Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2016 жылғы 2 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына норма шығару қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қазандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 14 ақпандағы № 99 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы« Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 487 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 15, 159-құжат): 2-тармақта «, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган» деген сөздер алынып тасталсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Кәсіпорын қызметінің негізгі саласы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету болып белгіленсін.». 2. ҚР Үкіметінің 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. ҚР Үкіметінің 2006.17.08. № 778 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. ҚР Үкіметінің 2016.31.08. № 497 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. ҚР Үкіметінің 2016.30.06. № 387 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. «Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қазандағы № 1118 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 34, 369-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізу ережесінде: 6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау - ресми және мерзімді баспасөз басылымдарында нормативтік құқықтық актілердің толық мәтінін жалпыға бірдей мәлімет үшін жариялау;». 7. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде: 68-тармақтың 7) тармақшасы «салыстырма кестесі» деген сөздерден кейін «енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемелерімен» деген сөздермен толықтырылсын. 8. «Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 34, 344-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесінде: 10-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының жұмысына кез келген сатыда қатысуға құқылы. Жұмыс тобының жұмысына қатысу үшін әр түрлі білім салаларының, ғылыми мекемелердің мамандары және ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өкілдері тартылуы мүмкін.». |