2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы (үзінді)
Осы редакция 2008 жылғы 2 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
214, 215, 216, 217, 218, 219, 220, 221, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
214-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7959987 мың теңге (жеті миллиард тоғыз жүз елу тоғыз миллион тоғыз жүз сексен жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктері туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңы; «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Заңының 6 , 7 , 8-баптары; «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңы; «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы; «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы; «Патент заңы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңы; «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңы; «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңы; «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 3 , 15, 16, 19, 21, 22-баптары; «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік реестрі және оларды мемлекеттік тіркеуді ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 3379 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысы; «Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысы, «Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулысы, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; «Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1243 қаулысы, «Дінтану сараптамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 70 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасау, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының заңнамасымен әділет органдарына жүктелген міндеттерді жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз eту | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Бекітілген штат санының лимитіне сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің орталық аппаратын және оның Комитеттерін ұстау. 1) Заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру: заң жобаларын әзірлеу жөніндегі консультациялық және эксперттік қызметтерді ұйымдастыру және жүргізу; заң жобаларын әзірлеу үшін ғалым заңгерлерді және тәжірибе алып жүрген заңгерлерді тарту; заң жобаларына ғылыми құқықтық сараптама және ғылыми криминологиялық сараптама жүргізу; заң жобаларының тұжырымдамасына ғылыми сараптама жүргізу; заңға тәуелді актілері жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу; криминологиялық сараптама шеңберінде заңнамалық актілері жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу; қолданыстағы заңнамаға талдау жүргізу; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жағдайлар туғызатын нормалары бар болуы тұрғысынан қолданыстағы заңдарға талдау жүргізу; - конференциялар немесе «дөңгелек үстелдер» өткізуді қамтамасыз ету, өткізілген конференциялар немесе «дөңгелек үстелдер» материалдарын жариялау; - мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының Заңдар жинағын дайындау және шығару. Жасалған шарттарға сәйкес қызмет көрсетулерге ақы төлеу. 2) Зияткерлік меншік құқығын қорғау: сабақтас құқықтар шығармалары мен объектілеріне, өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық жетістіктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік семинарларды ұйымдастыру және өткізу; «Шапағат» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу; бейне ролик жасау; конкурс өткізу үшін залды ресімдеу. Патент құжаттарын мемлекеттік және ағылшын тілдеріне аудару. 3) Құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету: жасалған шарттарға сәйкес нормативтік құқықтық актілерді жинақтау және есепке алу бойынша қызметтерге ақы төлеу. Мемлекеттік тізілімге нормативтік құқықтық актілер енгізу. Құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз ету. Аумақтық бөлімшелерді қоса алғанда мемлекеттік органдар бойынша жаңарту мерзімділігі айына кемінде 1 рет «Заң» дерекқорын жыл сайын орнату және зектілендіру. 4) Соттарда мемлекеттің мүддесін қорғау: Қазақстан Республикасының, шетел мемлекеттерінің соттарында, халықаралық төрелік органдарда мемлекеттің мүддесін тиімді құқықтық қорғауды қамтамасыз ету. Сот (төрелік) шешімдерге сәйкес сот және төрелік шығындарға және шығыстарға ақы төлеу. Жасалған шарттарға сәйкес консультациялық және халықаралық қаржы институттарының қызметтерін қоса құқықтық қызметтерге ақы төлеу. 5) Лицензиарлардың функцияларын орындау: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызмет түрлерін лицензиялауды өткізу. Мемлекеттік лицензиялар бланкілерін дайындау. 6) Аумақтық бөлімшелерге және Тіркеу қызметі комитетіне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік бланкілерін дайындау. 7) Аумақтық бөлімшелерге азаматтарды тіркеу кітаптарын дайындау. 8) Аумақтық бөлімшелерге уақытша жеке куәлік бланкілерін дайындау. 9) Мемлекеттік органдарға «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы« баспасөз басылымын шығару. 10) Өңірлік семинар, ғылыми-практикалық конференция, мемлекеттік тілді білу конкурсын өткізу. Әділет жүйесі үшін мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар (әдістемелік құрал, үлкен сөздік) әзірлеу, шығару. 11) Дін қайраткерлері, дін бірлестіктерінің басшылары, мемлекеттік органдар басшылары мен қызметкерлері қатысуымен әртүрлі конфессиялар мен деноминациялар арасындағы өзара түсіністікті, төзімділікті нығайту мәселелері жөнінде аймақтық семинар-кеңестер, республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өткізу. Ғалым-теологтарды, заңгерлерді және өзге де ғылыми қызметкерлерді тарта отырып, діни ұстаным бостандығына азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясат мәселелері жөнінде үгіт-насихат іс-шараларын және дін тану сараптамаларын өткізу. Діни тақырыпқа бейне фильмдер, бейне ролик дайындау. Мемлекеттік органдарға және коммерциялық емес ұйымдарға «Дін және құқық» ақпараттық бюллетень, діни бірлестіктер бойынша анықтамалық, құралдар (буклеттер), діни терминдер сөздігін дайындау және шығару. Әлеуметтік зерттеулер, діни ахуал мониторингін өткізу. Діни тақырып бойынша республикалық және шетел баспасөз басылымдарына жазылу және басқалар. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және оның Комитеттері |
