|
|
|
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жабдықтау нормаларын және материалдық запастарының санаттарын бекіту туралы (2013.30.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 772 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қоса беріліп отырған мыналар бекітілсін: 3) құпия; 4) құпия; 5) құпия; 6) құпия. 2. Тиісті мемлекеттік органдар тиісті жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде материалдық запастар мен мүлікті сатып алуды кезең-кезеңмен жүзеге асырсын. 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Тылдық қамтамасыз ету түрлері бойынша нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы № 762 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 23, 265-құжат) 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшалары; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы № 762 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 шілдедегі № 788 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 28, 369-құжат). 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2012.28.05. № 695 Қаулысымен заттай мүлікпен жабдықтау норма жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 27 қарашадағы № 1125 қаулысымен бекітілген
Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормалары
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын заттай мүлікпен жабдықтау нормалары
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысын заттай мүлікпен жабдықтаудың № 1 нормасы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары (Әскери-теңіз күштерінен, теңіз жаяу әскерлері бөлімдерінен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінен басқа) жоғары офицерлер құрамын заттай мүлікпен жабдықтаудың № 2 нормасы*
Ескертпелер: * Генералдарға, олардың тілегі бойынша орнына берілетін заттардың құны шегінде жабдықтау нормасымен көзделген заттардың ішінен бір заттың орнына басқасын беруге рұқсат етіледі. Жазғы және қысқы жабдықтау нормалары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда жылдық қажеттіліктен 20 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет. 1. Әуе қорғанысы күштерінде - фуражка, мундир мен шалбар, китель мен балағы түсіңкі шалбар, күнделікті балағы түсіңкі шалбар, қысқы күртеше, маусымдық плащ, свитер, галстук, кашне - қара көк түсті, жейде - ашық көк түсті. 2. Республикалық ұланда ерекше салтанатты киім нысаны кезінде қосымша беріледі. 3. Тек Қарулы Күштердің Аэроұтқыр әскерлерінде, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда беріледі. 4. Қарулы күштердің Аэроұтқыр әскерлерінде, арнайы мақсаттағы бөлімдерінде бүркеніш түсті далалық жазғы және далалық астары жылы күртеше мен шалбар орнына - бүркеніш түсті десанттық жазғы және десанттық астары жылы күртеше мен шалбар беріледі. Қарулы Күштердің Аэроұтқыр әскерлерінде, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда футболка орнына - жеңді тельняшка, ал ақ түсті майка орнына - белгіленген түсті жеңсіз тельняшка беріледі. Аэроұтқыр әскерлерінде және Республикалық ұланда тельняшка 1 дана 1 жылға, жылы тельняшка 1 дана 2 жылға қосымша беріледі. 5. Ұшу-техникалық киім-кешек алатын немесе арнайы киімдермен жабдықтау нормалары бойынша жазғы костюм (астары теріден тігілген костюм) алатын әскери қызметшілерге бүркеніш түсті далалық фуражка мен бүркеніш түсті далалық күртеше мен тік пішілген шалбар 2 жылға, ал жүн малақайы бар бүркеніш түсті астары жылы күртеше мен тік пішілген шалбар 4 жылға беріледі. 6. Қара түсті ұзын қонышты былғары бәтеңке орнына құм түстес ұзын қонышты былғары бәтеңке беруге рұқсат етіледі. 7. Республикалық ұланда ерекше салтанатты киім нысаны кезінде ақ түсті қолғап 1 жұп 1 жыл мерзімге, ақ түсті іші жылы (былғары) қолғап 1 жұп 2 жыл мерзімге беріледі.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының аға және кіші офицерлер құрамын, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттары мен сарбаздарын (Әскери-теңіз күштерінен, теңіз жаяу әскерлерібөлімдерінен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінен, әскери қызметші әйелдерден басқа) заттай мүлікпен жабдықтаудың № 3 нормасы*
