Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентi туралы Қазақстан (2007.20.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсін: 1) "Үкімет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық актiлерінiң жобаларын дайындаудың және келiсудiң тәртiптерi мен оларды ресiмдеудiң ережелерi (заңдық техникасы) туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 22 шілдедегi № 678 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 23, 199-құжат): қазақ тiліндегі мәтiннің тақырыбы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнің жобаларын ресiмдеу жөніндегі нұсқаулықты (заңдық техникасы) бекіту туралы"; көрсетiлген қаулымен бекітілген Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын дайындаудың және келiсудiң тәртiптерi мен оларды ресiмдеудiң ережелерi (заңдық техникасы) туралы нұсқаулықта: қазақ тiліндегі мәтiннiң тақырыбы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнің жобаларын ресiмдеу жөніндегі нұсқаулық (заңдық техникасы)»; «1. Жалпы ережелер» және «2. Үкiмет пен Премьер-Министр актілерінiң жобаларын дайындаудың және олардың келiсуден өтуiнiң тәртібі» деген бөлiмдер алынып тасталсын; 36-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Тараулардың, бөлiмдердiң, параграфтар мен бөлiмшелердiң тақырыптары алдыңғы мәтіннен - екi жол аралық интервалмен, ал келесi мәтiннен - бiр интервалмен ажыратылады.»; 42-тармақта «тақырыптан» деген сөзден кейiн «, тараулардың, бөлiмдердiң, параграфтар мен бөлiмшелердiң атауларынан» деген сөздермен толықтырылсын; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат): 6-тармақта «40-1-тармағының» деген сөздер «69-тармағының» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде: 4-тармақтың сегiзiншi абзацында «бiр айлық» деген сөздер «15 күндiк» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесiнде: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Үкiмет Парламенттiң қарауына енгiзетін заң жобалары бойынша «Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» Үкiметтiң 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесiне сәйкес заң жобасында реттелетiн құқықтық қатынастарға қарай тиiстi ғылыми сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа) жүргiзу мiндеттi. Бұл ретте қабылдануынан туындайтын болжамды салдарлар экологиялық, соның iшiнде радиациялық қауiпсiздiкке, қоршаған ортаны қорғауға қауiп төндiруi мүмкiн заңнамалық кесiмдердiң жобалары мiндеттi түрде экологиялық сараптама жасауға жатады. Заң жобасын әзiрлеушi оны мүдделi мемлекеттік органдармен келiскенге дейiн жобаның тиiстi сараптамасы жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi, оның нәтижелерi бойынша қорытынды заң жобасына басқа да материалдармен бiрге мемлекеттік және орыс тілдерiнде ұсынылады.»; 9 және 10-тармақтар алынып тасталсын; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Заң жобасын мемлекеттік органдармен келiсу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.»; 3) «Кейбiр нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Көрсетiлген нұсқаулықтардың талаптары оларға қатысты бөлiгiнде барлық мемлекеттік органдар үшiн мiндеттi деп белгiленсiн.»; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта: 12-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Кеңсеге енгiзiлетiн Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларына, сондай-ақ оларға қосымшалардың әрбiр парағына жобаны әзiрлеушi мемлекеттік органның бiрiншi басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам алдын ала қол қоюға тиiс.»; 17-тармақта «Қаржы министрлігін, Экономика министрлігін» деген сөздер «Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін» деген сөздермен ауыстырылсын; 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "22. Кеңседе ?кімет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары бойынша сараптама жүргiзу (соның iшiнде қорытындылар дайындау) мерзiмдерi Үкiметтiң Регламентiнде белгiленген. Сараптаманы қоса алғанда Кеңседе жобалардың өту мерзiмдерi (жобаның тiркелген күнiнен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейiн): ?кімет қаулыларының жобалары мен заң жобалары үшiн - 15 жұмыс күнiнен, Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары үшiн - 10 жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Жобалар мәтiнiнiң көлемi үлкен және күрделi болуына байланысты өту мерзiмдерiн Кеңсе Басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам ұзартуы мүмкiн."; 89-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Yкімет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық кесiмдерi жобаларын дайындау және келiсу тәртібіне, оларды ресiмдеу (заңи техника) ережесi туралы нұсқаулықтың" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөніндегі нұсқаулықтың (заңдық техникасы)" деген сөздермен ауыстырылсын; 90-тармақтың екiншi сөйлемi алынып тасталсын; 104-тармақтың үшiншi абзацындағы "министрлiктер мен ведомстволарға" деген сөздер алынып тасталсын; 137, 140-тармақтардағы және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулыққа 12-қосымшаның 1-тармағындағы "РМК" деген аббревиатура "РМҚК" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде