Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы (2022.02.02. берілген өзгерістермен)
Осы Қаулыға өзгеріс енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 513 Қаулысын қараңыз (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 2. Орталық мемлекеттік органдар, Маңғыстау облысының әкімдігі және мүдделі ұйымдар (келісу бойынша) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және 25 қаңтар мен 25 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 15 ақпаннан және 15 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын. 4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2022.02.02. № 41 Қаулысымен кешенді жоспары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы № 784 қаулысымен бекітілген
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|