3 | | 002 | Аумақтық органдардың аппарат тары | Бекітілген штат санының лимитіне сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарын ұстау. Заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді, мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының нормативтік құқықтық актілерін, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, халықты құжаттандыруды және тіркеуді жүзеге асыру. Құқықтық көмекті және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында мемлекет саясатын іске асыру. Азаматтардың діни ұстаным бостандығына құқықтарын іске асыру, әр түрлі діни сенімдегі діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністікті, төзімділікті нығайтуды, олардың мемлекетпен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлік бланкілерін дайындау және басқалар. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның аумақтық органдары |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі 10 тақырып бойынша қызмет көрсетулер сатып алу: 1) Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызмет атқаруда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ескертуді және оларға жол бермеуді қамтамасыз ету шаралары; 2) Мемлекеттік қызмет: құқықтық-ұйымдастырушылық қамтамасыз ету; 3) Жылжымайтын мүлікті тіркеуді жетілдіру; 4) Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты; 5) Халыққа құқықтық түсіндіру жұмысын және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру; 6) Қазақстан Республикасындағы дін бағыттары; 7) Өнеркәсіптік меншік; 8) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу; 9) Бюджеттік заңнама мәселелері; 10) Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеу саласында жұмыстарды ұйымдастыру. Мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның аумақтық органдары |
5 | | 008 | Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу | Аумақтық әділет органдарының ғимараттарына және үй-жайларына күрделі жөндеу жүргізу; Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасының ғимаратын күрделі жөндеу бойынша жобалау жұмыстарын жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қылмыстық -атқару жүйесі комитеті, аумақтық органдар |
6 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық- техникалық жарақтандыру | Орталық аппаратты, Комитеттерді және олардың аумақтық бөлімшелерін материал- дық-техникалық қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қылмыстық -атқару жүйесі комитеті, аумақтық органдар |
7 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Есептеу техникасына және телекоммуникациялық жабдықтарға арналған шығыс материалдар, жиынтық және қосалқы бөлшектер сатып алу; телекоммуникациялық қызметтер; WEB-сайттарды, бағдарламалық өнімдерді сүйемелдеу; есептеу техникасын және телекоммуникация- лық жабдықтарды сатып алу; өзге де тауарларды және қызмет көрсетулерді сатып алу; есептеу техникасы мен телекоммуникация- лық жабдықтар құралдарына жүйелік- техникалық қызметтер көрсету; ақпараттық жүйелерді, соның ішінде мемлекеттік деректер базаларын әкімшілеу, сүйемелдеу және пайдалану; лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету, өнімдер, соның ішінде әлем елдерінің өнертабыс дерек қорын сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қылмыстық -атқару жүйесі комитеті, аумақтық органдар |
8 | | 100 | Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аппараты | Бекітілген штат санының лимитіне сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аппаратын ұстау. Қылмыстық жазаларды атқару саласында мемлекет саясатын іске асыру, қылмыстық жазаларды атқаратын органдар мен мекемелерде құқықтық тәртіпті және заңдылықты қамтамасыз ету. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жедел-іздестіру қызметін жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қылмыстық -атқару жүйесі комитеті |
9 | | 101 | Қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органдарының аппараттары | Бекітілген штат санының лимитіне сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық органдарын ұстау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мекемелер мен органдарда қылмыстық жазаларды атқару бойынша жұмыстар ұйымдастыру; қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жедел-іздестіру қызметін жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қылмыстық -атқару жүйесі комитеті және оның аумақтық бөлімшелері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелген функцияларды сапалы және уақытылы орындау.
Соңғы нәтиже: мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: республикалық бюджеттің қаражатын тиімді шығындау.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шараларды орындауды уақытылы қамтамасыз ету.
