Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәселелері (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының еншілес мемлекеттік кәсіпорындары осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - «Қазсушар» РМК) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. ҚР Үкіметінің 2013.27.12. № 1413 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.25.04. № 306 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті «Қазсушар» РМК қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган; 2) «Қазсушар» РМК қызметінің негізгі мәні республикалық маңызы бар су шаруашылығы объектілерін пайдалану, суаратын су, ауыз су беру болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне «Қазсушар» РМК-нің филиалдарын құруға рұқсат берілсін. 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) «Қазсушар» РМК-нің жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін; 2) «Қазсушар» РМК-нің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|