«Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы № 784 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы № 784 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 513 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы № 784 қаулысымен бекітілген
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары
Маңғыстау облысы еліміздің өнеркәсіптік өңірі болып табылады, экономиканың негізін мұнай-газ секторы құрайды. Өнеркәсіп құрылымындағы негізгі үлес тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді игеруге тиесілі, оның үлесі 2021 жылдың қорытындысы бойынша 87,8 %-ды құрады. Өнеркәсіпте облыс халқының шамамен 16,8 %-ы жұмыс істейді, жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі - ЖӨӨ) құрамындағы саланың үлесі шамамен 52,8 %-ды құрайды. Өңір кәсіпорындары жыл сайын еліміздің өнеркәсіптік өнімінің 7,3 %-дан астамын өндіреді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|