2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі)
Осы редакция 2008 жылғы 12 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың: 373, 374, 375, 375-1, 376, 377, 378-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы 1224 қаулысына 373-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 597322 мың теңге (бес жүз тоқсан жеті миллион үш жүз жиырма екі мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 22-бабы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 21, 24-баптары; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабы; «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 8-бабы; «Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысы; «Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тіркеудің, жобалаудың, салудың (орнатудың) пайдаланудың және шетелден әкелудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қазандағы № 1293 қаулысы; «Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін радиосәуле шығаратын құралдардың деректерін есепке алудың бірыңғай жүйесін құру бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 114 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында ақпараттандыру және байланыс салаларының кезеңмен дамуы және жетілуі. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: халықаралық тәжірибені зерттеуге және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген байланыс және ақпараттандыру салаларының нормативтік құқықтық негізін жетілдіру; өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: байланыс қызметі нарығының және ақпараттандыру саласының тиімді қызмет етуі үшін ақпараттық-коммуникациялық саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, байланыс операторларының қызметін реттеу және бақылау жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заң мүдделерін, сонымен қатар мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау; мемлекеттік тілге орташа есеппен 47 адамды оқыту, ағылшын тіліне орташа есеппен 55 адамды оқыту. Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасы ақпараттық-коммуникациялық секторының тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық нәтижесі: радиожиілік өрісін пайдаланғаны үшін мемлекеттік бюджетті түсімдермен толтыру. Бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытудың орташа шығыны - 16,1 мың теңге. Бір мемлекеттік қызметшіні ағылшын тіліне оқытудың орташа шығыны - 13,7 мың теңге. Уақтылығы: мемлекеттік органға жүктелген міндеттерді уақытылы орындау. Сапасы: мемлекеттік тілге оқыту курсынан өткеннен кейін мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі орташа есеппен 60%-ды құрайды; ағылшын тілге оқыту курсынан өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі орташа есеппен 30%-ды құрайды; радиожиілік өрісінің және радиоэлектрондық құралдарды заңсыз қолданушыларды, лицензиялық заңды бұзуларды кесіп өту және оперативті ашу, байланыс саласының қызметі нарығының және ақпараттандыру саласының мемлекеттік реттеуін дамыту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы 1224 қаулысына 374-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Радиожиілік спектрінің және радиоэлектрондық құралдардың мониторинг жүйесін техникалық сүйемелдеу» деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 154860 мың теңге (бір жүз елу төрт миллион сегіз жүз алпыс мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Өлшеулердің біркелкілігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 7 маусымдағы Заңы; «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 5 шілдедегі Заңы; «Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшырудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: радиожиілік спектрі мониторингі жүйесі қызметінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: радиобақылау және радиоөлшегіш жабдықтарын, арнайы көлік, сондай-ақ радиобақылау пунктілерін қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі республикалық орталығы» акционерлік қоғамымен 12 тұрақты радиобақылау пунктілерін (ТРБП) техникалық қамтамасыз ету; өлшеу құралдарын тексеруден өткізу және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету. Түпкі нәтиже: радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жүйесі қызметінің нақтылы жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық нәтиже: 12 ТРБП қамтамасыз ету үшін кететін орташа шығын - 23 692 мың теңге, өлшеу құралдарын тексеруден өткізуге - 1 116 мың теңге, жылына мониторингтеу жүйесін инженерлік-техникалық қамтамасыз етуге - 130 052 мың теңге. Уақтылығы: жасасқан шарттарға сәйкес. Сапасы: радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдардың мониторинг жүйесінің қызметін пайдаланушылардың жұмыс сапалығымен қанағаттандырылуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы 1224 қаулысына 375-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету» деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2866766 мың теңге (екі миллиард сегіз жүз алпыс алты миллион жеті жүз алпыс алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы« 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 44 қаулысы; «Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметі» ақпараттық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымында ықпалдасқан мемлекеттік ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және бағдарламалы-аппараттық құралдарға жүйелі-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстардың өзара іс-қимылы мен бірыңғай коммуникациялық ортаны құру және техникалық қолдау, ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін жүргізуді техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Электрондық үкімет шеңберінде құрылған ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің, сондай-ақ АТ-бөлімшелері мен мемлекеттік органдардың Серверлік орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2008.03.10. № 911 қаулысымен 375-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 375-1 қосымша
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған 014 «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру» деген республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4 672 436 мың теңге (терт миллиард алты жүз жетпіс екі миллион төрт жүз отыз алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысы; «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Еліміздің ғылыми-технологиялық дамуы үшін төмендегідей жолдармен жағдайлар жасау: еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ұлттық масштабтың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру және барлық азаматтарға, олардың әлеуметтік жағдайына, жасына және ақпаратқа бейімділігіне, ақпараттық-коммуникациялық-қызмет көрсетуіне қарамастан тең пайдалануына мүмкіндік беру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының барлық аймақтарын қамтитын, облыстық және аудандық орталықтарын есепке ала отырып, сондай-ақ облыс қарамағындағы қалаларда ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымдар құру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын толықтыру арқылы «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» АҚ жарғылық капиталын толықтыру; Қазақстан Республикасы аумағының мемлекеттік органдарында спутниктік мультисервистік желіні пайдалануды ұйымдастыру және енгізу. Соңғы нәтиже: Аумақтық бөлімшелерімен бірге орталық атқару органдардың ақпараттық жүйелердің біріктіруі. Орталық атқару органдардың және олардың аумақтық бөлімшелері арасында ведомствоаралық электрондық құжат айналымының іс-қимылы. Қаржылық—экономикалық нәтиже: Деректерді өңдеудің бірыңғай орталығы жабдық және персонал бойынша нығаюға тиімді болады. Мемлекеттік органдар үшін жабдықтарды сатып алу және аппараттық-бағдарламалық құралдарды сүйемелдеу қаражатты үнемдейді, сондай-ақ, мемлекеттік органдар өзінің жеке меншік серверлік үй-жайларын құруға шығынданбайды. Уақыттылығы: өндірістік жоспарға сәйкес іс-шаралардың орындалуы. Сапасы: «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ құрамына кірген компаниялардың қызметінің тиімділігін арттыру; е-үкіметі ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі үшін қажетті телекоммуникациялық ресурстарда мұқтаждықтарды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы 1224 қаулысына 376-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Ауылдағы байланыс операторларының әмбебап байланыс қызметтерін ұсыну жөніндегі залалдарына өтемақы» деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3882786 мың теңге (үш миллиард сегіз жүз сексен екі миллион жеті жүз сексен алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабы; «Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 тамыздағы № 866 қаулысы; «Халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларының шығындарын өтеу үшін телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы № 1039 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауылдық елді мекендерде телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне және ақпараттық ресурстарға халықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ауылдық елді мекендерде, оның ішінде ауылдық елді мекендерді 2008 жылы телефондандыру бойынша қызмет көрсететін байланыс операторларының шығынсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсетуші ауылдық байланыс операторлары шығындарының өтемақысы 3 882 786 мың теңге көлемінде. Соңғы нәтиже: барлық 7 305 ауылдық елді мекендерде (100%) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне ауыл тұрғындардың үздіксіз қолжетімділігін қамтамасыз ету және ауылда телефон тығыздығы көрсеткіштерін 9,45%-дан 10,3% жеткізу. Қаржы-экономикалық нәтижесі: ауылдық 1 абонентке шаққанда шығатын шығын есебінен төленген субсидияның көлемі жылына 5 928 теңге. Уақтылығы: жасасқан шарттарға сәйкес уақытылы субсидияларды төлеу. Сапасы: ауылдық абоненттердің телекоммуникацияның әмбебап қызмет көрсету сапасымен қанағаттануы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы 1224 қаулысына 377-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Электрондық үкімет құру» деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 3360289 мың теңге (үш миллиард үш жүз алпыс миллион екі жүз сексен тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2007 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы; «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы; «Қазақстан Республикасы сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімін жасау мақсатында жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (сәйкестендіру нөміріне (бизнес-сәйкестендіру нөміріне) көшу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 565 қаулысы; «Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік электрондық қызметтерге халықтың жедел және сапалы қол жеткізілімін қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: е-үкімет инфрақұрылымының құрауыштарын қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оңтайландыру; «электрондық үкіметтің» қызметтеріне қол жеткізілімді қалыптастыру және қамтамасыз ету; заманауи ақпаратты-коммуникациялық технологияларды пайдаланумен азаматтарға тиімді жаппай ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру; «электрондық үкімет» инфрақұрылымының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; деректерді беру ашық желілері арқылы қорғалған электрондық төлемдерді жүзеге асыру мүмкіншілігімен әртүрлі банкалық төлем жүйелеріне мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдаланушылардың сәйкестендірілген қол жеткізілім тетігін құру. ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
|