Ескертпелер: Қауіпсіздік пен режимді қамтамасыз ету жөніндегі (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің) әскери полиция жасағында, әскери полицияның патрульдік-бекеттік бөлімшелері мен кинология қызметтерінің және әскери автомобильдік полицияның әскери қызметшілеріне күнқағары бар теріден тігілген малақай 1 дана 3 жылға, погондары бар қара түсті күртеше мен балағы түсіңкі шалбар 1 жиынтық 2 жылға, қара түсті теріден тігілген жағасы бар қысқы астары жылы қысқа күртеше мен шалбар 1 жиынтық 3 жылға қосымша беріледі, бұл ретте белгіленген түсті теріден тігілген құлақшын мен погондары бар белгіленген түсті қысқы күртешені кию мерзімі 3 жылға, погондары бар белгіленген түсті китель мен жиектер салынған балағы түсіңкі шалбарды кию мерзімі 2 жылға ұзартылады. Қызметтік міндеттерімен өткізу пункттерінде құжаттарды ресімдеуге қатысу көзделген Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекаралық бақылау бөлімдері мен бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне кию мерзімі 4 жыл құлақшын, сұр түсті қаракөлден тігілген астары жылы пальтоға жаға қосымша беріледі, бұл ретте құлақшын мен теріден тігілген жаға осы норма бойынша 5 жылға беріледі. Қаракөлден тігілген жаға мүкәммалдық пайдалануға беріледі. Қаракөлден тігілген малақай киіп жүру көзделмеген жаңа қызмет орнына ауысқан кезде көрсетілген бас киімдердің қалған құны белгіленген тәртіппен өтеледі. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілеріне астарсыз былғары қолғап, астары теріден тігілген былғары қолғап бір жұптан 2 жылға беріледі. Астары теріден тігілген былғары қолғап барлық климаттық аудандарда шекаралық бақылау бөлімдерінің бөлімдері мен бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне, жеке бақылау-өткізу пункттерінің, бақылау-өткізу пункттерінің әскери қызметшілеріне, сондай-ақ климаты суық аудандарда қызмет өткеретін офицерлерге, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге беріледі. Астары теріден тігілген былғары қолғап алатын әскери қызметшілерге іші жылы қолғап берілмейді. Астарсыз былғары қолғап шекаралық бақылау жасақтарының, жеке бақылау-өткізу пункттерінің, бақылау-өткізу пункттерінің аға бақылаушыларына, бақылаушыларына, кіші бақылаушыларына беріледі. Шекаралық бақылау бөлімдерінің бөлімдері мен бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне, жеке бақылау-өткізу пункттерінің, бақылау-өткізу пункттерінің әскери қызметшілеріне белгіленген түсті жейде және қысқа жеңді жейде орнына ақ түсті ұзын және қысқа жеңді жейде беруге рұқсат етіледі, белгіленген түсті күнделікті китель 1 жылға, күнделікті шалбар 3 дана 2 жылға беріледі, белгіленген түсті жейде 3 дана 1 жылға, қысқа қонышты құрым бәтеңке 3 жұп 2 жылға беріледі. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге, оларға офицер атағы берілген кезде бұрын берілген заттарды кию мерзімдері қамтамасыз етілгенге саналады. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге берілген жеке пайдаланудағы заттай мүлік оны кию мерзімі аяқталғаннан кейін олардың меншігіне өтеді. Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет, олардан 1 пайыз мөлшерінде мүлікті өкілдік шығыстарға пайдалануға рұқсат етіледі. Әскери бөлімдер мен мекемелерде шақтап және үйлестіріп пішу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киім дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет. 1. Республикалық ұланның офицерлеріне және келісімшарт бойынша сержанттары мен сарбаздарына ерекше салтанатты киім нысаны кезінде қосымша беріледі. 2. Полковник әскери атағы берілген кезде бұрын берілген погондары бар белгіленген түсті астары жылы пальто мен белгіленген түсті қысқы күртешені кию мерзімі аяқталғанға дейін белгіленген түсті қаракөлден тігілген алмалы-салмалы жаға беріледі. 