Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2003 жылғы 28 cәуipдегі № 407 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2012 жылғы 7 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою және жою нәтижесiнде жеке және заңды тұлғаларға келтiрiлген залалдарды өтеу (2011.31.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер 1. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою және жою кезiнде жеке және заңды тұлғаларға келтiрiлген залалдарды өтеудiң осы Ережесi мен шарттары (бұдан әрi - Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңы 30-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізаттарды алып қою және жою кезіндегі залалдарды өтеудiң бiрыңғай тәртібі мен шарттарын белгілейді. 2. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізаттарды алып қою және жою кезiнде жеке және заңды тұлғаларға келтiрiлген залал осы Ереженiң 2 тарауының 4-тармағында белгiленген мөлшерде мiндеттi өтеуге жатады. 3. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қоюға және жоюға байланысты шығыстарды жабу жануарлардың ерекше қауiптi жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі функцияларды орындайтын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрi - мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар) арқылы республикалық бюджеттiң есебiнен жүргiзiледi. 2. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою және жою кезiнде өтеуге жататын залалдарды анықтау ҚР Үкіметінің 2005.31.10. № 1088 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.31.05. № 611 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат алып қою және жою кезінде жеке және заңды тұлғалар келтірген залалдарды өтеу үшін жануарлардың түрі мен жыныстық-жастық топтарына қарай олардың құны мынадай айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде белгіленеді: 1) түйелер, оның ішінде: 6 айға дейінгі боталар - 24 АЕК-ке дейін; 6 айдан бір жасқа дейінгі тайлақ - 39,82 АЕК-ке дейін; екі жасқа дейінгі тайлақ - 68,44 АЕК-ке дейін; екі жастан жоғары - 94,82 АЕК-ке дейін; 2) ірі қара мал, оның ішінде: 1 жасқа дейінгі бұзау - 19,93 АЕК-ке дейін; бір жастан екі жасқа дейінгі баспақ - 30,55 АЕК-ке дейін; сиырлар - 48,32 АЕК-ке дейін; бұқалар - 53,42 АЕК-ке дейін; 3) жылқылар, оның ішінде: 1 жасқа дейінгі құлындар - 39,82 АЕК-ке дейін; үш жасқа дейінгі құнандар - 68,44 АЕК-ке дейін; үш жастан үлкен жылқылар - 94,39 АЕК-ке дейін; 4) қойлар мен ешкілер, оның ішінде: 1 жасқа дейінгі қозылар мен лақтар - 5,24 АЕК-ке дейін; бір жастан үлкен тоқтылар-ешкілер - 6,47 АЕК-ке дейін; аналық қой-ешкілер - 8,47 АЕК-ке дейін; үлкен қошқар-текелер - 9,81 АЕК-ке дейін; 5) шошқалар, оның ішінде: 2 айға дейінгі торайлар - 4,06 АЕК-ке дейін; екі айдан төрт айға дейінгі торайлар - 4,91 АЕК-ке дейін; төрт айдан тоғыз айға дейінгі торайлар - 10,49 АЕК-ке дейін; 9 айдан үлкен шошқалар - 23,3 АЕК-ке дейін; 6) құстар (тауықтар, үйректер, қаздар, түйетауықтар), оның ішінде: 30-дан 60 күнге дейінгі балапандар - 0,12 АЕК-ке дейін; 60-тан 90 күнге дейінгі шөжелер - 0,20 АЕК-ке дейін; тауықтар - 0,42 АЕК-ке дейін; үйректер - 1,24 АЕК-ке дейін; қаздар - 1,89 АЕК-ке дейін; түйетауықтар- 2,03 АЕК-ке дейін; 7) үй қояндары, оның ішінде: 2 айдан 4 айға дейінгі көжектер - 0,20 АЕК-ке дейін; үлкен үй қояндары - 0,50 АЕК-ке дейін; 8) жануарлардан алынатын өнімдер, оның ішінде: сиыр еті - 0,4 АЕК-ке дейін; қой еті - 0,41 АЕК-кедейін; шошқа еті - 0,4 АЕК-ке дейін; жылқы еті - 0,51 АЕК-ке дейін; түйе еті - 0,51 АЕК-ке дейін; ішек-қарны алынған тауық еті - 0,28 АЕК-ке дейін; сүт және сүт өнімдері - 0,02 АЕК-ке дейін; жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері - 0,05 АЕК-ке дейін; 9) жануарлардан алынатын шикізаттар, оның ішінде: тері - 0,3 АЕК-ке дейін; жүн - 0,09 АЕК-ке дейін. ҚР Үкіметінің 2011.31.05. № 611 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5. Құнды өтеу осы Ереженiң 2 тарауының 4-тармағында көрсетiлген алып қойылған бip бас жануар үшiн және жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттардың бiр килограмы (литрі, ондығы) үшiн AEK шегіндегі, бiрақ тиiстi аумақтың нарықтық бағасының 80 пайызынан аспайтын есеппен жүзеге асырылады.
3. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою және жою кезіндегі залалдарды өтеудiң шарттары 6. Алып қойылатын және жойылатын жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттардың иелерiне келтiрiлген залалдарды өтеу ерекше қауiпті жануарлар ауруларының тiзбесiне енгiзiлген ауруларды анықтаған жағдайда ғана жүргiзiледi, бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметі бекiткен жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндетті алып қою және жою жүргiзiледі. ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою және жою кезіндегі залалдарды өтеу туралы шешiмдi ветеринария саласындағы және жергiлiктi атқарушы органдар, санитария-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары, тиiстi аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы өкілдерiнен тұратын тиiстi ауданның (қаланың) аумақтық ведомство бөлімшесі уәкiлетті мемлекеттік органының бұйрығымен ауданның (қаланың) Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша құрылған комиссия шығарады. ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.05. № 611 Қаулысымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді 8. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою және жою кезіндегі залалды өтеу туралы комиссияның шешiм шығаруы үшiн: 1) қолайлы шаруашылық субъектілерінің ұсақ қара мал бруцеллезін қоспағанда, жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлардың аурулары бойынша шектелген iс-шаралар немесе карантин енгізу туралы жергiлiктi атқарушы органның шешiмi; 2) комиссия мүшелерiнiң қолы қойылған ауру жануарларды, ауру жұқтырған жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қоюға және жоюға жасалған акт; 3) диагностика немесе мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiнiң ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелерi бойынша ветеринариялық зертханалар берген сараптама актiсi; 4) ауданның (қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою туралы қаулысы; 5) ветеринариялық паспорт негiз болып табылады. 9. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттардың залалдарын өтеу жеке және заңды тұлғалардың «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес белгіленген мiндеттерiн орындамаған жағдайда жүргізiлмейдi. 4. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзаттарды алып қою және жою нәтижесiнде жеке және заңды тұлғаларға келтiрiлген залалдарды өтеу кезіндегі сомаларды төлеу тәртібі ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою және жою кезінде залалды өтеу үшiн негiз болып табылатын құжаттарды жинауды мемлекеттік ветеринариялық ұйым жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11. Мемлекеттік ветеринариялық ұйым осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген растаушы құжаттардың негізінде он жұмыс күні ішінде жеке және заңды тұлғаларға алып қойылған және жойылған жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың құнын республикалық бюджет есебінен өтейді.» 12. ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 13. Алып қойылған және жойылған жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттардың құнын жеке және заңды тұлғаларға осы Ереженiң 7-тармағында көрсетiлген комиссия шешiмiн ұсыну бойынша жануарлардың ерекше қауiптi жұқпалы ауруларының ошағын жоюды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар өтейдi.
|