|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 8 ақпандағы № 119 және 2005 жылғы 26 қазандағы (2011.31.01. берілген өзгерістерімен)
Қарулы Күштердегі, басқа әскерлер мен әскери құралымдардағы медициналық қамтамасыз етуді жетілдіру және құқық тәртібінің деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2011.31.01. № 57 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы № 1072 қаулысында: Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында 2-бөлімнің реттік нөмірі 1-жолы алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |