2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі)
Осы редакция 2008 жылғы 13 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың: 265, 266, 267, 268, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 281, 282, 283, 284, 285, 286, 287, 288, 289-қосымшаларғасәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 265-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1774338 мың теңге (бір миллиард жеті жүз жетпіс төрт миллион үш жүз отыз сегіз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы; «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы № 905 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1124 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәселелері« туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1327 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 899 қаулысы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 944 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ету және оны іске асыру; денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру; жүктелген функциялардың неғұрлым тиімді орындалуына қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің орталық аппаратының қызметін қамтамасыз ету; халықты қауіпсіз, қолжетімді, сапалы медициналық әрі дәрілік көмекпен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығымен қамтамасыз ету; салауатты өмір салтын насихаттау; бәсекелестік ортаны дамыту, мемлекеттік медицинаны монополиясыздандыру; жедел және стратегиялық шешімдерді қабылдаудың сапасын жақсарту мақсатында ақпараттық ішкі жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің материалдық-техникалық базасын нығайту. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің аппараттарын ұстау; қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби білімі мен дағдыларын жаңарту және тереңдету; денсаулық сақтауды басқару жүйесін жетілдіру; медициналық қызметтер көрсетудің сапасын бақылау; денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу; тәуелсіз сараптама институтын дамыту; біліктілік санатын беру жүйесін, біліктілік құзыреттілікке аттестаттау жүйесін жетілдіру; қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензиялауды жүргізу; дәрілік заттар мен фармацевтикалық қызметтер көрсетудің сапасын, тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру; көлікте бақылаудағы объектілерді мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қамтамасыз ету, шекараны жұқпалы және паразиттік аурулардың әкелінуі мен таралуынан санитарлық қорғау; азаматтардың өтініштерін қарау; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесін сүйемелдеу, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің есептеу техникасын, жергілікті есептеу желілерінің жүйелі әрі техникалық күтімін қамтамасыз ету, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа өңірлік бюросымен басқа да халықаралық ұйымдармен ақпараттық байланысты және ақпаратпен алмасуды қолдау; аумақтық органдардың ғимараттары мен үй-жайларын күрделі жөндеуді жүргізу, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелерін негізгі құралдармен қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2008.26.05. № 498 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бекітілген штат саны лимиті шегінде орталық аппарат пен оның аумақтық органдарын ұстау; мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру; мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін орындау үшін кәсіби білімдері мен дағдыларын тереңдету; бақылау объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге, гигиеналық нормативтерге сәйкес келуін бақылау; лицензиялау жүйесін жетілдіру; медициналық көмектің сапасын дәлелді түрде жақсарту; дәрілік заттар мен көрсетілетін фармацевтикалық қызметтердің сапасының, тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру; денсаулық сақтау жүйесінің тұтынушылардың қалауына сәйкестігін арттыру; деректерді жинаудың, жедел тапсырмаларды өңдеудің орташа уақытын және талдау анықтамаларын берудің мерзімдерін қысқарту; облыстардан статистикалық есептерді қабылдаудың мерзімін азайту (жылдық есеп - 18 күнге дейін, тоқсандық - 3 күнге дейін); ел ішінде орта есеппен 90 қызметшінің біліктілігін арттыру; орта есеппен 51 қызметшіні ағылшын тіліне оқыту; орта есеппен 105 қызметшіні мемлекеттік тілге оқыту; дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік органның қызметшілерін орта есеппен 20 адамын және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның орта есеппен 35 адамын шетелде оқыту; медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасын күрделі жөндеуді және қайта құруды жүргізу; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігін негізгі құралдармен, шығыс материалдарымен және басқа да жабдықтармен жарақтандыру, аппараттық жүйелерді сүйемелдеу және техникалық жағынан қамтамасыз ету; фармацевтикалық бақылау, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеттерінің аумақтық органдарын есептеуіш, ұйымдастыру және телекоммуникациялық техникамен, лицензияланған бағдарламалық өнімдерімен, шығыс және құрамдауыш материалдармен жарақтандыру. Түпкілікті нәтиже: оларға жүктелген функцияларының орындалуы үшін денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Қаржылық-экономикалық нәтиже: орталық аппараттың бір мемлекеттік қызметшісін ұстауға жұмсалатын орташа шығын - 1724,13 мың теңге; денсаулық сақтауды басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі бір іс-шараны орындауға жұмсалатын орташа шығын - 2294,772 мың теңге; салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі бір іс-шараны орындауға жұмсалатын орташа шығын - 135,26 мың теңге; аумақтық органның бір мемлекеттік қызметшісін ұстауға жылына жұмсалатын орташа шығын - 1001,2 мың теңге; бір қызметшінің біліктілігін ел ішінде арттыруға ұстауға жұмсалатын орташа шығын - 22,144 мың теңге; дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган бір қызметшісінің біліктілігін шетелде арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 861,55 мың теңге; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бір қызметшісінің біліктілігін шетелде арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 2129,514 мың теңге; бір қызметшіні ағылшын тіліне оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар - 37,657 мың теңге; бір қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар - 37,271 мың теңге; Бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасы мен мемлекеттік сараптамаға сәйкес Медициналық қызмет көрсету саласындағы сапасын бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасының ғимаратын күрделі жөндеуді жүргізу. Уақыттылығы: жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімдерде орындау. Сапасы: денсаулық сақтау жүйесін басқару деңгейін арттыру; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның аумақтық органдарына жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 266-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандар даярлау» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 6904128 мың теңге (алты миллиард тоғыз жүз төрт миллион бір жүз жиырма сегіз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі заңының 26-бабы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 7 , 48-баптары; «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 маусымдағы Заңының 6-бабы; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 3 , 8 , 35, 36, 56, 62 және 64-баптары; «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы« Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Мемлекеттік білім беру гранты туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; «Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 317 қаулысы; «Мемлекеттік органдардың азаматтардың әскери қызметке дайындығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласын жоғары медициналық және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандармен қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: денсаулық сақтау саласының білікті кадрларын даярлауды қамтамасыз ету, жоғары оқу орындарының студенттерін медициналық мамандықтар бойынша запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлауды қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: студенттерді мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау - 4500; медициналық жоғары оқу орындарының әскери кафедраларына запастағы офицерлерді қабылдау - 600; PhD докторанттар - 10, резидентура тыңдаушылары - 158, магистранттар - 70; 1-курс студенттерін стипендиямен қамтамасыз ету (жаңа қабылдау) - 100 пайыз, оқуды жалғастырушыларды орта есеппен - 86 пайыз және интерндерді - 90 пайыз; магистранттар, клиникалық ординаторлар, резидентура тыңдаушылары, аспиранттар, PhD докторанттар мен докторанттарды - 100 пайыз. Түпкілікті нәтиже: денсаулық сақтау ұйымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын 1 білім алушыны даярлауға жұмсалатын орташа шығыс - жылына 263 мың теңге; запастағы офицерді даярлауға - жылына 25,4 мың теңге; докторантты даярлауға - жылына 64,3 мың теңге; PhD докторанттар даярлауға - жылына 700,0 мың теңге; аспирантты даярлауға - жылына 123,7 мың теңге; клиникалық ординаторды даярлауға - жылына 153,2 мың теңге; резидентура тыңдаушысын даярлауға - жылына 153,2 мың теңге; магистрантты даярлауға - жылына 333,8 мың теңге. |