Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі Осы редакция 2005 ж. 25 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 қаулысымен тақырыбы өзгертілді Қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын су ағызуды жүргізуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі № 540 қаулысымен қосымша ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 қаулысымен қосымшаның тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.06.04 ж. № 654 қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссияның Құрамы Школьник - Қазақстан Республикасының Энергетика және Владимир Сергеевич минералдық ресурстар министрi, төраға Рябцев - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Анатолий Дмитриевич министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетiнiң төрағасы, төрағаның орынбасары Адамов - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Ришат Жомартұлы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетiнiң Ертіс бассейнi су шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, хатшы Әбiтаев - "KEGOC" ашық акционерлік қоғамының вице- Есберген Әбiтайұлы президенті (келісім бойынша) Богатырев - "Өскемен" гидро электр станциясы" Александр Егорович жауапкершiлігi шектеулi серiктестiгiнiң техникалық директоры (келісім бойынша) Бертiсбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика және Несiпқұл Бертiсбайұлы минералдық ресурстар министрлігінiң Электрэнергетика және қатты жанармай департаментiнiң директоры Дурницын - "Шульба гидро электр станциясы" Юрий Михайлович жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң бас техникалық басшысы (келісім бойынша) Қаменов - Павлодар облысы әкiмдiгiнiң су шаруашылығы Нұртай Шәмренұлы департаментiнiң директоры Көбегенов - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Қиыспек Жекебайұлы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетiнiң Ертіс бассейнi су шаруашылығы басқармасының бастығы Көдеков - "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік Тұрсынбек Кәрiмұлы кәсiпорнының бас директоры Навид - "АЕС Екiбастұз" жауапкершiлiгi шектеулi Исмаил серiктестiгiнiң бас директоры (келісім бойынша) Недовесов - "KEGOC" ашық акционерлік қоғамының шығыс Виктор Семенович өңiраралық электр желісі филиалының директоры (келісім бойынша) Нұрғалиев - Павлодар облысы әкімінiң орынбасары Жақай Жұбайұлы Рамазанов - "Ұлы Ертіс - Великий Иртыш" су Жанайдар Рамазанұлы пайдаланушылар қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша) Рудман - "Казцинк" ашық акционерлік қоғамының Борис Михайлович энергетика жөніндегі директоры (келісім бойынша) Рүстембаев - "Еуразиялық энергетикалық корпорациясы" Әбдiәзiм Әбдiғаниұлы ашық үлгiдегi акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша) Селиханов - Шығыс Қазақстан облысы әкімінiң орынбасары Дүйсенбай Мағзұмұлы Сiлембаев - "Бұқтарма гидро электр станциясы" ашық Жеңiсбек Зейноллаұлы акционерлік қоғамының президентi (келісім бойынша) Сысков - "Екiбастұз ГРЭС-2 станциясы" ААҚ Сергей Александрович басқармасының төрағасы (келісім бойынша) Ульрих - "КОРЭМ" жабық акционерлік қоғамының вице- Эрих Гукович президентi (келісім бойынша). Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі № 540 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 қаулысымен қосымшаның тақырыбы өзгертілді Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын су ағызуды жүргізу кезінде орталық және атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылды. 2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кеңесші-консультативтік орган болып табылады. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, өзге де нормативті құқықтық кесімдерді, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады. 3. Комиссияның негізгі міндеттері: 1) бассейндегі су шаруашылығы ахуалын және тиісті жылдың 15 наурызына дейін табиғат қорғайтын көктемгі өтемдік су ағынын жүргізу кестелерін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды уақытылы сарапшылық бағалау; 2) жаңа деректердің жинақталуын ескере отырып, Жоғарғы-Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдаланудың уақытша ережесіне түзету енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу; 3) табиғат қорғайтын су ағынын жүргізудің бекітілген кестелеріне сәйкес тұрақты мониторингті жүзеге асыру; 4) су ағынын жүргізу аяқталысымен Үкіметке қорытынды ақпарат ұсыну болып табылады. 3. Комиссияның құқықтары мен өкілеттіктері 4. Оған жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті материалдар мен ақпаратты орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға. 5. Сараптамалар мен консультациялар өткізу үшін Комиссияның құзыретіне қатысты мәселелермен қызметі байланысты орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан мамандарды тартуға. 4. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметі 6. Комиссияны Төраға басқарады. 7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиісті материалдарды, ұсынымдарды дайындауды оның мүшесі болып табылатын Комиссияның хатшысы жүзеге асырады. 8. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі. 9. Комиссияның шешімдері оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. |