|
|
|
"Шағын кәсіпкерлiктi дамыту қоры" акционерлік қоғамының 2003-2005
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 514 Қаулысына сәйкес күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара ҚР Үкіметінің 21.05.04 ж. № 570 қаулысымен атауы және мәтіндегі сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара) "Қазақстан Республикасы Президентiнің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2002 жылғы 29 тамыздағы № 936 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі № 665 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 17, 152-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 2-тармақтың екiншi абзацындағы "екiншi деңгейдегi банктер арқылы конкурс негізінде" деген сөздер "дербес" деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: "2-1. Қорға шағын кәсiпкерлік жобалары бойынша кредиттер беру үшiн Қор қаражатын Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде конкурстық негiзде шартпен орналастыру (яғни, "Шағын кәсiпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамының Кредит саясаты туралы меморандумында келісілген шарттармен орналастыру) құқығы берілсін.". 2. Қоса берiліп отырған "Шағын кәсiпкерліктi дамыту қоры" акционерлік қоғамының 2003-2005 жылдарға арналған кредит саясаты туралы меморандум бекітілсiн. 3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының жарғысына тиiстi өзгерістерді бекітсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |