Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы және «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (2022.18.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 1128 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 54-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидалары бекітілсін. 2. «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 145-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасында: 1.1.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1.1. Орындаушы авиамаршруттың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін маршруттар бойынша тұрақты авиатасымалдарды осы шартта айқындалған шарт сомасы шегінде, оның қолданыс мерзімі ішінде жүзеге асырады.»; 1.3.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1.3. Кіріс деңгейі қамтамасыз етілмейтін авиамаршруттардың тізбесі және әрбір авиамаршрут бойынша бөлінген сома осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оның қосымшасында берілген.»; Тұрақты авиамаршруттарды бюджеттік субсидиялау шартына қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|