Қазақстан Республикасының Президентi Іс басқармасының кейбір мәселелерi (2008.24.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылы 18 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған редакция
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасы оған ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты республикалық мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн. 2. ҚР Үкіметінің 2008.24.04. № 387 қаулысымен алып тасталды (қол қойылған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1212 қаулысына қосымша ҚР Үкіметінің 16.02.04 ж. № 178 қаулысымен қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасына оларға қатысты республикалық мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функциялары берiлетiн республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi
1. "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны. 2. "Бүркiт" мемлекеттік авиакомпаниясы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны. 3. "Қазақстан Республикасының Президентi Iс басқармасының автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны. 4. "Қараөткел" республикалық мемлекеттік кәсiпорны. 5. "Күйгенжар" республикалық мемлекеттік кәсiпорны. 6. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi мен Үкіметінiң әкiмшiлiк ғимараттарының дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны. |