3. Полковниктерге, Қарулы Күштердің Аэроұтқыр әскерлерін, арнайы мақсаттағы бөлімдерін, әскери полициясын, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдерін қоспағанда, белгіленген түсті берет берілмейді. 4. Қарулы Күштердің тактикалық әскери басқару органдарының құрамаларында, бөлімдері мен мекемелерінде әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге, ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде шекара заставалары мен комендатураларының әскери қызметшілеріне погондары бар белгіленген түсті китель мен жиектер салынған балағы түсіңкі шалбар, жиектер салынған белгіленген түсті балағы түсіңкі шалбар 3 жыл мерзімге, ал погондары бар белгіленген түсті маусымдық плащ пен погондары бар белгіленген түсті алмалы-салмалы теріден (қаракөлден) тігілген жағасы бар белгіленген түсті қысқы күртеше 4 жыл мерзімге беріледі. 5. Қарулы Күштердің Аэроұтқыр әскерлерінде, арнайы мақсаттағы бөлімдерінде бүркеніш түсті далалық жазғы және далалық астары жылы күртеше мен шалбар орнына - бүркеніш түсті десанттық жазғы және десанттық астары жылы күртеше мен шалбар беріледі. Қарулы Күштердің Аэроұтқыр әскерлерінде, арнайы мақсаттағы бөлімдерінде, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда футболка орнына - жеңді тельняшка, ал ақ түсті майка орнына - белгіленген түсті жеңсіз тельняшка беріледі. Ұшу-техникалық киім-кешек алатын немесе арнайы киіммен жабдықтау нормалары бойынша жазғы костюм (астары теріден тігілген костюм) алатын әскери қызметшілерге бүркеніш түсті далалық фуражка және бүркеніш түсті далалық күртеше мен тік пішілген шалбар 2 жылға, жүн малақайы бар бүркеніш түсті далалық астары жылы күртеше мен тік пішілген шалбар мен қара түсті ұзын қонышты былғары бәтеңке 4 жылға беріледі. Жауынгерлік кезекшілік атқаратын, № 35 норма бойынша арнайы киім алатын ӘШҚҚ әскерлерінің әскери қызметшілеріне бүркеніш түсті далалық фуражка және бүркеніш түсті далалық күртеше мен тік пішілген шалбар 2 жылға, жүн малақайы бар бүркеніш түсті далалық астары жылы күртеше мен тік пішілген шалбар 4 жылға беріледі. 6. Қара түсті ұзын қонышты былғары бәтеңке орнына құм түстес ұзын қонышты былғары бәтеңке беріледі. 7. Іші жылы ұзын қонышты бәтеңке ыстық климатты аудандарда 4 жылға беріледі. 8. Республикалық ұланда ақ түсті қолғап 2 жыл мерзімге беріледі. 9. Республикалық ұланның офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілеріне ерекше салтанатты киім нысаны кезінде ақ түсті іші жылы қолғап 1 жұп 2 жыл мерзімге қосымша беріледі. 10. Ұшу-техникалық мүлікпен жабдықтау нормалары бойынша төрт қатпарлы карта ұстағыштар алатын әскери қызметшілерге далалық сөмке берілмейді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде әскери қызметшілер карта ұстағыштармен инженерлік-авиациялық қызмет арқылы қамтамасыз етіледі. 11. Стратегиялық, жедел-стратегиялық және жергілікті әскери басқару органдарында, Қарулы Күштердің әскери және азаматтық жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында және факультеттерінде әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге, ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде орталық аппараттың және өңірлік басқармалардың әскери қызметшілеріне бүркеніш түсті далалық фуражка, бүркеніш түсті далалық күртеше мен тік пішілген шалбар 2 жылға, жүн малақайы бар бүркеніш түсті далалық астары жылы күртеше мен тік пішілген шалбар 3 жылға, ал қара түсті іші жылы ұзын қонышты былғары бәтеңке 4 жылға беріледі.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (Әскери-теңіз күштерінен, теңіз жаяу әскерлері бөлімдерінен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінен басқа) әскери қызметші әйелдерін заттай мүлікпен жабдықтаудың № 4 нормасы*
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |