|
|
|
Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың бұл ретте алған ақша (2011.01.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 440 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2010.13.08. № 816 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2010.13.08. № 816 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың бұл ретте алған ақша қаражатын жұмсау ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 586 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2010.13.08. № 816 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара) Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың бұл ретте алған ақша қаражатын жұмсау ережесі
ҚР Үкіметінің 2010.13.08. № 816 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Осы Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың бұл ретте алған ақша қаражатын жұмсау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөнінде ақылы қызмет түрлерін көрсетуді регламенттейді. Осы Ереженің әрекеті өздерінің қызметін орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында жүзеге асыратын республикалық және де коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мекемелерге қолданылады. 2. Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлері Қазақстан Республикасы орман заңнамасының және Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі қызмет түрлері
ҚР Үкіметінің 2011.01.09. № 1002 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөнінде мынадай ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырады: 1) жеке және заңды тұлғаларға: егу материалын өсіру мен орман тұқымдарын жинау; көгалдандыру, қорғаныштық, плантациялық және өзге де екпелер егу; оқу практикаларын өткізу жөнінде ақылы қызметтер көрсету; 2) мыналардан: аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуден (орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу, іріктеп санитарлық мақсатта ағаш кесу және құндылығы төмен орман екпелерін, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа қасиеттерін жоғалтқан екпелерді қайта жаңғыртуға байланысты ағаш кесу, жас шыбықтарды жекелеп кесу) және өзге де мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуден (жаппай санитарлық мақсатта ағаш кесу, су тораптарының, құбырлардың, жолдардың құрылысына байланысты, орман соқпақтарын тарту, өртке қарсы жыралар жасау кезінде орман алаңдарын тазарту; өтімді үйінділерді жинау; өзге де мақсаттар үшін ағаш кесу, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін ағаш кесу); жанама орман пайдаланудан (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау-бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік шөптер мен техникалық шикізаттар, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау мен жинау) тауарлар өткізу. ҚР Үкіметінің 2010.13.08. № 816 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттік мекемелердің орман шаруашылығы саласындағы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған қаражатты жұмсауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2010.13.08. № 816 қаулысымен 4-1-тармақпен толықтырылды 4-1. Аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін жүзеге асыру кезінде өндірілген тауарларды, олардын алынған сүректі өндеу өнімдерін, орманды жанама пайдалануды өткізу нарықтық бағалар бойынша жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2010.13.08. № 816 қаулысымен 4-2-тармақпен толықтырылды 4-2. Орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражаты: 1) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге; 2) орман шаруашылығы жолдарын салуға және күтіп үстауға, ормандарды өртке қарсы жайластыруға; 3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы жобалау-іздестіру жұмыстарына; 4) табиғат қорғау қызметін қамтамасыз ету үшін штаттан тыс маусымдық қызметкерлердің, оның ішінде өрт күзетушілердің, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді, орман дақылдары жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметкерлердің, сондай-ақ орман ресурстарын өңдеуді жүзеге асыратын қызметкерлердің қызметтеріне ақы төлеуге; 5) байланыс құралдарын, көлік және жабдықтар, өртке қарсы күрес, орман қорғау және орман дақылдары мақсатындағы механизмдер мен материалдар, орман дақылдары жұмыстары үшін тұқымдар мен егу материалдарын, жанар-жағармай материалдарын, киім-кешек, қару және арнайы қорғаныш құралдарын сатып алуға; 6) орман ресурстарын өңдеу үшін қажетті жабдықтар мен механизмдер сатып алуға; 7) орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелердің жұмыс істеуіне байланысты ғимараттар, құрылыстар және өзге де объектілерді салуға, қайта жаңартуға және жөндеуге; 8) орман және аңшылық шаруашылығы үшін мамандар даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға; 9) орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін еңбектегі көрсеткіштері үшін көтермелеуге жұмсалады.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі қызмет түрлері
ҚР Үкіметінің 2011.01.09. № 1002 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелер мынадай: 1) жеке және заңды тұлғалар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендерін туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдаланған кезде оларға ақылы қызметтер көрсету, оның ішінде: туристік соқпақтар, тамашалау алаңдарын, дамылдау алаңқайларын, көлікке арналған тұрақтар, кемпингтер, шатырлы лагерьлер немесе оларды орналастыратын орындар беру; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелердің басқаруындағы қонақүйлер, мотельдер, туристік базалар, қоғамдық тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді немесе оларды орналастыратын орындар беру; ерекше қорғалатын табиғи аумақта құбыр жолдар, электр беру және байланыс желілерін, жолдар (жалпы пайдаланымдағы жолдардан басқа) орналастыру; туристік мүкәммалды жалға беру; әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулауды өткізу; жолсеріктер, экскурсоводтар, гидтер