Сапасы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және оның ведомстволарына жүктелген функцияларға сәйкес халыққа ұсынылатын мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуді және олардың сапасын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
215-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Сот сараптамаларын жүргізу»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1430316 мың теңге (бір миллиард төрт жүз отыз миллион үш жүз он алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Сот сараптамасы туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңы; «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 3 , 17-баптары; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 11 тамыздағы № 1245 қаулысы; «Қазақстан Республикасының сот сараптама жүйесін дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 ақпандағы № 119 қаулысы; «Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы № 1072 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сот сараптамасындағы қылмыстық азаматтық істердің және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдары бойынша Қазақстан Республикасының сот ісін жүргізудің қажеттілігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: сот-сараптама қызметін ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Сот сараптамаларын жүргізу | Соттық-сараптама қызметін ұйымдастыру; лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сот сарапшыларына лицензиялар беру; сот сараптамасы органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту; сот сараптамасы саласында ғылыми-зерт- теу жұмысын үйлестіру және жүргізу; сот-сараптама қызметінің ұйымдастырушылық негізін дамыту; сарапшы кадрларын ipiктеу, кәсіби даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру; Сот сараптамасы орталығы үшін ақпараттық жүйенi техникалық, технологиялық, материалдық, бағдарламалық қамтамасыз ету және сүйемелдеу. Астана қаласының аймақтық сот сараптама зертханасы үшін қызметтік ғимарат сатып алу | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметін толық ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету;
2) бірыңғай және тәуелсіз сот-сараптама жүйесінің қызметін кезең-кезеңмен жетілдіру;
3) азаматтық сот ісін жүргізуде сот сараптамасының ролін арттыру;
4) WEB-сайтты сүйемелдеу және қызмет көрсетулерді.
Түпкі нәтиже: сот сараптамасындағы Қазақстан Республикасы сот ісін жүргізу қажеттілігін қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір сараптама жүргізу үшін шығындар кемінде 8207 теңге құрайды.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шараларды орындауды уақытылы қамтамасыз ету.
Сапасы: Қазақстан Республикасының сот ісін жүргізудің қазіргі заманға сай сапалы сараптамадағы талаптарын неғұрлым толық қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
216-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Сотталғандарды ұстау»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 14258827 мың теңге (он төрт миллиард екі жүз елу сегіз миллион сегіз жүз жиырма жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексі; «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңы; «Қазақстан Республикасы ішкі істер қылмыстық-атқару жүйесі органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналды қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері қызметкерлері лауазымдарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 наурыздағы № 483 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; «Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін немесе қызметтік борышын атқару кезеңінде мертіккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға біржолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 299 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: түзеушілік әсер етуді жүзеге асырумен сотталғандарға қатысты сот үкімін, қаулысын және ұйғарымын орындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:
1. Қылмыстық жазаларды орындау, қылмыстық жазаларды атқаратын мекемелерде құқықтық тәртіпті және заңдылықты қамтамасыз ету.
2. Сотталғандарды түзеуді ұйымдастыру.
3. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Сотталғандарды ұстау | 73 түзеу мекемелерінде 51100 сотталғандарды және 12289 бірлік штат саны бар қорғау және қадағалау бөлімін ұстау. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде заңнамада белгіленген тәртіпті және жазасын өтеу жағдайларын сақтауды қамтамасыз ету мен сотталғандарға қатысты соттардың үкімін, қаулысын және ұйғарымын орындау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық -атқару жүйесі комитеті және оның аумақтық органдары, түзеу мекемелері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қылмыстық жазаларды атқаратын мекемелерде құқықтық тәртіпті және заңдылықты қамтамасыз ету. Сотталғандарды еңбек жұмыспен қамтуды және білім алуды қамтамасыз ету.
Соңғы нәтиже: сотталғандарға түзеу ықпалын, соның ішінде психологиялық-педагогикалық әдістерді пайдаланып жүзеге асыруды ұйымдастыру.
Қаржы-экономикалық тиімділік: республикалық бюджеттің қаражатын оңтайлы және тиімді шығыстандыру.
Уақытылығы: іске асыру мерзімдеріне сәйкес іс-шараларды жүргізу.