есептеу техникасы құралдарын қолдану арқылы іс жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта: 17-тармақтың 2) тармақшасында "республикалық мемлекеттік" деген сөздерден кейiн "қазыналық" деген сөзбен толықтырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта: 1-тармақта "сауал салуларының" деген сөздерден кейiн «депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру туралы өтiнiшпен Парламент Палаталары хаттарының" деген сөздермен толықтырылсын, "(бұдан әрi - бақылаудағы құжаттар)" деген сөздер алынып тасталсын; 2-тармақта "орындалу мерзiмiн" деген сөздер "орындалуын" деген сөзбен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде (бұдан әрi - Кеңсе) бақылау жұмысын үйлестiрудi Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады, ол мынадай құжаттарды (бұдан әрi - бақылаудағы құжаттар) бақылауға алады: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің Үкiметке немесе оның басшылығына тапсырма беретiн кесiмдерiн; 2) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалары бар Үкiметтiң қаулыларын, Үкiмет мәжілістерiнiң хаттамаларын, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн; 3) Президенттiң Үкiметке немесе оның басшылығына, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Президент Әкiмшiлiгi басшылығының және Кеңсе Басшысының не оны алмастыратын адамның орындалу мерзiмдерi көрсетiлген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулары, "шұғыл", "баяндалсын", "ұсыныстар енгiзiлсiн" деген белгiлерi бар тапсырмалары (соның ішінде мәжілiстер хаттамалары мен iс-шаралар жоспарларында қамтылған), сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттiгi туындайтын тапсырмаларды; 4) Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының сауалдары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру өтiнiшiмен Парламент Палаталарының хаттарын."; 8-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Құрылымдық бөлiмшелер - тапсырмаларды бiрге орындаушылар жинақтауды жүзеге асыратын бөлiмшеге өз ұсыныстарын тапсырманың белгіленген орындалу мерзiмi өткенге дейiн бiр күннен кешiктiрмей енгiзедi."; 12-тармақтың бiрiншi абзацында: "Сараптама жүргiзудiң" деген сөздер "Жауаптардың (есептердiң) сараптамасын жүргізудiң" деген сөздермен ауыстырылсын; "Кеңседе тiркелген күнiнен бастап" деген сөздер және ", ал заң жобалары үшін - он күннен" деген сөздер алынып тасталсын; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "21. Бақылаудағы құжаттарды бақылаудан алу, орындалу мерзiмдерiн ұзарту мен орындалуы туралы жауаптарды (есептердi) ұсыну Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентiне сәйкес жүзеге асырылады."; 22, 23, 24 және 25-тармақтар алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтардың өтiнiштерiн қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулықта: мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын: "16-1. Азаматтардың хаттары мен өтiнiштерiн қарау және оларға Басшылық тапсырмаларының орындалуы мерзiмдерiн бақылауды Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады."; 17, 18, 19, 20, 22 және 23-тармақтар алынып тасталсын; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "21. "Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi № 974 қаулысына сәйкес орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды тiкелей өздерi басқаратын органдарда жүргiзедi". 3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
ҚР Yкіметінiң 2005.01.03. № 190 (бұр. ред. қара); 2006.07.04. № 256 (бұр.ред.қара) (күшіне енетін мерзімін қара) қаулыларымен ҚР Yкіметінiң Регламенті жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің РЕГЛАМЕНТI
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді. 2. Үкіметтің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерімен және осы Регламентпен реттеледі. 3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - Премьер-Министр) мен Үкіметтің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрі - Кеңсе) жүзеге асырады. 4. Құпия және құпия емес іс қағаздарын ұйымдастыруды және жүргізуді, Премьер-Министрге, оның орынбасарына және Кеңсе Басшысына арналған хат-хабарларды, оның ішінде әр түрлі байланыс және деректер беру арналары арқылы келіп түсетін хабарларды қабылдауды, өңдеу мен таратуды Кеңсе Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырады. 5. Соттарда Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Yкімет пен Премьер-Министрдің мүдделерін білдіруді және қорғауды, сондай-ақ Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша конституциялық іс жүргізуге қатысуды талқылау мәні болған мәселелер құзыретіне енетін мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді. 6. Үкіметтің нормативтік құқықтық кесімдеріне ресми түсініктеме беруді Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Әділет министрлігі жүзеге асырады. 7. Үкіметтің құзыретіне енетін кадр мәселелерін шешу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 8. Премьер-Министр, оның орынбасары және Кеңсе Басшысы өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары мен ұйымдарының басшыларына олармен алдын ала келіспей-ақ орындалуға міндетті тапсырмалар бере алады.