және аудармашылар беру; мемлекеттік табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілерінде, табиғат мұражайларында және тірі жануарлар мүйістерінде болған және оларды зерделеген кезде кәсіби кино, бейне және фото түсірілімдер өткізу; пайдалануға берілген аумақтар мен объектілерді санитариялық тазарту және аббаттандыру, сондай-ақ өзге ұйымдардың аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізу; қоғамдық тамақтандыру объектілері үшін өнімдер ендіру; көлік қызметтерін көрсету; 2) шектеулі шаруашылық қызметті жүзеге асыру, оның ішінде: кәдесый өнімін өндіру; аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуден және өзге мақсаттарда ағаш кесуден өндірілген тауарларды, олардан алынған сүректі өңдеу өнімдерін өткізу; орманды жанама пайдалану және өңдеу өнімдерін өткізу; елді мекендерді көгалдандыру үшін егу материалын өсіру; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс жерлерде шектеулі шаруашылық қызмет тауарларын өткізу, қорғаныштық және көгалдандыру екпелерін егу; балық шабақтарын өсіру; туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда жеке және заңды тұлғалармен жасалатын бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша өнімдер өндіру және қызметтер көрсету; 3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рәміздерін пайдаланғаны үшін төленетін ақы; 4) баспа және басқа да көбейтілген өнімдер өндіру жөнінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөнінде ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырады. 6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелердің жеке және заңды тұлғалардан ерікті жарналар мен қайырмалдықтар түрінде көмек алуына болады. 7. Осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген қызмет түрлерінен қосымша табыстар табу мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелер мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға қатысады. 8. Жұмыстар мен қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелер олар қарамағында болатын орталық және жергілікті атқарушы органдар белгілеген тарифтерге сәйкес жүзеге асырады. 9. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рәміздерін (жалауларын, эмблемаларын, вымпелдерін және басқаларын) пайдаланғаны үшін төлемақы осы рәмізді пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардан алынады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рәміздерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекеменің әкімшілігі мен жеке және заңды тұлғалар арасындағы шарттың негізінде белгіленеді. 10. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелердің шектеулі шаруашылық қызметі нәтижесінде өндірілген тауарлар нарықтық бағалар бойынша өткізіледі. ҚР Үкіметінің 2010.13.08. № 816 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған қаражатты табиғатты қорғау мекемелерінің жұмсауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2010.13.08. № 816 қаулысымен 12-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 913 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөнінде ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражаты: 1) табиғи кешендерді сақтау мен дамытуға; 2) өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға; 3) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді қоса алғанда, ормандарды қалпына келтіру және қорғану іс-шараларын жүргізуге; 4) аумақтарды тазартуға және абаттандыруға; 5) табиғи-қорық қоры объектілерін қорғауға, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызметке байланысты инфрақұрылымды дамытуға; 6) табиғат қорғау қызметін қамтамасыз ету үшін штаттан тыс маусымдық қызметкерлердің, оның ішінде өрт күзетушілердің, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді, орман дақылы жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметкерлердің, сондай-ақ шектеулі шаруашылық қызметті жүзеге асыратын қызметкерлердің қызметтеріне ақы төлеуге; 6-1) табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан пайда болған өтімді қоқысты (жел мен дауыл құлатқан ағаштарды) жинаумен байланысты жұмысты (қызметті) жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жұмысы (қызметі) құнының ақысын төлеуге; 7) байланыс құралдарын, көлік және жабдықтар, өртке қарсы күрес, орман қорғау және орман дақылдары мақсатындағы механизмдер мен материалдар, орман дақылдары жұмысы үшін тұқым және егу материалдарын, жанар-жағармай материалдарын, киім-кешек, қару және арнайы қорғаныш құралдарын сатып алуға; 8) табиғат қорғау қызметіне байланысты ғимараттар, құрылыстар және өзге де объектілер салуға, қайта жаңартуға және жөндеуге; 9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін мамандар даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға; 10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін еңбектегі көрсеткіштері үшін көтермелеуге; 11) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге; 12) табиғат мұражайлары мен көрмелерді ұйымдастыруға және күтіп ұстауға; 13) рекреациялық аймақтарды дамытуға және абаттандыруға; 14) жарнамалық қызметті жетілдіруге; 15) экологиялық насихатқа; 16) теріс эколоғиялық зардаптардың алдын алуға және жоюға жұмсалады.
Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 586 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны және олардың көрсететін қызметтері үшін төлем алудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 693 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 22, 245-құжат). 2. «Заңды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қаражатын құрау мен пайдалану тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 тамыздағы № 933 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 28, 312-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдері мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3 және 4-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 11, 128-құжат).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |