|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына норма шығару қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қазандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 14 ақпандағы № 99 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы« Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 487 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 15, 159-құжат): 2-тармақта «, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган» деген сөздер алынып тасталсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Кәсіпорын қызметінің негізгі саласы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету болып белгіленсін.». 2. ҚР Үкіметінің 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. ҚР Үкіметінің 2006.17.08. № 778 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. ҚР Үкіметінің 2016.31.08. № 497 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. ҚР Үкіметінің 2016.30.06. № 387 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. ҚР Үкіметінің 2016.02.12. № 762 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 7. ҚР Үкіметінің 2022.02.06. № 355 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 8. ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 907 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |