Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (2008.15.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік қағидаттарын іске асыру мақсатында қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы бекітілсін (бұдан әрі - Стратегия). 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері: 1) өз қызметінде Стратегияны басшылыққа алсын және оны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын; 2) қабылданатын мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламалардың (жоспарлардың) Стратегиямен келісілуін қамтамасыз етсін. ҚР Президентінің 2006.01.02. № 56 (бұр.ред.қара); 2008.15.05. № 593 (бұр.ред.қара) Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық және жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 20 қаңтарға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға Стратегияның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын. ҚР Президентінің 2006.01.02. № 56 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2008.15.05. № 593 (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді 4. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жыл сайын 15 ақпанға Стратегияның іске асырылу барысы туралы Мемлекет басшысын хабардар етіп отырсын. 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) ҚР Президентінің 2008.15.05. № 593 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|