9. Премьер-Министрге және оның орынбасарына (бұдан әрі - Үкімет басшылығы) арналған хат-хабарды Кеңсе алдын ала қарайды. Орталық және жергілікті атқарушы немесе өзге де мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын және олар бойынша Үкімет немесе Премьер-Министр шешімдерінің қабылдануын талап етпейтін мәселелер бойынша Үкімет басшылығына арналған заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен өтініштерін Кеңсе кейіннен авторына хабарлай отырып, мәселенің мән-жайы бойынша қарау үшін тиісті органға жібереді. Сондай-ақ Кеңсе: мемлекеттік органдардың, облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің немесе жекелеген заңды тұлғалардың Үкімет немесе Премьер-Министр шешімдерінің қабылдануын талап ететін, оның ішінде республикалық бюджеттен және Үкіметтің резервінен қаражат бөлу туралы, бірақ өтініштерде көтерілетін мәселелер құзыретіне енетін орталық атқарушы органдарда пысықталмаған өтініштерін авторларына қайтарады; аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің, Астана және Алматы қалаларының аудандары әкімдерінің, аудандық маңызы бар қалалар аудандары әкімдерінің, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің олармен және тиісті мемлекеттік органдармен келісілмеген өтініштерін тиісінше облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне жібереді. Кеңсе Үкімет басшылығына және Кеңсе Басшысына арналған, мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысы немесе бірінші басшының міндетін атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкімет басшылығына және Кеңсе Басшысына арналған құжаттарға қол қоюға бірінші басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға (бұдан әрі - басшы) қол қойған құжаттарды қабылдайды. Өзге арналған және басқа лауазымды тұлғалар қол қойған құжаттар қабылданбайды. Кеңсе берілуі белгіленген есептілікте көзделмеген ақпаратты; салықтарды төлеу мерзімін ұзарту туралы өтініштерді; әзірлеуші органдардың олар дайындаған нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын және өзге құжаттарды орталық атқарушы органдар жұмыс органдары болып табылатын мүдделі мемлекеттік органдардың немесе ведомствоаралық комиссиялардың қарауы туралы тапсырма беру өтініші бар арыздарын; жабық конверттердегі хат-хабарларды (құпия, кадр мәселелері бойынша және басқа қаладан келгендерді қоспағанда), осы Регламенттің және "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысыменбекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың (бұдан әрі - Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық) талаптарын бұза отырып дайындалған құжаттарды қабылдамайды. 10. Орталық атқарушы органдар мен олардың ведомстволары өздеріне келіп түсетін хаттарды, өтініштерді және өзге де құжаттарды қарайды әрі өздерінің ережелеріне және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес олардың құзыретіне енетін барлық мәселелер бойынша өз бетінше шешімдер қабылдайды. Орталық атқарушы органдар олардың бірлескен құзыретіне енетін мәселелерді шешу үшін қажет болған кезде белгіленген тәртіппен олардың басшылары қол қойған бірлескен бұйрықтар түрінде шешімдер қабылдайды. Орталық атқарушы органдар өз бетінше шешуі тиіс мәселелер бойынша Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдері қабылданбайды. Орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары нормативтік құқықтық кесімдер шығаруға құқығы жоқ. 11. Ведомстволар тиісті мемлекеттік органның басшысының келісімі (ведомствоның хатында бұрыштамасы) болған кезде ғана, сондай-ақ Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының олардың атына берген тікелей тапсырмаларына жауап жіберген кезде өз бетінше Үкіметтің атына өтініш білдіре алады. Мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері Үкіметтің атына өз бетінше өтініш білдіруге құқығы жоқ. 12. Тиісті шешім қабылдау үшін Үкімет басшылығының атына бастамашылық тәртіппен жіберілетін қызметтік хат-хабарды мемлекеттік органдар мынадай жағдайларда енгізеді: 1) егер мәселені шешу Үкіметтің тікелей құзыретіне енсе, енгізіп отырған мемлекеттік орган оны өзінің өтінішінде көрсетеді; 2) орталық атқарушы органдардың арасында қағидатты сипаттағы және қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша еңсерілмес келіспеушіліктер болған кезде; 3) егер мәселені шешу ведомствоаралық үйлестіруді талап етсе. Мұндай жағдайларда хат-хабар шешім қабылдау үшін мәселенің мазмұнына қарай және Премьер-Министр, оның орынбасары және Кеңсе Басшысы арасында міндеттерді бөлуге сәйкес Премьер-Министрге немесе оның орынбасарына жіберілуі тиіс.
3. Үкімет мәжілістерін жоспарлау
13. Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелер заңнамада белгіленген Үкімет өкілеттіктерін ескере отырып анықталады. 14. Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесін кезекті тоқсан басталғанға дейін Үкімет мүшелерінің, агенттіктер төрағаларының ұсыныстары бойынша Кеңсе жасайды. Үкімет мәжілістерінде қарау жоспарланып отырған мәселелердің тізбесі Премьер-Министрдің өкімімен бекітіледі. Жоспарланған мәселелердің бекітілген тізбесі Үкімет мүшелеріне, агенттіктердің төрағаларына, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне және қажет болған кезде басқа да мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың басшыларына жөнелтіледі. Жоспарланған мәселені қараудан алу немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешімді мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік органның немесе өзге де мүдделі органның (ұйымның) басшысы қол қойған, Премьер-Министрдің атына жазылған жазбаша өтініш негізінде Премьер-Министр не онымен келісім бойынша Кеңсе Басшысы қабылдайды. Көрсетілген шешім туралы өзінің құзыретіне орай мүдделі мемлекеттік органдар хабардар етіледі.
4. Yкімет мәжілістерін дайындау және өткізу тәртібi
15. Үкімет мәжілістері Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесіне сәйкес немесе қажет болған кезде, бірақ кемінде айына бір рет өткізіледі және оны Премьер-Министр не Қазақстан Республикасының Президенті (бұдан әрі - Президент) шақырады. 16. Үкімет мәжілістеріне Премьер-Министр, ал ол болмаған кезде Премьер-Министр белгілеген міндеттерді бөлуге сәйкес Премьер-Министрді алмастыратын не Премьер-Министр белгілеген тәртіппен Премьер-Министрдің міндетін атқарушы Премьер-Министрдің орынбасары төрағалық етеді. Мәжілістерге Президент қатысқан кезде Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр төрағалық етеді. Үкімет мәжілістері ашық болып табылады әрі мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Президенттің не Премьер-Министрдің бастамасы бойынша Yкіметтің жабық мәжілістері өткізілуі мүмкін. 17. Мәжіліс, егер оған Yкімет мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады. Yкімет мүшелері мәжілістерге алмастыру құқығынсыз қатысады. Мәселенің Үкімет мәжілісінде қаралу нәтижелері бойынша қатысушы Үкімет мүшелерінің көпшілік дауысымен хаттамалық шешім қабылданады, ал дауыстар тең болған кезде мәжіліске төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. 18. Үкімет мәжілістеріне, әдетте, Премьер-Министрмен келісілген тізбе бойынша агенттіктердің төрағалары, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысады. Үкімет мәжілістеріне Мемлекет басшысының кесімдерімен осындай құқық берілген лауазымды тұлғалар да қатыса алады. Үкімет мәжілістеріне Кеңсенің шақыруы бойынша Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, Кеңсе қызметкерлері мен өзге де адамдар қатыса алады. Үкімет мәжілістеріне шақырылғандардың тізімін анықтау немесе нақтылау жөніндегі ұсынысты мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік орган талқыланатын мәселелерге қарай мәжіліске дейін кемінде 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізеді. Yкімет мәжілісіне шақырылғандардың тізіміне Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы қол қояды. Шақырылғандардың Үкімет мәжілісіне қатысуын Кеңсе қамтамасыз етеді. 