|
|
|
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің кейбір мәселелері туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығын қамтамасыз ету, тиімділігі мен айқындылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің «Электрондық коммерция орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынсын және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) «2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына: көрсетілген қаулыға 642-қосымшада: 6-тармақтың 5-бағаны (Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар) «басылымы» деген сөзден кейін «2003 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 қарашаға дейін уақыт кезеңінде» деген сөздермен толықтырылсын, «10 000 экземпляр» деген сөздерден кейін «2003 жылғы қарашада, желтоқсанда 30 000 экземпляр» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулыға 645-қосымшада: 4-тармақтағы «енгізу» деген сөзден кейін «Электрондық коммерция орталығы» РМҚК құру» деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақтың 5-бағаны (Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар) мынадай мазмұндағы тармақпен толықтырылсын; «4.»Электрондық коммерция орталығы» РМҚК құру және оның қызметін қамтамасыз ету»; 2) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3) ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1134 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |