Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы (2015.23.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 455 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі лицензияланатын қызмет саласындағы, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы лицензиар болып белгіленсін. 2. Қоса беріліп отырған біліктілік талаптары және лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін. 3. ҚР Үкіметінің 2015.23.07. № 579 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 551 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 22, 256-құжат); 2) «Қазақстан Республикасында лотереяларды (мемлекеттік (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 551 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1391 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 76-құжат). 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2014.19.02. № 116 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1716 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|