19. Мемлекеттік органдар Үкімет мәжілісінде қарауға арналған мәселені дайындау кезінде мынадай талаптарды сақтайды: 1) мәжіліске ұсынылатын құжаттар Үкімет мәжілістерінде қаралатын мәселелер бойынша хаттамалық шешімдердің жобаларына, анықтамаларға, салыстырма кестелерге, ақпараттық (талдамалық) және басқа да материалдарға мемлекеттік органның басшысы әр парағына қол қояды және ол қол қойған ілеспе хатпен енгізіледі; 2) әрбір мәселе бойынша хаттамалық шешім жобасының, анықтаманың, өзге де қажетті материалдардың тақырыбы бірдей болуы және мәселенің мәнін толық көрсетуі тиіс. Әдетте, олардың көлемі 5 бет мәтіннен аспауы тиіс (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндер үшін № 14 мөлшерлі "TimesNewRoman" қарпі қолданылады); 3) Үкімет мәжілісінде бейнелі ақпарат көрсету туралы мәселе мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік органның басшысымен, Кеңсе Басшысымен алдын ала келісілуі тиіс; 4) Үкімет мәжілісіне құпия материалдар Кеңсеге Үкімет қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес енгізіледі. Үкімет мәжілістеріне материалдар дайындаған кезде орталық атқарушы органдардың ведомстволары осы Регламенттің 11-тармағының талаптарын сақтауы тиіс. 20. Yкімет мәжілісінде қарауға дайындалған материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде мәжіліске дейінгі 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей Кеңсеге енгізіледі. Кеңсе Премьер-Министрмен не оны алмастыратын немесе Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғамен келісім бойынша Кеңсе Басшысы бекітетін мәжілістің күн тәртібінің жобасын жасайды, күн тәртібін тиісті материалдармен бірге Үкімет мүшелеріне және Кеңсе Басшысы қол қойған мәжіліске шақырылғандардың тізіміне сәйкес басқа да лауазымды тұлғаларға дереу жолдайды. Мемлекеттік органдар Үкімет мәжілісіне материалдарды уақтылы ұсынбаған жағдайда Кеңсе Басшысы бұл туралы Премьер-Министрге немесе оны алмастырушы не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаға баяндайды. Үкімет мәжілістеріне материалдардың уақтылы ұсынылмағандығы үшін жауапкершілік осы органдардың бірінші басшыларына жүктеледі. Премьер-Министрдің не оны алмастырушы немесе Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның тапсырмасы бойынша Үкімет мәжілісі шұғыл түрде өткізілетін айрықша жағдайларда материалдар Кеңсеге ол өткізілетін күні енгізілуі мүмкін және Үкімет мәжілісіне қатысушыларға мәжілісте тікелей жеткізіледі. 21. Мәжіліске қатысып отырғандар өздерінің атына немесе өздері білдіріп отырған органдардың (ұйымдардың) атына тапсырмалар мен олардың орындалу мерзімінің деректер жазбасын жүргізуі тиіс. Үкімет мәжілісінің хаттамасын дайындау мақсатында, әдетте, Кеңсенің тиісті бөлімшесінің мәжіліске қатысып отырған қызметкері хаттамалық жазбалар жүргізеді, оларда талқыланып отырған мәселелердің атауы мен мәні, баяндамашылар және талқылау кезінде сөз сөйлеушілер, олардың сөйлеген сөздерінің, ескертулердің негізгі мазмұны және Үкімет мүшелері қабылдаған шешімдер тіркеледі. Әдетте, кейіннен фонограммалары толығымен жазылатын және оларды басып шығарылатын, Үкімет мәжілістерінің дыбыстық жазбасы жүргізіледі. Қажет болған кезде Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша мәжілістің бейне жазбасы жүргізілуі мүмкін. Үкімет мәжілісінің хаттамасын мәжілісте қаралған мәселелер құзыретіне жататын Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері дайындаған хаттамалық тапсырмалардың тұжырымдамалары негізінде Кеңсенің құжаттамалық қамтамасыз етуге жауапты бөлімшесі мәжіліс аяқталған күнінен бастап үш күн мерзімде елтаңбалық бланкіге жасайды. Бұдан кейін хаттамаға Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша), мәжіліске қатысқан Премьер-Министрдің орынбасары, Кеңсе Басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға бұрыштама соғады және мәжіліске төрағалық етуші қол қояды. |