|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 және 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысында: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: II «Шығындар» бөлімінде: 13 «Өзге» функционалдық топтың: 04 «Табиғи монополияларды реттеу» ішкі функциясында: 203 «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі» әкімшісі бойынша: 001 «Табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеуді, бақылауды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша: 001 «Орталық органның аппараты» кіші бағдарламасындағы «732628» деген сандар «688628» деген сандармен ауыстырылсын; 009 «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру» кіші бағдарламасындағы «8209» деген сандар «52209» деген сандармен ауыстырылсын; 2) «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысында: көрсетілген қаулыға 41-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 5-жолының 5-бағаны «Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдары үшін автокөлік сатып алу» деген сөздермен толықтырылсын. 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 және 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 784 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |