Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы (2010.13.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.13.07. № 709 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен тақырыбы мен кіріспесі өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіді) (бұр. ред. қара)
Шикі мұнай мен мұнай өнiмдерінің iшкi нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.24.12 № 1253 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.13.07. № 709 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Қоса беріліп отырған Мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк әкету бажы ставкаларын есептеу ережесi бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2008.28.01. № 75 (бұр.ред.қара); 2008.05.12 № 1162 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.24.12 № 1234 (бұр.ред.қара); 2010.13.07. № 709 (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне мұнай шикізатының әлемдік нарығындағы бағалар мониторингінің (бұдан әрі - бағалар мониторингі) қорытындылары бойынша ақпарат берсін. ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2010.13.07. № 709 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету бажы ставкалары белгіленсін. ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді); ҚР Үкіметінің 2008.24.12 № 1234 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.13.07. № 709 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-1-тармақ жаңа редакцияда 3-1. Осы қаулымен белгіленген шикі мұнайға кедендік әкету баждарының ставкалары: 1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе құзыретті органмен жасалған және міндетті салықтық сараптамадан өткен, шикі мұнайға кедендік әкету баждарын төлеуден босату көзделеген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнайды олардың әкетуіне; 2) роялти төлеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар әкететін шикі мұнайды қоспағанда, шикі мұнайға кедендік әкету баждарын төлеуден босату көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) болып табылмайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнайды олардың әкетуіне қатысты қолданылмайды. ҚР Үкіметінің 2008.21.05. № 480 қаулысымен 3-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.13.07. № 709 Қаулысымен 3-2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі ай сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне келісім-шарттардың деректемелерін және әкетілетін шикізаттың көлемін көрсетіп (келісім-шарттар бойынша бөлінісінде), жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша өндірілген шикі мұнайды әкетуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы ақпарат берсін. 4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екi апта мерзiмде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын. 5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2006.07.07. № 642 (бұр.ред.қара); 2007.15.02. № 114 (бұр.ред.қара); 2008.28.01. № 75 (бұр.ред.қара); 2008.08.04. № 328 (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред қара); 2008.29.08. № 805 (бұр.ред.қара); 2008.20.11. № 1074 (бұр.ред.қара); 2008.05.12 № 1162 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.24.12 № 1253 (бұр.ред.қара); 2009.08.04. № 489 (бұр.ред.қара); 2009.06.08. № 1204 (бұр.ред.қара); 2010.29.01. № 35 (бұр.ред.қара); 2010.13.07. № 709 (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қаулыларымен қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 15 қарашадағы № 1036 қаулысына қосымша
Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету бажы ставкалары
* әкету кедендік бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшін тауарлар тек қана СЭҚ ТН кодтарымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлылығы үшін келтірілген. ** СЭҚТН 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0 кодтарынан басқа, жыл сайын 15 ақпан - 15 қазан кезеңінде. *** ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа. **** жыл сайын 15 сәуір - 15 тамыз кезеңінен басқа
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр ред. қара); 2008.24.12 № 1253 (бұр.ред.қара); 2010.13.07. № 709 (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қаулыларымен тақырыбы өзгертілді Мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк әкету бажы ставкаларын есептеу ережесi
ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр ред. қара); 2008.24.12 № 1253 (бұр.ред.қара); 2010.13.07. № 709 (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Осы Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк әкету бажы ставкаларын есептеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк әкету бажы ставкаларын есептеудiң тәртібiн (бұдан әрi - кедендiк әкету бажы ставкалары) белгілейдi. 2. Осы Ереженiң мақсаты үшін мұнайдан жасалған тауарлар деп осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген тауарлар түсiніледi. ҚР Үкіметінің 2008.28.01. № 75 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.05.12 № 1162 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.13.07. № 709 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Кедендiк әкету бажы ставкаларын есептеудi осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар ай сайынғы мониторингінің (бұдан әрi - бағалар мониторингi) нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ұсынатын шикi мұнайға орташа нарықтық баға туралы деректер негiзiнде әрбір есепті тоқсанның қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2008.05.12 № 1162 Қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.13.07. № 709 Қаулысымен 3-1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-1. Есепті айдың қорытындылары бойынша (есепті тоқсанның соңына келетін айды қоспағанда) шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы бір баррель үшін өткен аймен салыстырғанда 15 АҚШ долларынан астамға өзгерген жағдайда, кеден әкету бажы бекітілген ставкалары осы өзгерістер болған есепті айдың баға мониторингін ескере отырып түзетіледі. ҚР Үкіметінің 2008.05.12 № 1162 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.13.07. № 709 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді 4. Есепті тоқсанның қорытындылары бойынша шикі мұнайға орташа нарықтық баға өзгерген жағдайда, сондай-ақ көрсетілген Ережеге 3-1-тармақпен көзделген Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен кедендiк әкету бажы ставкалары мөлшерінiң өзгеруi туралы Қазақстан Республикасының Yкіметі шешімінің жобасын дайындайды. ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр ред. қара) 5. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде 1 тонна шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы 138,6 долларға дейiн (қоса алғанда) қалыптасқан кезде шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету 0% ставкасы бойынша жүргiзіледi. ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр ред. қара); 2010.13.07. № 709 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді 6. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде 1 тонна шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы 138,6 доллардан астам болып қалыптасқан кезде кедендiк баж ставкалары түзету коэффициенттерi ескерiле отырып, есептеледi. Түзету коэффициентi - мұнай өнiмiнiң түрi мен сипаттамаларына қарай кедендiк әкету бажы ставкаларының мөлшерiн есептеу үшiн қолданатын коэффициент. ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 (бұр.ред.қара); 2008.08.04. № 328 (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр ред. қара); 2010.13.07. № 709 (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді 7. Мұнайдан жасалған тауарларға қатысты кедендiк әкету бажы ставкаларын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледi:
КӘБС=К х (Б-138,6),
мұнда КӘБС - кедендiк әкету бажы ставкаларының мөлшерi; К - осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес шартты ставканың есеп айырысу формуласында қолданылатын және түзету коэффициентіне көбейтілген 0,35 және 0,4 коэффициенттерiнiң орта арифметикалық мәнiнiң 50%-ы; Б - мониторинг кезеңiнде қалыптасқан шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы. ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен 8-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) 8. ҚР Үкіметінің 2008.24.12 № 1253 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.20.11 № 1074 (бұр.ред.қара); 2008.24.12 № 1253 (бұр.ред.қара); 2010.13.07. № 709 (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қаулысымен 1-қосымша өзгертілді
Мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету бажы ставкаларын есептеу ережесіне 1-қосымша
Мұнайдан әзірленген тауарлардың тізбесi
* әкету кедендік бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшін тауарлар тек СЭҚ ТН кодымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлығы үшін келтірілген. ** ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.28.01. № 75 (бұр.ред.қара); 2008.08.04. № 328 (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.05.12 № 1162 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.24.12 № 1253 (бұр.ред.қара); 2010.13.07. № 709 (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2-қосымша өзгертілді
Мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету бажы ставкаларын есептеу ережесіне 2-қосымша
200__ жылғы _____ ай мұнайға арналған бағалар мониторингінің нәтижелерi
Сатылатын шикі мұнайдың нарықтық бағасы «URALS (MED)», BRENT (DTD) күнделікті түзетулерінің орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалады. URALS (MED) «min» - биржадағы бір күн бұрынғы «URALS (MED)» ең төменгі нарықтық бағасы; URALS (MED) «mах» - биржадағы бір күн бұрынғы «URALS (MED)» ең жоғары нарықтық бағасы; BRENT(DTD) «min» - биржадағы бір күн бұрынғы «BRENT (DTD)»ең төменгі нарықтық бағасы; BRENT (DTD) «mах» - биржадағы бір күн бұрынғы «BRENT (DTD)» ең жоғары нарықтық бағасы;
С = (Сю + Сб)/2=____АҚШ доллары,
мұнда, С - шикі мұнайдың күнделікті орташа арифметикалық нарықтық бағасы; Сю - биржадағы бір күн бұрынғы (URALS (MED) ең төменгі және ең жоғары мәндерінің күнделікті орташа арифметикалық нарықтық бағасы; Сб - биржадағы бір күн бұрынғы «BRENT (DTD)» ең төменгі және ең жоғары мәндерінің күнделікті орташа арифметикалық нарықтық бағасы.
Ц = (С+С1+...+ Сn)/n х 7,5=____АҚШ доллары,
мұнда, Ц - мониторинг кезеңіндегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы (бір тонна үшін); Сn - мониторинг кезеңі ішіндегі мұндай түзетулер жарияланған күндердегі шикі мұнайдың орташа арифметикалық нарықтық бағасы; n - мониторинг кезеңі ішіндегі түзетулер жарияланған күндердің саны; 7,5 - баррельден тоннаға ауыстыру коэффициенті. Мониторинг кезеңінде мұнайға орташа нарықтық баға 1 (бір) баррель үшін____АҚШ долларын, бір метрикалық тонна үшін____АҚШ долларын құрады.
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 3-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.05.12 № 1162 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.24.12 № 1253 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.13.07. № 709 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-қосымша өзгертілді
Мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету бажы ставкаларын есептеу ережесіне 3-қосымша
* ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа
ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен 4-қосымшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) 4-қосымша ҚР Үкіметінің 2008.24.12 № 1253 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
|