Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 54) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасы бекітілсін. 2. «Авиабағыттарға бюджеттік субсидияларды жұмсау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1344 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 623-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2014.19.12. № 1327 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысымен бекітілген
Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 54) тармақшасына сәйкес әзірленген және авиамаршруттарды субсидиялау тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2017.08.11. № 722 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.25.06. № 435 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|