|
|
|
Балық аулау ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2008 жылғы 28 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Балық аулау ережесi бекітілсiн. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 18 наурыздағы № 246 қаулысымен бекітілген
Балық аулау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Балық аулау ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) балық аулауды ұйымдастыру мен жүргiзу тәртібін регламенттейдi. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 5 қаңтардағы № 2 қаулысымен бекітілген Жануарлар дүниесi объектілерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгiлеу ережесіне сәйкес уәкiлеттi орган балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар белгiлейдi. 3. Осы Ереженiң күшi сарқынды су жинақтауыштары мен балық питомниктерiнiң су тоғандарына, сондай-ақ уылдырық шашу-өсiру, тоғандық, көл тауарлық және басқа да балық өсiру шаруашылықтарына, балық аулаудың өзге тәртібі белгiленген ерекше қорғалатын табиғат аумақтарына қолданылмайды. 4. Балық аулау - балық аулау және балық аулау объектiсi болып табылатын басқа да су жануарларын олжалау. 5. Балық аулау мынадай түрлерге бөлiнедi: 1) кәсiпшiлiк балық аулау; 2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау. 6. Кәсiпшiлiк балық аулау - кәсiпкерлiк қызмет мақсатында балық аулау және балық аулау объектiсi болып табылатын басқа да су жануарларын олжалау. Кәсiпшiлiк балық аулау балық шаруашылығы ұйымдарына бекітілiп берiлген балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) ғана жүзеге асырылады. 7. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау - балық аулаушының олжаланған өнiмдi жеке тұтынуы, спорттық, эстетикалық қажеттiлiктi қанағаттандыруы мақсатында балық аулауы және басқа да су жануарларын олжалауы.
8. Кәсiпшiлiк балық аулауға пайдаланушыда мынадай құжаттар болған кезде рұқсат етіледi: 1) рұқсат; 2) уәкiлеттi органмен кәсiпшiлiк балық аулауға жасалған шарт; 3) көрсетiлген шарт жасалған жағдайда, балық шаруашылығы су тоғаны (учаскесi) бекiтілiп берiлген пайдаланушы мен жеке және заңды тұлғалардың арасындағы шарт; 4) уәкiлетті орган белгiлеген нысан бойынша толтырылған, уәкiлетті органның мөрiмен куәландырылған кәсiпшiлiк журналы (бұдан әрi - журнал). 9. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауға пайдаланушыда мынадай құжаттар болған кезде рұқсат етiледi: бекітілiп берілмеген балық шаруашылығы су тоғандарына балық шаруашылығы ұйымының жолдамасы; бекітілiп берілген балық шаруашылығы су тоғандарында бір шыққанда 5 килограммнан астам балық аулаған кезде уәкiлеттi органның рұқсаты. 10. Кәсiпшілiк балық аулау пайдаланушыларға бекiтілiп берiлген барлық су тоғандарында (учаскелерiнде), Шектеулер мен тыйым салуды белгілеу ережесіне сәйкес қолдануға тыйым салынғандарынан басқа рұқсат етілген аулау құралдарының барлығымен жүргiзiледi. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балық аулаушыға 5-тен көп емес iлмектерi бар барлық жүйелер мен атаулардағы (жылтырауық, қармақ, жерлицтер, спиннингтер) қармақтармен, сондай-ақ азаматтар демалатын аймақтан тысқары жерлерде су асты аңшылығына арналған мылтықтармен жүргiзiледi. Әрбiр балық шаруашылығы бассейні (cу тоғаны) үшін балықтар мен басқа да су жануарларының кәсiпшiлiк мөлшері Шектеулер мен тыйым салуды белгiлеу ережесіне сәйкес белгiленедi. Уәкілеттi орган және/немесе оның аумақтық органдары ғылыми ұйымдармен келісім бойынша балық аулауды бастауды неғұрлым ерте немесе кеш, бірақ балық аулау мерзiмiнiң жалпы ұзақтығы шегiнде 15 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге ауыстыру туралы шешім қабылдауы мүмкiн. 1) елдi мекендердiң, балық қабылдау пункттерiнiң жанына бакендер орнату үшiн аялдауды және аса қажет жағдайды (дауыл, авария және т.б.) қоспағанда, балық аулауға тыйым салынған шектерде су көлiгінiң тоқтауына; 2) жарылғыш және уландырғыш заттарды пайдалана отырып, балық және басқа да су жануарларын аулауды жүргiзуге, сондай-ақ балық аулау кезiнде атыс қаруы мен басқа да тыйым салынған аулау құралдарын қолдануға; 3) аулау құралдарын өзен немесе саға енiнiң үштен екiсiнен астам бөлігіне орналастыруға; 4) егер бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешімi бойынша рұқсатта көзделмесе, балық және басқа да су жануарларының жаңадан жерсіндірілген түрлерiн, балық және басқа да су жануарларының сирек және жойылып кету қаупi төнiп тұрған түрлерiн аулауға; Ескерту. Осы балықтар мен басқа да су жануарлары аулау құралдарына түсiп қалған жағдайда олар дереу тiрi күйiнде суға жiберiлуi