|
|
|
Қазақстан Республикасының оларға қатысты тексеру жүргiзiлмейтiн, әуе (2010.10.03. берілген толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1509 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күшi бар Жарлығының 98-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының оларға қатысты тексеру жүргiзiлмейтiн, әуе көлiгiмен тасымалданатын лауазымды тұлғаларының арнайы тiзбесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 187 Қаулысымен аранайы тізбесі өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 788 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының оларға қатысты тексеру жүргiзiлмейтiн, әуе көлiгiмен тасымалданатын лауазымды тұлғаларының арнайы тiзбесi 1. Қазақстан Республикасының Президентi 2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi 3. Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының төрағасы 4. Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң төрағасы 5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы iстер министрi 6. Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң басшысы 7. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы 8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы 9. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры 10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы 11. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары 12. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы 13. Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқарушысы 14. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң бастығы 15. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |