Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi (2013.25.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 13 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінiң «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берілiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже; 2) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 4) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi; 6) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесi; 7) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары комитетi аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тізбесi; 9) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесі; 10) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 11) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi; 12) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 13) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже
ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен барлық мәтін бойынша «су қорын пайдалану және қорғау» деген сөздерден кейін «, сумен жабдықтау және су бұру» деген сөздермен толықтырылды (бұр.ред.қара)
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2009.15.07. № 1071 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.23.09. № 1090 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.13.12. № 1517 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) - реттелетін салаларда, атап айтқанда агроөнеркәсіптік кешен, ауыл және балық шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру (елді мекендерде орналасқан су шаруашылығы және су бұру жүйелерінен басқа), өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, егіншілік, тұқым шаруашылығы мен астық нарығын реттеу саласында, мақта саласында, өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, ветеринария, сусындарды (алкогольді өнімдер мен этил спиртінен басқа) қоса алғанда, тамақ өнімдерін өндіру бөлігінде өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жарақтандыру, мал шаруашылығы, мелиорация, жерді суландыру және дренаж, ауыл шаруашылығы ғылымы мәселелері, биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте өз құзыретіне жататын қызмет саласында (бұдан әрі - реттелетін сала) мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Су ресурстары комитеті, Орман және аң шаруашылығы комитеті, Балық шаруашылығы комитеті, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті. 2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес өкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 6. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітеді. 7. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36. 8. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» мемлекеттік мекемесі. 9. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 10. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 11. Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
ҚР Үкіметінің 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Министрліктің реттелетін саладағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) мемлекеттің аграрлық саясатын, реттелетін салалардағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру; 2) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауары өндірісін құрудың негіздерін жасау, Қазақстан Республикасының азық-түліктік қауіпсіздігі мен жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету; 3) агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету; 4) реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру; 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді 5) өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; 6) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру. ҚР Үкіметінің 2009.15.07. № 1071 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.30.03. № 426 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.18.05. № 428 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.17.06. № 600 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.13.12. № 1517 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.07. № 972 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2012.01.11. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ өзгертілді 13. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) мемлекеттің реттелетін салалардағы аграрлық саясатын іске асырады, стратегиялық жоспарлар, мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалар әзірлейді және іске асырады, сондай-ақ ғылыми зерттеулер ұйымдастырады; 2) агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын әзірлейді, реттелетін салалар мәселелері бойынша халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасын білдіреді, инвестициялар тартуға және оларды пайдалануға ықпал етеді, халықаралық және сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырады, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және халықаралық бағдарламаларды іске асыруға қатысады; 3) өз құзыреті шегінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы халықаралық жобаларды іске асырады; 4) агроөнеркәсіптік кешен салаларын халықаралық стандарттарға көшіру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді; 5) агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 6) агроөнеркәсіп кешеніндегі жастар саясатын іске асыруға қатысады; 7) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, баға, техника, кеден, салық, кредит, сақтандыру қызметінің, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы техникалық реттеу және мемлекеттік саясат аясындағы мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді; 8) нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығару туралы және мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығаруға қатысушы ұйымдардың тізбесі, шығарылатын материалдық құндылықтардың көлемі мен бағалары жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді; 9) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өзара іс-қимылының оңтайлы нысандарын дамытады; 10) қызмет салалары мен түрлері бойынша өндірістік-шаруашылық қызметтің, ауыл шаруашылығы өнімі мен оны қайта өңдеу өнімдерін тұтыну мен өндіру теңгерімінің жай-күйі мен нәтижелерін талдауды жүзеге асырады; 11) агроөнеркәсіптік кешенде кредит беруді жүзеге асыратын кредиттік серіктестіктер жүйесін дамыту үшін, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредит ресурстарына қол жеткізуін жақсарту үшін жағдайлар жасайды; 12) агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 13) агроөнеркәсіптік кешен саласында нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуді, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады; 14) агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамыту жөніндегі статистикалық ақпаратты талдауды жүзеге асырады; 15) субсидиялар алушы міндеттемесінің нысанын әзірлейді және бекітеді; 16) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді; 17) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне ақысыз негізде ұсынуға жататын ақпарат пен қызметтер тізбесін әзірлейді; 18) мамандандырылған ұйымдарды құру, дамыту, қайта ұйымдастыру, тарату туралы ұсыныстар енгізеді; 19) ауыл шаруашылығы өнімінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандырудың ұсынылған схемаларын әзірлейді және бекітеді, мониторингін жүргізеді; 20) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастырады; 21) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық етедi; 22) ұлттық қауiпсiздiк жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 23) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз етедi; 24) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі мен оны қамтамасыз ету бойынша қолданылатын шаралар туралы халықты хабардар етеді, насихат және қарсы насихат жұмыстарын жүргізеді; 25) әрекетi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тартады; 26) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің, сондай-ақ өзі құпияландырған мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді; 27) суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйіне мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің мониторинг және бағалау жүргізуін ұйымдастырады; 28) агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың және осы саладағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асырудың мониторингін жүргізеді; 29) далалық жұмыстарды жүргізу мониторингін жүргізеді; 30) азық-түлік тауарларының бағалары мен нарықтары мониторингін жүргізеді; 31) азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйі мониторингін жүргізеді; 31-1) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді; 32) агроөнеркәсіп кешені саласында мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асырады; 33) сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның бақылау функцияларын жүзеге асыруы үшін оларға қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсыну нысаны мен мерзімдерін әзірлейді және белгілейді; 34) сақтандырушыдан, сақтанушыдан, қоғамнан және агенттен өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратады және алады; 35) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы туралы және Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының талаптарын қоғамның сақтамауы туралы істерді қарайды; 36) егістіктердің жойылу алаңдарын анықтау әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 37) агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 38) сарапшы ұйымға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді; 39) ауыл шаруашылығы техникасының және жабдықтарының лизингін ұйымдастыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді; 40) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін техникалық жарақтандыру және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді; 41) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді; 42) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді; 43) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік байқаудан өткізу қағидаларын әзірлейді; 44) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидаларын әзірлейді; 45) техникалық регламенттерді әзірлеу, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға өзекті сипат беру және оларды біріздендіру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дайындайды және енгізеді; 46) тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласы бойынша техникалық регламенттер әзірлейді; 47) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснама әзірлейді; 48) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеріс парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, жыл сайынғы тексерістер жоспарларын әзірлейді және бекітеді; 49) өсімдік текті өнімді өсіретін, дайындайтын, қоймалайтын, қайта өңдейтін және өткізетін ұйымдардың, ішкі сауда объектілерінің, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ауыл шаруашылығы, орман, су және басқа да мақсаттағы жерлерге тұрақты бақылау іріктеу зерттеулерін жүргізеді; 50) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес реттелетін салаларда лицензиялауды және лицензиялық бақылауды жүзеге асырады; 51) салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілері бар салық төлеушілер туралы, сондай-ақ, салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілер туралы мәліметті Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен салық қызметі органдарына ұсынады; 52) тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді; 53) уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; 54) жеке немесе заңды тұлғалардың тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы өтініштерін қарайды; 55) Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзушыларға жауапкершілік шараларын қолданады; 56) Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 57) өңірлерде арнайы қоймаларды (көмінділерді) орналастырудың орындылығын және олардың санын келіседі; 58) тұқым шаруашылығы саласы бойынша техникалық регламенттер әзірлейді; 59) сорт сынау, тұқым шаруашылығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді және тұқымға арналған құжаттама нысандарын әзірлейді және бекітеді; 60) сорттардың оригинаторларын тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 61) тұқым сапасын сараптауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді; 62) сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сорттық сынауларды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді; 63) технологиялық талаптарды, тұқымдарды өндіру схемаларын, сақтау және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 64) сорт жаңарту және сорт ауыстыру тәртібі мен мерзімдерін белгілейді; 65) ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру тәртібін айқындайды; 66) бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді, байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау тәртібін әзірлейді; 67) патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынау немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктер тектері мен түрлерінің тізбесін әзірлейді; 68) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқым өндірудің және элиталық тұқым өткізудің жыл сайынғы квоталарын белгілеу тәртібін бекітеді; 69) сортты егістерді байқаудан өткізу тәртібін бекітеді; 70) патент беруге арналған қорытындымен қоса, сорт сипаттамасының, сорттың патент қабілеттілігі туралы қорытындының нысандарын белгілейді; 71) тұқым сапасын сараптау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидаларын әзірлейді; 72) бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізудің схемалары мен әдістерін әзірлейді және бекітеді; 73) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өндіру және өткізу көлемдерін болжайды; 74) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері сәйкес болуы тиіс біліктілік талаптарын белгілейді; 75) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды тұқым шаруашылығында аттестатталған әрбір субъекті үшін - бірегей тұқымдар бойынша айқындайды; 76) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқым бойынша айқындайды; 77) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқым топтарын, республиканың осы тұқымдарға деген қажетті толық қамтамасыз етілген жағдайда, сондай-ақ ғылыми зерттеулерге, патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынауға, элиталық тұқым өндіруге арналған тұқым топтарын әкетуді келіседі; 78) мемлекеттік тұқым ресурстарын қалыптастыруды және басқаруды және олардың сандық-сапалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады; 79) жергілікті атқарушы органдардан ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты сұратады; 80) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тұқым шаруашылығы саласында қолданыстағы мемлекеттік стандарттарды және стандарттау бойынша басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; 81) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілейді; 82) селекцияны және тұқым шаруашылығы жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді; 83) тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады, байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; 84) гендік инженерия негізінде алынған сорттар (гендік түрлендірілген) тұқымының партияларын Қазақстан Республикасына әкелуді келіседі; 85) республиканың тұқым ресурстарының мониторингін жүзеге асырады және республика бойынша тұқым теңгерімін жасайды; 86) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары өтініштерінің негізінде мемлекеттік стандарттарда белгіленген тұқым сапасының көрсеткіштерін ерекше жағдайларда бір жылдан аспайтын мерзімге төмендетуге рұқсат береді; 87) сорттардың оригинаторларын тіркейді; 88) байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; 89) отандық және шетелдік селекция сорттарын мемлекеттік сынауды ұйымдастырады; 90) ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сорттық және егіс сапаларының сараптамасын жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 91) субсидиялар берілген бірегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады; 92) сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сорттық егістерді байқаудан өткізу, жерге егіп бағалау, зертханалық сорттық сынау, тұқым сапасын сараптау тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 93) ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынауды өткізу әдістемелерін әзірлейді және бекітеді; 94) ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынау мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді; 95) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді; 96) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекітеді; 97) пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлейді; 98) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік инспекторлар туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді; 99) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозолдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді; 100) пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді; 101) хаттамалар мен нұсқамалар нысандарын, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды жасау мен шығару тәртібін әзірлейді және бекітеді; 102) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды әзірлейді және бекітеді; 103) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды келіседі; 104) өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандарды даярлау және біліктілігін көтеру жөніндегі оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келіседі; 105) фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитарлық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібін әзірлейді; 106) аса қауіпті зиянды организмдер тізбесін әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады; |