|
|
|
Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекіту туралы (2021.18.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) бекітілсiн. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегі 1428 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 2001.18.04 № 514 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
Мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік iссапарлары туралы ереже
ҚР Үкіметінің 2018.11.05. № 256 Қаулысымен кiрiспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Осы Ереже Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк мекемелерi қызметкерлерiнің іссапар тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2005.28.07. № 783 (бұр.ред.қара) (2006.01.01 қолданысқа енді); 2008.25.03 № 283 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.01.07. № 657 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.18.03. № 145 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Қызметтiк iссапар (бұдан әрi - iссапар) қызметкердiң орталық мемлекеттік органның аппарат басшысының, ал мұндай болмаған жағдайда мемлекеттiк мекеме басшысының өкiмi бойынша еңбек мiндеттемелерiн өзiнiң тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде орындау, сондай-ақ кәсiптiк деңгейi мен бiлiктілiгiн арттыру және қайта даярлану үшін белгiлі бiр мерзiмге сапары болып табылады. Мемлекеттiк мекеменiң құрамына кiретiн бөлiмшелер басқа елдi мекенде орналасқан жағдайда жеке еңбек шарты (осы мемлекеттiк мекеменiң бұйрығы) негізінде жұмыс істейтін құрылымдық бөлiмше тұрақты жұмыс орны болып саналады. ҚР Үкіметінің 2018.29.12. № 934 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Мемлекеттік органдар өзінің қызметтік іссапарларға жіберудің ішкі тәртібін қызмет ерекешелігін ескере отырып дербес әзірлеуі және бекітуі мүмкін. ҚР Үкіметінің 2008.25.03 № 283 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.01.07. № 657 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.29.12. № 934 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.18.03. № 145 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiн iссапарға жiберудi: 1) баратын жерi мен ұйымның атауы; 2) iссапарда болу мерзiмi; 3) іссапардың мақсаты; 4) іссапар шығыстарын өтеу шарттары: тәулікақыны өтеу үшін күндер саны; тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстарды өтеу үшін күндер саны (бірнеше елді мекенге іссапарға жіберу кезінде әрбір елді мекенде болатын күндер саны); бағытын көрсете отырып, жол жүру шығыстары өтелетін көлік түрі көрсетілген бұйрықтың (өкімінің) негізінде орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы, ал мұндай болмаған жағдайда осы мемлекеттiк мекеменiң басшысы жүргiзедi. ҚР Үкіметінің 2008.25.03 № 283 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 630 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.01.07. № 657 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.18.03. № 145 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда 3. Қызметкерлер іссапарының мерзiмiн орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы, ал мұндай болмаған жағдайда мемлекеттiк мекеменiң басшысы анықтайды, алайда ол жолда жүру уақытын есептемегенде 40 күннен (кәсіби біліктілік деңгейін арттыруға және қайта даярлауға жіберуді қоспағанда, сондай-ақ егер іссапар жедел-іздестіру қызметіне байланысты болмаса) аспауға тиiс. Қызметтiк қажеттiлiк болған жағдайда iссапар мерзiмi орталық мемлекеттік органның аппарат басшысының, ал мұндай болмаған жағдайда осы мемлекеттiк мекеме басшысының тиiстi бұйрығымен ұзартылуы мүмкін. 4. Қызметкерлердiң бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған ұйымдарға iссапары жолда жүру уақытын есептемегенде, 5 күннен аспауы тиiс. Іссапар мерзiмiн ұзартуға ерекше жағдайларда (көлiк құралдарының болмауы немесе iссапардың шұғылдығы) осы ұйымның тиiстi бұйрығын шығару жолымен 5 күннен асырмай рұқсат етiледi. 5. ҚР Үкіметінің 2018.29.12. № 934 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6 ҚР Үкіметінің 2018.29.12. № 934 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7. Iссапарда жүрген қызметкерлерге олар iссапарға жiберілген мемлекеттік мекемелердiң жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимi қолданылады. ҚР Үкіметінің 2018.29.12. № 934 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8. Іссапардың бүкiл уақыты бойы іссапарға жiберiлген қызметкерлердің жұмыс орны (лауазымы) мен iссапар уақытында, оның iшiнде, жолда жүру уақытында жалақысы сақталады. Қызметкердiң iссапарда жүрген уақытындағы жалақысы тұрақты жұмыс орны бойынша белгiленген кесте бойынша аптаның барлық жұмыс күндерi үшiн сақталады. Қызметкер iссапардан тұрақты жұмыс орнына жұмыс күнi аяқталғанға дейін келген жағдайда, осы күнi жұмысқа келу уақыты туралы мәселе әкiмшiлiкпен уағдаластық бойынша шешiледi. 9 - 12. ҚР Үкіметінің 2018.11.05. № 256 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
1-қосымша. ҚР Үкіметінің 2018.29.12. № 934 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-қосымша. ҚР Үкіметінің 2018.29.12. № 934 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бiрлестiктерi, кәсiпорындары мен ұйымдары қызметкерлерiнің қызмет бабындағы iссапарлары туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 22 қазандағы № 892 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 41, 607-кұжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 11 қаңтардағы № 27 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 1, 20-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 22 қазандағы № 892 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 23 қарашадағы № 158 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 5, 65-құжат). 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану және оларға толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 тамыздағы № 728 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 33, 381-құжат). 5. «Қызмет бабындағы iссапар шығындарының нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 23 қарашадағы № 1175 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 46, 549-құжат). 6. «Қызмет бабындағы iссапар шығындары туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1994 жылғы 22 сәуiрдегі № 423 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 19, 189-құжат). 7. «Қызмет бабындағы iссапар шығындарының нормасы туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1994 жылғы 15 тамыздағы № 906 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., № 35, 383-құжат). 8. «Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1996 жылғы 9 тамыздағы № 987 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердiң 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 33, 313-құжат).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |