Осы редакция 2012 жылғы 28 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» (2011.28.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган), сондай-ақ осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында мекенжайлары көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысының 27-тармағының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (электронды мекенжай: www.minjust.kz., «Сіз білесіз бе:» бөлімі) интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде, тізбесі осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген орталықтар мен уәкілетті органдардың үй-жайларындағы стенділерде орналастырылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару туралы белгі қойылған азаматтарды тіркеу кітабын немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет басқа тұрғылықты жерге кеткендерге, сот үкімінің негізінде бас бостандығынан айырылған сотталушыларға, тұрғын үйді пайдалану құқығынан сот шешімімен айырылғандар, қайтыс болғандарға (тұтынушыларға) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды. мемлекеттік қызмет алу үшін электронды сұрау салулар көзделмеген; 2) құжаттарды алған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды. 3) өтініш білдірген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды. Мемлекеттік қызмет екі жұмыс күніне дейінгі мерзімде көрсетіледі; 8. Тіркеуден шығару тегін жүзеге асырылады. 9. Уәкілетті орган құжаттарды қабылдауды демалыс және мереке күндерді қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін жүзеге асырады; Орталықтың инспекторы қабылдау еңбек заңнамасына сай белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерді қоспағанда, күн сайын бір сағаттық түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін жүзеге асырылады. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктерінде құжаттар сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін қабылданады. Алдын-ала жазылу және жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген. 10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жеріндегі мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген Орталық ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Тұтынушылар тіркеуден шығу үшін мынадай құжаттарды: 1) тіркеу есебінен шығу туралы өтінішті; 2) азаматтарды тіркеу кітабын; 3) жеке куәлікті (он алты жасқа дейінгі балалар - туу туралы куәлікті) (түпнұсқасы және көшірмесі); 4) әскери міндеттілер, бұдан басқа жергілікті әскери басқару органының әскери есептен шығару туралы белгісі бар әскери билетін (әскерге шақырылғандар тіркеу куәлігін) (түпнұсқасы және көшірмесі) ұсынады. 12. Бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады немесе Орталықтың консультантында болады. 13. Құжаттарды қабылдау «терезенің» арналуы және атқаратын функциясы туралы ақпарат ілінген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады. 1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні; 2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; құжаттардың беру күні, уақыты және орны; 4) өтінішті ресімдеген Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. 15. Орталықтың инспекторы толтырған өтініштің негізінде қабылданған дайын құжаттарды беру қолхаттың негізінде Орталықтың «терезесі» арқылы жүзеге асырылады. 16. Тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
17. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын сақтауға, қызметтік борышты орындау кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделген және сыпайылық, түбегейлі және толық ақпарат беру, оны сақтау, қорғау және құпиялылық қағидаттарында жүзеге асырылады.
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Мемлекеттік қызмет көрсететін Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің және уәкілетті органдардың, мекемелердің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік қызметінің сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіліп отырады.
20. Орталық инспекторларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмектесу үшін тұтынушы осы стандарттың 1-қосымшасында телефондары көрсетілген Орталық басшылығына жүгінеді. 21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген. Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. 22. Орталық қызметкерлері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым Орталық басшысының немесе қарамағына Орталық кіретін Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетіне беріледі. Орталықтардың басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген. 23. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Қолданыстағы заңда көрсетілген жағдайда шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің электронды мекен-жайына: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Қажет жағдайда тұтынушылар шағымға уәкілетті органдар ұсынған мемлекеттік қызметтердің сапасыздығын және Орталық қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсеткенін растайтын құжаттарын қоса береді. 25. Шағымдардың пошта және қолма-қол қабылданғанын растау оларды Орталық немесе уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтінішін журналға тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі қойылады). Тұтынушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады. Шағымның қаралу нәтижесі жөнінде тұтынушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады. 26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, № 276 кабинет, телефоны: 74-03-27, интернет-ресурс: http://mci.gov.kz/main/.
азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары
азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Уәкілетті органдардың тізімі мен мекенжайлары
азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» 3-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
|