«Мемлекеттік монополия субъектiлерiнiң және осы субъектiлер монополиялық
жағдайда болатын салалардың тiзбесiн бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 304 Қаулысы
(2008.18.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 19 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік монополия субъектiлерiнiң және осы субъектiлер монополиялық жағдайда болатын салалардың тiзбесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2005 жылғы 4 сәуірдегі
№ 304 қаулысымен
бекiтілген
ҚР Үкіметінің 2005.13.07. № 726; 2005.03.10. № 991; 2008.28.02. № 205 (бұр. ред. қара); 2008.18.04. № 365 (бұр.ред.қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді
Мемлекеттік монополия субъектілерiнiң және осы
субъектілер монополиялық жағдайда болатын
салалардың тiзбесi
P/c № | Монополиялық жағдайда болатын мемлекеттік монополия субъектілерiнiң қызмет салалары | Субъектілердiң атауы | |
1 | 2 | 3 | |
1 | Мемлекеттік орман қорының шекараларын белгiлеумен, ормандарды түгендеумен және мемлекеттік орман қорының учаскелерiнде орман шаруашы- лығын жүргiзудi жоспарлаумен байланысты орман орналастыру | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Қазақ орман орналастыру кәсiпорны» қазыналық кәсiпорны | |
2 | Мемлекеттік қорғауға жататын объектiлердi күзету | Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң «Мамандандырылған күзет қызметi» мемлекеттік мекемелерi | |
3 | Мемлекеттік сатып алу процесiн қамтамасыз ету үшін құрылатын ақпараттық жүйелер саласындағы шаруашылық жүргізудi жүзеге асыру | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң «Электрондық коммерция орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны | |
4 | Аса қауiптi зиянды организмдердiң фитосанитарлық мониторингi | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны | |
5 | Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларының диагностикасы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық ветеринарлық зертхана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны | |
6 | Тiркеу сынақтары, ветеринарлық препараттарды, жемдер мен жемдiк қоспаларды байқаудан өткізу, сондай-ақ ветеринарлық препараттардың серияларын (партияларын) оларды жарнамалау кезiнде бақылау | |
7 | Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауру ошақтарын жою | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық эпизоотикаға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны | |
8 | Мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық бақылау бекеттерiнде көлiк құралдарын дезинфекциялау | |
9 | Ветеринарлық препараттардың республикалық қорын сақтау | |
10 | Тауар белгілерiн, қызмет көр- сету белгiлерiн, тауарлардың шыққан орындарының атауын, өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгілердi, селекциялық жетiстiктердi қорғау | Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң «Ұлттық зияткерлiк меншiк институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны | |
11 | Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттарын жасау | Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Тiркеу қызметi комитетiнiң «Ақпараттық-өндiрiстiк орталық» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны | |
12 | Мемлекеттік гидрометеорологиялық мониторинг және қоршаған ортаның жай-күйiне мониторинг жүргiзу | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң «Қазгидромет» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республика- лық мемлекеттік кәсiпорны | |
13 | Кәсiпорындарды этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру құқығына арналған лицензия беру алдындағы тексеру, спирт өлшейтiн аппараттарды юстировкалау және есептеу құралдарына құйып бақылау | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң «ҚазАлкоОрталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | |
14 | Білім сапасының мониторингi, ұлттық бiрыңғай тестiлеу, жоғары оқу орындарына қабылдау жөнiндегі кешендi тестілеу, жоғары білім бағдарламаларын iске асырушы ұйымдарды аралық мемлекеттік бақылауды және аттестаттауды жүргiзу кезiндегi тестілеу | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | |
15 | Қан және олардың компоненттерiн дайындау, консервациялау, сақтау және сату | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «Республикалық қан орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны | |
16 | Дәрiлiк заттарды мемлекеттік тiркеу кезiндегi сараптамалық жұмыстар | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техника- сын сараптау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | |
17 | Электрондық сайлау жүйесi нфрақұрылымы объектiлерiнiң торабын ұстау және дамыту жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлiк техникалық орталығы« шаруашылық |
18 | Объектілер мен кешендер құрылысының жобаларына мемлекеттік сараптама жүргiзу | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстері комитетiнiң «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргiзу құқығындағы еспубликалық мемлекеттік кәсіпорны |