Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау туралы Қазақстан Республикасы (2005.25.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2005.23.05 және 2005.12.08 енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 264, 363, 376, 378, 379 және 382-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Тауарларды декларациялау ережесі; 2) Кеден операцияларының басқа кеден органының қызмет аймағында жасалғандығы туралы хабарламаны тіркеу ережесі және оның нысаны; 3) Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған немесе жеңілдетілген тәртіппен өткізу кезінде жолаушылардың кеден декларациясын ресімдеу ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (А.А.Қоңлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ. Ержановқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Төраға Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы № 219 бұйрығымен бекітілген Тауарларды декларациялау ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Осы Тауарларды декларациялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі) 378 және 379-баптарына сәйкес әзірленді және жүк кедендік декларацияның (бұдан әрі ЖКД) нысанын, толтыру тәртібін және таңдап алынған кеден режимдерінің шеңберінде декларациялау кезінде кеден мақсаттары үшін ЖКД-да мәлімделген мәліметтердің тізбесін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|