|
|
|
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 1. «Тауарлар мен көлік кұралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбір кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбелерін, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі №681 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., №29, 284-қүжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлар мен көлік кұралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларда: «Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салынған тауарлар» деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы 3-3-тармақпен толықтырылсын: «3-3. Рулі оң жақтан баскарылатын автокөлік құралдары. Ескертпе. Осы тармақ «тауарларды еркін айналыс үшін шығару» және «тауарлар мен көлік құралдарын уакытша әкелу» кедендік режимдерінде тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге қолданылады». 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бір ай мерзімде рулі оң жақтан басқарылатын автокөлік құралдарын одан әрі пайдалану мәселелерін реттеуге бағытталған заң жобасын әзірлесін және белгіленген төртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер, Индустрия және сауда, Көлік және коммуникация министрліктері 2007 жылғы 1 карашаға дейінгі мерзімде автокөлік құралдарына қауіпсіздік талаптарын белгілейтін техниқалық регламенттің жобасын әзірлесін. 4. Қазақстан Республикасы Сырткы істер министрлігі осы каулының 1-тармағына сәйкес белгіленген тәртіппен Еуразия экономикалық коғамдастығының Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасының автокөлік құралдарын әкелуге шектеулер енгізгендігі туралы хабардар етсін. 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз кұнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |