Сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және өндіру Нұсқаулығын бекіту туралы (2014.31.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Әділет министрінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 94 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-IV Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және өндіру нұсқаулығы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Қ.С.Нұргазиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б.Бисмильдин) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. «Тұлғаны алкоголизммен, наркоманиямен және токсикоманиямен ауырады деп тану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 1 желтоқсандағы № 808 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 5952 тіркелген) мына өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұлғаны алкоголизммен, наркоманиямен және токсикоманиямен ауырады деп тану ережесінде: 2-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Сот-наркологиялық сарапшылары сот-наркологиялық сараптаманы өндіру кезінде наркологиялық диагнозды белгілейді және тұлғаны алкоголизммен, наркоманиямен және токсикоманиямен ауырады деп таниды.». 5. «Сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 16 тамыздағы № 618 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 3044 тіркелген, 2005 жылғы 24 тамыздағы № 155 «Юридическая газета» газетінде жарияланған). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|