Астық қолхаттарын берудің, айналымының және жоюдың ережесін бекіту Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 112 Бұйрығына сәйкес күші жойылды
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын іске асыру республика экономикасының аграрлық секторына инвестиция тарту үшін баламалы қаржы тетігін құру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру және сауда тетігін дамыту мақсатында Бұйырамын: 1. Астық қолхаттарын берудің, айналымының және жоюдың ережесі бекітілсін. 2. Стратегия және мемлекеттік реттеу департаменті (Тажмакин Д.Қ.): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) Астық департаментімен бірлесіп (Боранғазиев Б.Қ.) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Осы бұйрық оның Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 11 қазандағы2001 жылғы № 323 бұйрығымен бекітілген
Астық қолхаттарын берудің, айналымының және жоюдың ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Астық қолхаттарын берудің, айналымының және жоюдың осы Ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге және астық қолхаттарының берiлуiне, айналысына және жойылуына байланысты қатынастарды реттейдi. 2. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар: 1) астық қолхаты - астық иесiнен астықтың сақтауға қабылданғанын растап, астық қабылдау кәсiпорны беретiн қоймалық қос куәлiк; 2) қойма куәлiгi - оның иесiнiң астыққа иелiк ету құқығын куәландыратын, астық қолхатының бiр бөлiгi; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|