Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдiк инвесторлар кеңесiн құру туралы (2024.29.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемiн: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Шетелдiк инвесторлар кеңесi құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi туралы ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр). 3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары - Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң төрағасы бiр ай мерзiмде Мемлекет басшысының қарауына Кеңестiң дербес құрамы жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
ҚР Президентінің 24.11.03 ж. № 1234 жарлығымен (бұр. ред. қара); 2007.08.05. № 325 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2009.22.12. № 905 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2011.06.04. № 1182 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2011.22.12. № 204 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2012.13.03. № 284 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2013.27.03. № 533 Жарлығымен (бұр.ред.қара) ереже өзгертілді; ҚР Президентінің 2013.24.07. № 603 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы
1. Жалпы ережелер
1. Шетелдік инвесторлар кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды. 3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|