Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын (2008.20.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 29 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 36-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесі бекітілсін. 2. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 99 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 4, 55-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Yкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2008.20.03. № 276 қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегi қызметтердің құнын субсидиялау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат есебінен және шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялаудың тәртібін айқындайды. 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: су беруші - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізуді жүзеге асыратын және су шаруашылығы жүйелері қызметтерін көрсету жөніндегі табиғи монополия субъектісі болып табылатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға; су пайдаланушы - ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін қызметі суармалы жерлерді игерумен байланысты жеке немесе заңды тұлға. 3. Субсидиялар осы қызметтерді жүзеге асыратын су берушілерге суару үшін су беру жөніндегі шығындарын ішінара өтеуге (қызметтердің құнын арзандатуға) арналады. 4. Әрбір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) үшін субсидиялардың сомасы заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Ауылшармині) ұсынған, облыстардың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарына сәйкес қалыптастырылған сомалар негізінде бекітіледі. 5. Субсидиялар су берушілерге олар үшін белгіленген су пайдалану лимиті шегінде субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су пайдаланушылардың бөлінген нүктелеріне су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтер үшін төленеді. ҚР Үкіметінің 2007.18.06. № 506 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. Берілген судың 1 (бір) текше метріне бөлінетін субсидиялар мөлшерін Ауылшармині табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен су беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаларда ескерілген шығындарға пайыздық ара қатынаста су беру әдістерін және су пайдаланушылардың: 1) суды үнемдеп пайдалануды қамтамасыз ететін суарудың озық технологияларын (тамшылап суару, жабық желілермен суару); 2) гидромелиоративтік жүйелерді қазіргі заманға лайық басқару әдістерін (ауылдық су пайдаланушылардың тұтыну кооперативтері (бұдан әрі - АСТК), гидромелиоративтік кондоминиумдар); 3) суды есепке алудың аттестатталған құралдарын енгізу шарттарын ескере отырып, саралап белгілейді. 7. Субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су беру су беруші мен су пайдаланушы арасындағы шарт негізінде жүзеге асырылады.
2. Субсидиялар төлеудің тәртібі және су пайдаланушыларға су жеткізу жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялаудың шарттары
ҚР Үкіметінің 2007.18.06. № 506 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8. Субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су беру жөніндегі қызметтерді алу үшін су пайдаланушылар ағымдағы жылдың 25 сәуіріне дейінгі мерзімде су берушіге мынадай құжаттарды ұсынады: осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес су тұтынуға өтінім; жер пайдалану құқығына актінің, жер пайдалануға шарттың көшірмесі, немесе аудандық әкімдіктің жер учаскесін бөлу туралы шешімінің көшірмесі (нотариалды куәландырылған көшірмелер). Сондай-ақ қажет болған кезде: ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға арналған құрылыстардың, жабдықтар мен құрылғылардың белгіленген тәртіппен тіркелген техникалық паспорттарының көшірмелері (нотариалды куәландырылған); осы су пайдаланушы мүшесі болып табылатын АСТК Жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі; суды есепке алудың аттестатталған құралдарының болуы туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері. 9. Су беруші жыл сайын 1 маусымға дейін осы Ереженің 5, 6, 7, 8-тармақтарына сәйкес су пайдаланушылармен субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су беру жөнінде алдағы суару маусымына арналған шарт жасасады. Егер су пайдаланушылар вегетацияаралық (дымқылдату және суғару) суаруларды жүзеге асырса, онда шарт осы жұмыстар басталғанға дейін жасалуға тиіс. 10. Су беруші су пайдаланушыларға су беру жөніндегі қызметтерге субсидиялар алу үшін: 1) бір ай мерзімде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасына су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органымен келісім бойынша субсидиялауды ескере отырып, берілетін су көлемін, көрсетілген қызметтерге ақыны және табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган субсидиялауды ескере отырып бекіткен су беру жөніндегі қызметтерге тарифті көрсете отырып, тарифтер бойынша суару үшін су алатын су пайдаланушылардың тиісті жылға арналған тізбесін береді; 2) ай сайын су пайдаланушылар бөлінісінде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) ауыл шаруашылығы бөлімімен алдын ала келісілген, субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін мыналармен: үш данада жасалған (су беруші, су пайдаланушы және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасы үшін) су беру жөніндегі қызметтердің актілерімен; су пайдаланушылармен бірге салыстырып тексерілген су беру жөніндегі ақысы төленген қызметтердің нөмірі мен күні қойылған төлем құжаттарымен қоса, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасына береді; 3) субсидия мөлшерін Ауылшармині бекіткеннен кейін табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға көрсетілетін қызметтерге тарифті бекітуге өтінім жасайды. 11. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасы: алған күнінен бастап он күн мерзімде субсидиялауды ескере отырып, берілетін су көлемін, көрсетілген қызметтер үшін ақы мен табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен су беру жөніндегі қызметтерге субсидиялауды ескере отырып тарифті көрсете отырып, тариф бойынша суару үшін су алатын су пайдаланушылардың тізбесін бекітеді; су пайдаланушылар бөлінісінде су берушілер берген субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін және осы Ереженің 10-тармағына сәйкес көрсетілген қызметтерді негіздейтін құжаттарды ай сайын тексереді; субсидиялардың тиесілі сомаларын есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін су берушілердің есеп шоттарына аударады; ай сайын тиісті есепті жылдан кейінгі айдың 25-күніне, бірақ тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармалары Ауылшармині бекіткен нысан бойынша Ауылшарминіне бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есеп береді. 12. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган су беруші мен су пайдаланушының ұсынылатын шартының субсидияларды ескере отырып тариф бойынша суару үшін су алатын су пайдаланушылар тізбесінің, қызметтер көрсетудің ай сайынғы актілерінің үлгі нысандарын бекітеді. 13. Ауылшармині өз құзыреті шегінде қаражаттың тиімді, нәтижелі және мақсатты пайдаланылуына жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2007.18.06. № 506 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-қосымша
20__жылғы ______________ кезеңде _____________________ субсидияланған тарифтер бойынша суару үшін су пайдалануға арналған өтінім
1. Су пайдаланушы ________________________________________ (жеке немесе заңды тұлғаның атауы) 2. Суарылатын жердің болуы _______________________________га оның ішінде пайдалану көзделіп отырған ___________________га
3. Су тұтыну көлемі, барлығы ________________________ мың м3, оның ішінде вегетациялық кезең _______________________ мың м3; вегетацияаралық кезең ___________________________ мың м3. Су пайдаланушы: ________________________ агроқұраманың басшысы ________________________ өтінім берілген күн
ҚР Үкіметінің 2007.18.06. № 506 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-қосымша
«БЕКІТЕМІН» Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасы _______________________ 20__ жылғы «__» ____
Суару үшін су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімі _____________________________ 20 жылғы ___________________. (су берішінің атауы) (айы)
кестенің жалғасы
|