Қазақстан Республикасы Президентінің (2016.25.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 2032 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын. ҚР Президентінің 2012.17.10. № 406 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қоса беріліп отырған: 1) АЭА туралы ереже; 2) АЭА жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі АЭА қызметін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2007 жыл 19 желтоқсан
№ 495
ҚР Президентінің 2009.21.09. № 873 Жарлығымен ереже өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2012.17.10. № 406 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 495 Жарлығымен бекітілген «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Атырау облысының аумағында орналасқан. АЭА-ның аумағы 3475,9 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады. 1) қосылған құны жоғары көмірсутек шикізатын тереңдете өңдеу және кеңінен бәсекеге қабілетті мұнай-химия өнімін шығару жөніндегі әлемдік деңгейдегі мұнай-химия өндірістерін құру мен дамыту жөнінде серпінді инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|