|
|
|
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.28.03. № 363 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
«Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік қызмет стандарты (2012.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1788 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - ХҚТ ТП) қолдана отырып, ішкі істер органдарының көші-қон полициясының аумақтық бөліністері (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (бұдан әрі - Орталық) көрсетеді. Мемлекеттік қызмет сондай-ақ «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - веб-порталын ) арқылы ұсынылады. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларының 3-тармағының негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: (www.mvd.kz), сондай-ақ ақпараттың ресми көздерінде және орталықтардың үй-жайлары мен уәкілетті органдарда орналасқан стенділерде орналастырылады, олардың тізбелері осы стандартқа 1 және 2-қосымшада көрсетілген. ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1788 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі ХҚТ ТП-ның ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізу және электрондық тасымалдағышы бар жеке куәлікке азаматтың заңды мекенжайын қайта жазуды жүргізу немесе бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет басқа тұрғылықты жерге кеткен, сот үкімі негізінде бас бостандығынан айыруға сотталған, сот тұрғын үйді пайдалану құқығы жойылды деп таныған адамдарға, қайтыс болған адамдарға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі. ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1788 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды; 2) мемлекеттік қызмет алу үшін веб-портал арқылы электрондық сұрау салу берілген күннен бастап - 30 минуттан аспайды; 3) құжаттарды алған кезде - кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды; Мемлекеттік қызмет тұтынушы өтініш білдірген күні көрсетіледі. 8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1788 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9. Мемлекеттік қызмет Орталық арқылы ХҚТ ТП-мен ұсынылады, қабылдау жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын түскі үзіліссіз жүзеге асырылады. Орталықтың жұмыс кестесі: Жұмыс күндері - дүйсенбіден бастап сенбіге дейін, демалыс күні - жексенбі. Жұмыс уақыты: Орталыққа жүгінген кезде: 1) мемлекеттік қызмет алу үшін өтініштерді қабылдау жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскi үзiлiссіз, сенбі күні - сағат 9.00-ден 13.00-ге дейiн еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.; веб-портал арқылы жүгінген кезде: өтініштерді қабылдау - тәулік бойы. 2) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20-00-ге дейін, түскi үзiлiссіз, сенбі күні - сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Өтініш қағаз тасымалдағышта толтырылып, Орталыққа берілген кезде қабылдау еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерді қоспағанда, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын, түскі үзіліссіз жүзеге асырылады. Орталықтың жұмыс кестесі осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. Орталықтың өкілдіктерінде құжаттар түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін қабылданады. Орталықтарда алдын ала жазылу және жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген. 10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жеріндегі мүмкіндігі шектеулі тұтынушылар үшін жағдайлар (пандус) көзделген Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, электрондык кезек терминалы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi
ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1788 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11. Тұтынушылар тіркеуден шығу үшін мынадай құжаттарды: 1) тіркеу есебінен шығару туралы өтініш; 2) тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын; 3) жеке куәлігі (он алты жасқа дейінгі балалар - туу туралы куәлігі) (тұпнұсқасы және көшірмесі); әскери міндеттілер бұған қоса: 4) жергілікті әскери басқарманың әскери есептен шығару туралы белгісі бар әскери билетін (әскерге шақырылғандар - тіркеу куәлігін) (түпнұсқасы және көшірмесі) ұсынады. Тұтынушы веб-портал арқылы өтініш білдірген жағдайда электрондық сұрау салу сұрау салуды жіберіп отырған адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады, жоғарыда көрсетілген құжаттар сканерден өткізілген түрде қоса беріледі. Мемлекеттік қызметті веб-портал арқылы алу үшін осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес электрондық сұрау салудың нысаны толтырылады. Электрондық сұрау салуды қабылдау www.egov.kz веб-порталында «Электрондық қызметтер» бөлімінде жүзеге асырылады. Электрондық сұрау салудың үлгісі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.kz интернет-ресурсында орналастырылады. 12. Бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не Орталықтағы кеңесшілерде болады. 13. Құжаттарды қабылдауды мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Орталықтардың операциялық залдарында орналасқан ХҚТ ТП-ның жұмыс орындарында уәкілетті органның қызметкерлері жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1788 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 14. Осы стандарттың 7-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті алу күнін көрсете отырып, барлық қажетті құжаттарды тұтынушының тапсырығанын растайтын құжаттарды беру көзделмеген. Тұтынушының электрондық поштасына немесе веб-порталдағы Жеке кабинетіне тұтынушының мемлекеттік қызметті алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті ұсыну үшін өтінімді қабылдау туралы хабарлама жіберіледі. 15. Мемлекеттік қызмет тұтынушы жеке өзі келген кезде ұсынылады. 16. Тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
17. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын сақтауға, қызметтік борышты орындау кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделген және сыпайылық, көрсетілетін қызмет туралы толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Мемлекеттік қызмет көрсететін Көші-қон полициясы комитетінің және уәкілетті органдардың, мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекемелердің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Ішкі істер министрінің тиісті бұйрығымен бекітіліп отырады.
20. Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіру және өтініштерді дайындауға жәрдемдесу үшін тұтынушы осы стандарттың 1-қосымшасында телефондары көрсетілген Орталық басшылығына жүгінеді. 21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті орган басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген. Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері түскі асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің телефоны мен мекенжайы осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген. 22. Орталық қызметкерлері әдепсіз қызмет көрсеткен жағдайда шағым Орталық басшысының атына немесе қарамағына Орталық кіретін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетіне беріледі. Орталықтар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 27-тармағында көрсетілген. 23. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайда шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полицясы комитетінің электронды мекенжайына: migration.kz@mail.ru) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Қажет болған жағдайда тұтынушылар шағымға уәкілетті органдар ұсынған мемлекеттік қызметтердің сапасыздығын және Орталық қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсеткенін растайтын құжаттарын қоса береді. 25. Пошта және қолма-қол қабылданған шағымдарды растау оларды Орталықта немесе уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтінішін журналға тіркеу болып табылады (мөртанба, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады). Тұтынушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады. Шағым қарау нәтижесі жөнінде тұтынушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады. 26. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, № 1 үй, телефоны: 71-46-46, интернет-ресурс: www.mvd.kz. 27. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8 үй, 14-кіреберіс, e-mail интернет-ресурсы: kagu-con@mci.gov.kz және «электрондық үкімет» 1414 Call-орталық нөмірі.
ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1788 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсететін халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚО) тізбесі
азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер департаменттері басшыларының байланыс телефондары мен заңды мекенжайлары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |