«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы (2015.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі», «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі», «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2010.20.07. № 743 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.25.06. № 829 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2015.29.12. № 1115 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен қосымшаға сәйкес құрамдағы «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерін сайлауды қамтамасыз етсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.14.07. № 1068 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.20.07. № 743 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.10.02. № 113 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.23.07 № 849 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.25.06. № 829 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.29.12. № 1115 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы № 980 қаулысына қосымша
«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы
|