Сапасы: түзелу жолына түскен сотталғандардың санын көбейту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
217-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Қылмыстық-атқару жүйесі объектілерін салу және реконструкциялау»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3705420 мың теңге (үш миллиард жеті жүз бес миллион төрт жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сотталғандар мен тергеу-қамауға алынған адамдарды ұстау үшін коммуналдық-тұрмыстық жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жаңа түзеу мекемелері мен тергеу изоляторының құрылысын салу және қайта жаңарту жолымен сотталғандар мен тергеу-қамауға алынған адамдарды ұстау тығыздығын төмендету; республика бойынша сотталғандарды тасымалдау санын азайту мақсатында сотталғандардың барлық санаттарына сотталғанға немесе тұтқындалғанға дейін тұрған аймағының шегінде жазасын өтеу үшін жағдайлармен қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлерінің қызмет жағдайын құрылыс нормалары мен ережелеріне және санитарлық-эпидемиялық мөлшеріне сәйкес келтіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Қылмыстық-атқару жүйесі объектілерін салу және реконструкциялау | «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес іс-шараларға бөлінген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес түзеу мекемелерінің және тергеу изоляторларының объектілерін салу және реконструкциялау жөніндегі мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру: 1. Павлодар қаласында «Химпром» ААҚ № 822 және № 823 өндірістік корпустарын 1500 орынды ерекше режимдегі түзеу колониясы етіп реконструкциялауды (жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 37-ЖІЖ бұйрығы, жобалау-сметалық құжаттама Мемлекеттік сараптаманың 2004 жылғы 29 шілдедегі № 2-365/04 қорытындысы), Шымкент қаласында 1000 орынды тергеу изоляторын реконструкциялауды және кеңейтуді (техникалық-экономи- калық негіздемелерді бекіту) туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 165-ЖІЖ бұйрығы техникалық- экономикалық негіздемелер бойынша Мемлекеттік сараптаманың 2006 жылғы 2 ақпандағы № 2-52/06 қорытындысы) аяқтау. 2. Алматы қаласында 1500 орынды тергеу изоляторын реконструкциялауды және кеңейтуді (техникалық-экономикалық негіздемелерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2004 жылғы 7 қаңтардағы № 6-ЖІЖ бұйрығы, техникалық-экономикалық негіздемелер бойынша Мемлекеттік сараптаманың 2005 жылғы 16 қыркүйектегі 2-654/05 қорытындысы) жалғастыру. 3. 1500 орынды тергеу изоляторларының салуын Семей қаласында (техникалық-экономикалық негіздемелерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2005 жылғы 22 қазандағы № 309-ЖІЖ бұйрығы, техникалық- экономикалық негіздемелер бойынша Мемлекеттік сараптаманың 2005 жылғы 18 тамыздағы № 2-569/05 қорытындысы), Өскемен қаласында (техникалық-экономикалық негіздемелерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2005 жылғы 22 қазандағы № 310-ЖІЖ бұйрығы, техникалық-экономика- лық негіздемелер бойынша Мемлекеттік сараптаманың 2005 жылғы 18 тамыздағы № 2-570/05 қорытындысы), Орал қаласында (техникалық-экономикалық негіздемелерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2005 жылғы 14 қарашадағы № 336-ЖІЖ бұйрығы, техникалық- экономикалық негіздемелер бойынша Мемлекеттік сараптаманың 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 2-672/05 қорытындысы) бастау. Осы жобалар шегінде белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау- сметалық құжаттамаға сәйкес мынадай іс-шаралар өткізіледі: 1) Салуға және қайта жаңартуға жер дайындау бойынша жұмыстар жүргізу: - жер учаскесін бөліп беру; - құрылыс салу аймағына кіретін ғимараттар мен құрылыстарды өтеу; - бұзылатын және көшірілетін ғимараттарға, құрылыстарға және әр түрлі мақсаттағы инженерлік желілерге өтемақы төлеу; - қолданыстағы ғимараттардың және құрылыстардың істегі қабілетіне және сейсмикалық тұрақтылығына тексеру жұмыстары; - топографиялық-геодезиялық жұмыстар жүргізу; - инженерлік-геологиялық іздеулер жүргізу; - жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу; - жобалау-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасын жүргізу; - жобаны іске шығару. 2) Құрылыс-монтаж, санитарлық-техникалық, электрмонтаждық жұмыстар. 3) Насос станцияларын, санитарлық-техникалық, технологиялық, асханалық, монша-кір жуу жабдықтарын, сигналдама мен байланыс жабдықтарын, бейне-бақылау және арнайы жабдықтар жүйесін сатып алу және монтаж жасау. 4) Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге сыру бойынша қызмет көрсетулерге ақы төлеу: - техникалық қадағалауды (шарт негізінде немесе жеке тұлға ретінде инжиниринг қызметтерін көрсететін ұйымдарды тарта отырып) ұстау; - авторлық қадағалауды жүзеге асыру; - алаңды және инженерлік желілерді атқарушылық суреттерге түсіру; - жылжымайтын мүлік орталықтарында жылжымайтын мүлікті тіркеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер; - 3-тармақшада көрсетілген жабдықтарды реттеу жұмыстарын жүзеге асыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық -атқару жүйесі комитеті, оның аумақтық органдары, түзеу мекемелері, тергеу изоляторлары. |