Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы (2008.28.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 1 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiнiң 58-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттік басқару үлгi құрылымы бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2008.28.11 № 1107 Қаулысымен 2-тармақ мазмұндағы 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 2. Облыстардың, Алматы, Астана қалаларының әкiмдерi: 1) жергілiктi мемлекеттік басқару құрылымын осы қаулыға сәйкес келтiрсiн; 1-1) Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасын қоспағанда, осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымында көзделген әкімшілік-аумақтық бірліктің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, құрылымдық бөлімшелерді қосу, біріктіру, құқығын берсін; 1-2) осы қаулының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қайта ұйымдастыруды жүргізген сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін және өзге де мүдделі орталық мемлекеттік органдарды хабардар етсін; 1-3) осы қаулымен бекітілген облыстардың, Астана және Алматы қалаларында атқарушы органдарының ішкі бақылау қызметін құруды штат саны лимиттерінің шегінде қамтамасыз етсін; 2) әкiмдер аппараттарындағы салалық бөлiмшелердiң функцияларын жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарға бере отырып, оларды таратсын. 3. Орталық мемлекеттік органдар екi апта мерзiмде облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкiмдерiне Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келiсілген департаменттердiң (басқармалардың, бөлiмдердiң) ұсынылып отырған құрылымын жiберсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енетiн 3-тармақты қоспағанда 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2005.16.02. № 141-1 (бұр. ред. қара); 2005.27.12. № 1294 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2006.22.09. № 900 (бұр. ред. қара); 2006.20.12. № 1230 қаулыларымен құрылым өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.20.03. № 276 қаулысымен құрылым жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2008.28.11. № 1107 Қаулысымен құрылым өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымы
1. Облыстық әкімдік
1. Облыс әкімінің аппараты 2. Сәулет және қала құрылысы басқармасы 3. Ішкі саясат басқармасы 4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы 5. ҚР Үкіметінің 2008.28.11 № 1107 Қаулысымен алынып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 6. Денсаулық сақтау басқармасы 7. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 8. Мәдениет басқармасы 9. Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы 10. Білім басқармасы 11. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 12. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы 13. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 14. Ауыл шаруашылығы басқармасы 15. Құрылыс басқармасы 16. ҚР Үкіметінің 2008.28.11 № 1107 Қаулысымен алынып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 17. Экономика және қаржы басқармасы 18. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы 19. Мұрағаттар және құжаттама басқармасы 20. Жер қатынастары басқармасы 21. Тілдерді дамыту басқармасы 22. Дене шынықтыру және спорт басқармасы
2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі
1. Республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты 2. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасы (Астана қаласы) 3. Сәулет және қала құрылысы басқармасы 4. Ішкі саясат басқармасы 5. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы 6. Жастар саясаты мәселелері басқармасы (Алматы қаласы) 7. Тұрғын үй басқармасы 8. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 9. Денсаулық сақтау басқармасы 10. Мәдениет басқармасы 11. Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы 12. Білім басқармасы 13. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 14. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы 15. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу 16. Құрылыс басқармасы 17. ҚР Үкіметінің 2008.28.11 № 1107 Қаулысымен алынып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 18. Экономика және қаржы басқармасы 19. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы 20. Мұрағаттар және құжаттама басқармасы 21. Жер қатынастары басқармасы 22. Тілдерді дамыту басқармасы 23. Ауыл шаруашылығы басқармасы 24. Дене шынықтыру және спорт басқармасы
3. Ауданның және облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі
1. Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімінің аппараты 2. Ішкі саясат бөлімі 3. Сәулет және қала құрылысы бөлімі 4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 5. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 6. Жер қатынастары бөлімі 7. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 8. Білім бөлімі 9. Кәсіпкерлік бөлімі 10. Ауыл шаруашылығы бөлімі 11. Құрылыс бөлімі 12. Дене шынықтыру және спорт бөлімі 13. ҚР Үкіметінің 2008.28.11 № 1107 Қаулысымен алынып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 14. Экономика және қаржы бөлімі
|