тиіс, ал олардың аулау құралына түсу фактiсi журналға тіркелуi тиiс. Өлі балық түскен кезде пайдаланушы акт жасайды, ол оның рұқсаттарды пайдалану жөнiндегі есебiмен бiрге уәкiлеттi органға тапсырылады; 5) балық аулайтын түрлi құралдарды бір балық шаруашылығы су тоғандарынан (учаскелерiнен) екiншiлерiне арнайы өңдеусiз көшiруге; 6) аулаудың жаңа құралдары мен тәсiлдерiн, сондай-ақ рұқсатта көзделгендерден ұясы кем мөлшердегі аулау құралдарын қолдануға; Ескерту. Аулау құралдарындағы ұяның көлемi ширатылған жiптердiң 11 түйiнi арасындағы қашықтықты өлшеу және алынған санды 10-ға бөлу жолымен айқындалады. Өсiмдік талшығынан әзiрленген аулау құралын ылғал түрде өлшеу кезiнде белгiленген мөлшердi 5 пайызға азайтуға рұқсат етіледі; 7) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз өзендерде жаңа балық кәсiпшiлiгi учаскелерiн, ұйықтар, салдар және қалқымалар ашуға; 8) оларды қолдану осы Ережеде және қолданыстағы заңнамада көзделмеген аулау құралдарымен су тоғандарында немесе оған тiкелей жақын жерде болуға; 9) бір мезгiлде сүзу (жауып тастау) жүргiзуге; Ескерту. Аумен сүзу тек алдыңғы ауды жағалауға толық шығарғаннан кейiн басталады; 10) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде), ұйықтарында оларда мұз қатқан кезеңде уәкiлеттi органның келісімiнсiз, ал жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) - тиістi облыстық атқарушы органның келісімiнсiз автомобиль көлiгiнiң және өзге де механикалық жылжымалы құралдардың тұруына; Ескерту. Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңiнде, сондай-ақ тыйым салынған кәсiпшiлiк балық аулау су тоғандарында (учаскелерiнде) су көлiктерi қозғалысының тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi; 11) балықтардың қыстайтын шұңқырлары мен уылдырық шашатын жерлерiнде балық аулауға; 12) бөгеттерден, шлюздерден және көпірлерден 500 метрден жақын емес қашықтықта кәсiпшiлiк балық аулауға; 13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелмеген және тiркеу нөмірлерімен белгiленбеген жүзу құралдарымен кәсiпшiлiк балық аулауға; 14) аулау құқығына рұқсатқа сәйкес ұйымның аты мен аулау құралдарының өлшемдерiн көрсете отырып, уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жапсырмалары жоқ аулау құралдарымен кәсiпшiлiк балық аулауға; 15) теңiзде және өзендерде бекiре тектес балықтарды аулауға арналған құрмалы аулау құралдарымен кәсiпшiлiк балық аулауға; 16) құрмалы аулау құралдарын шахматтық тәртiппен құруға; 17) белгiленген лимиттен артық балық аулауға; 18) балықтарды ноқталарында сақтауға, ойылған жерден шыққан өлi және ауру балық пен балық аулау құралдарын суға және жағалау белдеуiне лақтырып тастауға; 19) белгіленген кәсiпшiлiк өлшемнен кем балық аулауға. Балықтың кәсiпшілік өлшемi (аузының жабық кезiнде) тұмсығының ұшынан құйрық қанатының орталық жарықшағы негiзiне дейiн өлшенедi. Шаяндардың кәсiпшiлiк өлшемi көзiнiң ортасынан құйрық пластинкасының аяғына дейiнгі өлшеммен айқындалады; 20) бір түрдегі балықты басқа атаумен немесе "өзге" және "майда" атауымен тапсыруға және қабылдауға; 21) балық қыстайтын шұңқырлардың және аншлагтардың, уылдырық шашатын жерлердiң, балық аулау учаскелерiнiң және балық аулауға тыйым салынған жерлердiң шекараларын белгiлейтiн бағандарды, жүзбелi таным белгілерiн жоюға немесе бүлдiруге; 22) көлдердi өзара және негізгi өзендермен қосатын тармақтарда (саяздарда), жеткiзгiш арналар мен суландыру жүйелерiнiң бұрмаларында, олардың құятын тұсының екi жағындағы көлдердiң және арналардың сағалары алдынан кемiнде 500 м қашықтықта және су тоғанының 500 м тереңдiгiнде, сондай-ақ өзен немесе арна бойымен жоғарғы қарай 1500 м қашықтықта кәсiпшiлiк балық аулауға; Ескерту. Жайық-Каспий бассейнi су тоғандарына қолданылмайды. 23) өзендер мен бастаулардың, құятын арналардың сағасынан 500 м радиуста вентерлер мен секреттер орнатуға; Ескерту. Аулау құралдарының бұл түрлерiн орнатуға қадам сызығы бойынша аулау құралдарының арасы кемiнде 1,5 км болғанда және орнату сызықтарының арасы теңiзде кемiнде 1 км болғанда және өзендер мен басқа да су қоймаларында кемiнде 50 м қашықтықта болғанда рұқсат етiледi. Теңiзде әр қанатта үштен көп емес кiндiк темiрлi вентерлердi орнатуға рұқсат етіледi, вентерлiк қондырғы қанатының ұзындығы 40 метрден аспауы тиiс; 24) балықтар уылдырық шашатын белгiленген орындарда олардың көбеюi кезеңiнде катерлермен, моторлы қайықтармен және басқа да жүзу құралдарымен моторды қосып қойып жүруге; 25) алкогольдiк немесе есiрткілiк масаң немесе өзге де түрдегi интоксикация жағдайында болуға рұқсат етiлмейдi.
3. Пайдаланушыларға балық аулау кезiнде қойылатын талаптар
12. Балық аулау кезiнде пайдаланушы: 1) өзiне бекiтілiп берiлген балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) балық ресурстары мен басқа су жануарларын, оның iшiнде сирек кездесетiн және жойылып кету қаупі төнiп тұрғандарын қорғауды, өсiмiн молайтуды және ұтымды пайдалануды; 2) өзiне бекітілiп берiлген балық шаруашылығы су тоғандарындағы (учаскелеріндегі) жағалау учаскелерiн, аулау орындарын тиiстi санитарлық қалыпта ұстауды; 3) уәкiлеттi органның мемлекеттік инспекторларын (қызметтiк куәлiгiн көрсетуi бойынша) аулау құралдарын, аулау тәсiлдерiн тексеру және ауланған балықты қарау үшiн аулау орындарына, кемеге және басқа да жүзу құралдарына, қабылдау пункттеріне кедергiсiз жiберудi және оларға балық аулау жөніндегі есепке алу материалдарын уақтылы берудi; 4) әрбiр балық кәсiпшiлiгi учаскесiнде, кемеде, бригадада немесе буында журнал жүргiзудi және оны уәкілетті тұлғаның талап етуi бойынша көрсетуді; 5) торлар мен жем салынған қармақты саймандардан басқа, барлық аулау құралдарындағы қолданыстағы заңнамамен кәсіпшілік аулауға тыйым салынған барлық ауланған балықты тiрi күйiнде дереу суға жiберудi; 6) кәсiпшiлiк балық аулаумен айналысатын барлық кемелерге (олардың мөлшерi мен тиiстілігiне қарамастан) тiркеу нөмiрiн таңбалауды; 7) уәкiлеттi тұлғаның талап етуiмен осы Ереже мен қолданыстағы заңнаманы бұза отырып қолданылған аулау құралдарын өз күшiмен судан iрiктеудi, ұсталған аулау құралдарын, жүзу құралдары мен ауланған балықты қабылдау пунктiне дейiн жеткiзудi; 8) өз қаражаты есебiнен өзіне бекітілiп берiлген балық шаруашылығы су тоғандарындағы (учаскелеріндегі) балық ресурстары мен басқа да су жануарлары санының есебiн жүргiзудi және олар жөнiнде есеп берудi; 9) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың және осы Ереженiң бұзылуына жол бермеудi қамтамасыз етедi. 1) оларға рұқсат етілген пайдалану түрлерiн ғана жүзеге асыруды; 2) жолдамалар берудi; 3) өздерiне бекітілiп берiлген балық шаруашылығы су тоғандарындағы (учаскелеріндегі) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасуды; 4) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын оларды беру шарттарына сәйкес пайдалануды қамтамасыз етедi.
4. Балық аулау ережесінiң сақталуын бақылау органдары және оларды бұзғаны үшiн жауаптылық
14. Осы Ереженiң сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары, балық шаруашылығы ұйымдарының қорықшылық қызметi жүзеге асырады. 15. Осы Ереженi бұзу Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 18 наурыздағы № 246 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Балық шаруашылығы су айдындарын бекіту, пайдалану және қорғау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 сәуірдегі № 414 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 12, 140-құжат). 2. "Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 49, 479-құжат). 3. "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында балық кәсiпшiлiгi учаскелерiн бекітіп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерiн бөлу жөнiндегі жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 ақпандағы № 158 қаулысының 3-тармағы. 4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 5 сәуірдегі № 414 және 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 5 мамырдағы № 427 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 19, 190-құжат). 5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 және 2000 жылғы 3 ақпандағы № 158 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1204 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 45, 495-құжат) 1-тармағы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |