Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдiк инвесторлар кеңесiн құру туралы (2011.22.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 13 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемiн: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Шетелдiк инвесторлар кеңесi құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi туралы ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр). 3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары - Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң төрағасы бiр ай мерзiмде Мемлекет басшысының қарауына Кеңестiң дербес құрамы жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығымен бекітілген
ҚР Президентінің 24.11.03 ж. № 1234 жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Шетелдiк инвесторлар кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 2. Кеңес қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды. 3. Кеңестiң қызметiн қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi мен Кеңестiң жұмыс органы жүзеге асырады. ҚР Президентінің 2011.06.04. № 1182 Жарлығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінiң Инвестициялар жөніндегі комитетi Кеңестiң жұмыс органы болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|