралы өтiнiшiнiң үлгiсiн қоса беруi тиiс. Сақтанушы (қайта сақтанушы) көрсетiлген өтiнiштi жасауы, қол қоюы және осы Ережеде белгiленген мерзiмде сақтандыру ұйымына қайтаруы тиiс. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.12.02 ж. N 525 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді 11. Қайта құрылатын сақтандыру ұйымы сақтанушының (қайта сақтанушының) өтiнiшiн алмаған жағдайда, қайта құру туралы хабарламаны жiберген күннен бастап отыз күннiң iшiнде қайта құрылатын сақтандыру ұйымы осындай сақтанушылармен (қайта сақтанушылармен) жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарына қатысты құқықтық мұрагерiн мынадай тәртiппен өз бетiнше белгiлеуге құқылы: 1) сақтандыру ұйымдарын бiрiктiрген кезде - сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мiндеттемелер өткiзу актiсiне сәйкес қайта құрылған сақтандыру ұйымына берiледi; 2) бiр сақтандыру ұйымын басқа сақтандыру ұйымына қосқан кезде сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мiндеттемелер өткiзу актiсiне сәйкес басқа сақтандыру ұйымы қосылатын сақтандыру ұйымына берiледi; 3) сақтандыру ұйымын бөлген кезде - сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер бөлу балансына сәйкес қайта туындаған сақтандыру ұйымына берiледi. Осыған орай сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мiндеттемелер өздерiне көшкен сақтандыру ұйымы (ұйымдары) бөлу балансы бекiтiлген күннен бастап бiр апталық мерзiмде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша оның мiндеттемелерiн өткiзу туралы сақтанушыға (қайта сақтанушыға) хабарлауға мiндеттi; 4) бiр сақтандыру ұйымын басқа сақтандыру ұйымынан бөлiп шығарған кезде - сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мiндеттемелер сақтанушымен (қайта сақтанушымен) тиiстi сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын бұрын жасасқан сақтандыру ұйымында қалады; 5) сақтандыру ұйымын қайта құрған кезде - сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер ерікті түрде қайта құрылатын сақтандыру ұйымының қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерді қабылдау ниеті бар өзге сақтандыру ұйымына өткізу актісіне сәйкес беріледі. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.12.02 ж. N 525 қаулысымен 11-1-тармақпен толықтырылды 11-1. Сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер көшетін сақтандыру ұйымдары өткізу актісі (бөлу балансы) бекітілген күннен бастап бір апта мерзімде сақтанушыларға, қайта сақтанушыларға ерікті түрде қайта құрылатын сақтандыру ұйымымен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерді қабылдағаны туралы хабарлайды. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.12.02 ж. N 525 қаулысымен 11-2-тармақпен толықтырылды 11-2. Ерікті түрде қайта құрылатын сақтандыру ұйымы ай сайын есептіден кейінгі айдың он бесіне дейінгі мерзімде уәкілетті мемлекеттік органға іс-шаралар жоспарын орындағаны туралы хабарлайды. Ерікті түрде қайта құру мерзімі сақталмаған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шараларын қолдануға құқылы. 12. Өткiзу актiсi (бөлу балансы) мен сақтандыру ұйымының жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша өз мiндеттемелерiн басқа сақтандыру ұйымына беруiн не мұндай мiндеттемелердiң жоқ екендiгiн растайтын құжаттар сақтандыру ұйымының уәкiлеттi органы оларды бекiткен күннен бастап жетi күн iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органға берiледi. 13. Кредиторлардың шағымдарын беру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмiнiң аяқталуы бойынша сақтандыру ұйымы мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өту үшiн әдiлет органдарына өтiнiш беруге мiндеттi. 14. Сақтандыру ұйымын қайта құру нәтижесiнде құрылған жаңа заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта ресiмдеу) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жүргiзiледi. 15. Сақтандыру ұйымы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткен күннен бастап жетi күннен кешiктiрмей бұл жөнiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлауға мiндеттi. 16. Сақтандыру ұйымы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткен күннен бастап он төрт күннен кешiктiрмей уәкiлеттi мемлекеттiк органға сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия беру (қайта ресiмдеу) туралы өтiнiш беруге мiндеттi. 17. Сақтандыру ұйымы уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiне Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен шағым жасай алады. 18. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы N 54 қаулысымен бекiтiлген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде қайта құру ережесiне қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасына __________________________ Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде қайта құруға рұқсат алуға ӨТІНІШ ______________________________________________________________________ (өтiнiш берушiнiң атауы) ____________ жылғы "__" ________ N ____ акционерлердiң жалпы (өткiзiлетiн орны) жиналысының шешiмiне сәйкес__________________________________________ (тұрған орнын көрсете отырып, ______________________________________________________________________ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы көрсетiлсiн) ерiктi түрде қайта құруға рұқсат беруiңiздi сұрайды. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ерiктi түрде қайта құруға рұқсат алу үшiн берiлген осы өтiнiштi ресiмдеуге құқық берiлген уәкiлеттi тұлға болып табылатындар ______________________________________________________________________ (уәкiлеттi адамның аты-жөнi ______________________________________________________________________ және аталған өкiлеттiктi алуға негiздеме болып табылатын құжатқа сiлтеме) ______________________________________________________________________ (уәкiлеттi адамның лауазымы және тұрған жерi) Құрылтайшылар өтiнiшпен қоса берiлген құжаттардың дұрыс болуына толық жауап бередi. Қосымша: (жіберілетін құжаттардың толық тiзiмi, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақ саны көрсетiлсiн): __________________________________ (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан өтiнiш беруге уәкiлеттi адамның қолы, күнi ұйым үшін - құжатты тіркеу номері)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |