Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы (2017.26.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. 1. Қоса беріліп отырған Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесі
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Осы Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын берудің тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2011.27.07. № 865 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) білім беру гранты - кәсіптік білім алуға төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы; 2) білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы; 3) республикалық конкурстық комиссия - білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі - Комиссия); 4) ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Білім беру грантын беру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2017.26.07. № 446 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Білім беру грантын беру жөніндегі конкурсты білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын республикалық конкурстық комиссия және тиісті облыстың және республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімінің шешімімен құрылатын жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы өткізеді. ҚР Үкіметінің 2015.28.09. № 798 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2017.26.07. № 446 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Республикалық конкурстық комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлері, азаматтық қоғам институттарының, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері, жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) басшылары санынан қалыптастырылады. Республикалық конкурстық комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс. Республикалық конкурстық комиссияның отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі және 1-10 тамыз кезеңінде өткізіледі. Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалдарының, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, аталған аумақта орналасқан ЖОО басшылары санынан қалыптастырылады. Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясының төрағасы тиісті облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі болып табылады. Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы туралы ережесі тиісті облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысымен бекітіледі. Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясының құрамы тиісті облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен бекітіледі. Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс. Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясының отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі және 17-25 тамыз кезеңінде өткізіледі. ҚР Үкіметінің 2008.28.05 № 509 қаулысымен; 2009.17.02 № 194 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 5-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2017.26.07. № 446 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқу нысандары бойынша мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі - ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің (бұдан әрі - КТ) нәтижелері бойынша сертификаттар баллдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі. Білім беру грантын беру конкурсында Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқыту тілі), екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі. Шығармашылық емтихандарды талап ететін мамандықтарға түсу үшін білім беру грантын беру конкурсына Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқыту тілі) және екі шығармашылық емтиханның нәтижелері ескеріледі. Шығармашылық емтихандарды талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, ұқсас мамандықтар, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша түсу үшін білім беру грантын беруге арналған конкурста жалпы бейіндік пән және бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі. Ұқсас мамандықтар, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша шығармашылық мамандықтарға түсу үшін білім беру грантын беруге арналған конкурста бейіндік пән бойынша балдар және шығармашылық емтихан нәтижесі ескеріледі. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары өңірлердің кадрларға қажеттілігі ескеріле отырып, талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқу нысандары бойынша ЖОО-да оқу үшін мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша сертификаттар баллдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі. ҚР Үкіметінің 2009.17.02 № 194 Қаулысымен 5-1 тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2016.14.07. № 407 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.26.07. № 446 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-1-тармақ жаңа редакцияда 5-1. Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін азамат ЖОО-ның қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті, білімі туралы құжатты (түпнұсқа), ҰБТ немесе КТ сертификатын, 3x4 көлеміндегі екі фотосуретті, 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады. Тілдік дайындық деңгейін күшейтуге арналған мемлекеттік білім беру гранты негізінде ЖОО-ның дайындық бөлімдерін аяқтаған тұлғалар ЖОО-ның ректоры қол қойған аяқтағаны туралы транскрипті ұсынады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар қосымша мына құжаттардың біреуін тапсырады: 1) еңбек кітапшасы; 2) жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен расталған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі) (болған кезде); 3) жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме мен жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер. Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған мамандық пен ЖОО-н көрсетеді. Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда азамат төрт мамандықты көрсете алады. Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 23-31 шілде кезеңінде, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 10-17 тамыз кезеңінде қабылданады. ҚР Үкіметінің 2009.17.02 № 194 Қаулысымен Ереже 5-2 тармақпен толықтырылды 5-2. Осы Ереженің 6 және 6-1-тармақтарында көрсетілген білім беру грантын алуға басым құқығы бар азаматтар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына аталған құқықты растайтын құжатты тапсырады. ҚР Үкіметінің 2009.17.02 № 194 Қаулысымен Ереже 5-3 тармақпен толықтырылды 5-3. Шет тілінде берілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен нострификатталуы тиіс. ҚР Үкіметінің 2009.17.02 № 194 Қаулысымен Ереже 5-4 тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2016.14.07. № 407 Қаулысымен 5-4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-4. І және ІІ топтағы мүгедек азаматтар, мүгедек балалар, сондай-ақ бала кезден мүгедектер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына таңдаған мамандығы бойынша оқу үшін теріс көрсеткіштің жоқтығы туралы медициналық қорытындыны ұсынады. ҚР Үкіметінің 2009.17.02 № 194 Қаулысымен Ереже 5-5 тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.23.04 № 343 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.30.03. № 390 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.09.07. № 698 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 769 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.26.07. № 446 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-5-тармақ жаңа редакцияда 5-5. Конкурсқа қатысу үшін ұлттық ЖОО-на, шығармашылық емтихандарды талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, тестілеу нәтижелері бойынша кемінде 65 балл, «Білім беру», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтарының топтары бойынша кемінде 60 балл, басқа ЖОО-на кемінде 50 балл, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы - оқыту тілі бойынша кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл жинау қажет. Шығармашылық емтихандар тапсыруды талап ететін мамандықтар бойынша конкурсқа қатысу үшін ұлттық ЖООна тестілеу және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша кемінде 65 балл, ал «Білім беру» мамандық тобы бойынша кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы - оқыту тілі бойынша кемінде 5 балл және әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін - кемінде 35 балл, оның ішінде шығармашылық емтихан бойынша - кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл) жинау қажет. Шығармашылық емтихандарды тапсыруды талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас шығармашылық мамандықтарға түсушілерге конкурсқа қатысу үшін тестілеу нәтижелері бойынша кемінде 35 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл жинау қажет. Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша шығармашылық емтиханды тапсыруды талап ететін ұқсас мамандықтарға түсушілерге конкурсқа қатысу үшін тестілеу нәтижесі және шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша кемінде 35 балл, оның ішінде шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл жинау қажет. Аталған тармақтың нормалары республикалық бюджет қаражаты және жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсының қатысушыларына қолданылады. ҚР Үкіметінің 2009.17.02 № 194 Қаулысымен 5-6 тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2016.14.07. № 407 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.26.07. № 446 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-6-тармақ жаңа редакцияда 5-6. Шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурсқа бір мамандық бойынша қатысады және шығармашылық емтихан тапсырған ЖОО-н ғана көрсетеді. Педагогикалық мамандықтарды таңдаған және арнайы емтиханнан «өткен» талапкерлер республикалық және жергілікті бюджет есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурсқа арнайы емтиханды тапсыру орнына қарамастан, бейіндік пәндеріне сәйкес төрт ЖОО және төрт мамандық бойынша қатысады. ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.14.07. № 407 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2017.26.07. № 446 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде: 1) «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдардың; 2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдардың; 3) тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтар олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздарының басым құқығы бар. Бұл ретте, балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары орта балдары бар тұлғаларға беріледі. Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі. ҚР Үкіметінің 2009.17.02 № 194 Қаулысымен Ереже 6-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен 6-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.14.07. № 407 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.26.07. № 446 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-1-тармақ өзгертілді 6-1. Білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу кезінде, сондай-ақ жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына кіргізу кезінде көрсеткiштері бiрдей болған жағдайда, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, I және II топтардағы мүгедектердің, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдер жоқ бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы болады. Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары орта балдары бар тұлғаларға беріледі. Бірдей балдық көрсеткіштері және басым құқығы болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балы бірдей болғанда бейіндік пәндер бойынша алған балдары ескеріледі. ҚР Үкіметінің 2009.17.02 № 194 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.14.07. № 407 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.26.07. № 446 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді 7. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар, І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін конкурс көрсетілген санаттар арасындағы бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен бекітілген квоталар бойынша өткізіледі. Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысушы тұлғалар үшін бекітілген қабылдау квотасы барлық өтініш білдірілген мамандықтарға қолданылады. Мамандық топтарында квоталар бойынша білім беру гранттарының саны оқу түрі бойынша орналастырылады. Егер квота бөлінген мамандықтар тобында шығармашылық емтиханы бар мамандықтар болған жағдайда, білім беру грантын алушыларды анықтағанда қатысушының максималды мүмкін балының үтірден кейінгі бір белгіге дейін дөңгелектелген пайыздық қатынасында ҰБТ немесе КТ тестілеу нәтижесі салыстырылатын болады. Бірдей балдық көрсеткіштері болған жағдайда, білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары балы бар тұлғаларға беріледі. Аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балы бірдей болған жағдайда бейіндік пәндер немесе шығармашылық емтихандар бойынша алған балдары ескеріледі. ҚР Үкіметінің 2016.14.07. № 407 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8. Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін квота белгіленген мамандықтар бойынша конкурс мынадай түрде өтеді: осы мамандықтар мен оқыту тілі бойынша гранттардың жалпы санының 70 пайызы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал қалған 30 пайыз грантқа конкурс тек ауыл жастары арасынан шыққан азаматтарға өткізіледі. ҚР Үкіметінің 2009.17.02 № 194 Қаулысымен Ереже 8-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен 8-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.26.07. № 446 Қаулысымен 8-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8-1. Білім беру гранттарын конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос білім беру гранттарын республикалық конкурстық комиссия оқыту нысанына қарамастан, жоғары өту балымен мамандықтарға дайындау бағыттарының ішінде осы ереженің 5, 6, 6-1-тармақтарында көзделген тәртіппен конкурстық негізде береді. Халықаралық келісімдер бойынша келген шетелдік тұлғаларға білім беру гранттарын конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос білім беру гранттарын тағайындау бойынша шешімді республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Резервте көзделген білім беру гранттарын республикалық конкурстық комиссия оқыту нысанына қарамастан, жоғары өту балымен мамандықтарға ең алдымен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар арасынан шыққан осы Ереженің 5, 6, 6-1-тармақтарындакөзделген тәртіппен конкурстық негізде беріледі. ҚР Үкіметінің 2009.17.02 № 194 Қаулысымен 8-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.14.07. № 407 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.26.07. № 446 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-2-тармақ жаңа редакцияда 8-2. Республикалық конкурстық комиссия шешімінің негізінде білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығы шығарылады және білім беру грантын тағайындау туралы куәлік ресімделеді. Білім беру гранты иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Грант иегері білім беру грантынан бас тартқан жағдайда білім беру грантын беру туралы куәлігінің күші жойылады, білім беру гранты конкурстық негізде осы Ережеде белгіленген тәртіппен қабылдау күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде беріледі. Білім беру грантын беру туралы куәлік қайтарылмаған жағдайда ЖОО-ның қабылдау комиссиясы мерзімін және білім беру грантынан бас тартқан адамның деректерін көрсете отырып, оның күшін жою туралы акт жасайды және ЖОО-ның мөрімен расталған актіні қабылдау күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға тапсырады. Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы шешімінің негізінде тиісті бұйрық шығарылады және жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру туралы куәлік ресімделеді. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранты иегерлерінің тізімі өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Грант иегері жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантынан бас тартқан жағдайда білім беру грантын беру туралы куәлігінің күші жойылады, білім беру гранты конкурстық негізде осы Ережеде белгіленген тәртіппен қабылдау күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде беріледі. Жергілікті бюджет есебінен білім беру грантын беру туралы куәлік қайтарылмаған жағдайда ЖОО-ның қабылдау комиссиясы мерзімін және білім беру грантынан бас тартқан адамның деректерін көрсете отырып, оның күшін жою туралы акт жасайды және ЖОО-ның мөрімен расталған актіні қабылдау күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жергілікті атқарушы органдарға тапсырады. Жергілікті бюджет есебінен білім беру грантын беру туралы куәлікті ЖОО-ның қабылдау комиссиялары азаматтардың конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 25 тамыздан кешіктірмей береді. ҚР Үкіметінің 2009.17.02 № 194 Қаулысымен Ереже 8-3-тармақпен толықтырылды 8-3. Білім беру грантын беру туралы куәлікті қабылдау комиссиялары азаматтардың конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 15 тамыздан кешіктірмей береді.
ҚР Үкіметінің 2009.17.02 № 194 Қаулысымен Ереже 2-1-тараумен толықтырылды 2-1. Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібі
8-4. Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттары оқыту мамандықтарының бөлінісінде конкурстық негізде осы мамандық бойынша ақылы негізде оқитын білім алушыларға беріледі. Конкурс білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша өткізіледі. Бос білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде үлгерімнің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда барлық оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- («үздік»), содан соң А, А- («үздік») бағаларынан В+, В, В- («жақсы») бағаларына дейін бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады. 8-5. ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8-6. ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен 8-7-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2016.14.07. № 407 Қаулысымен 8-7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8-7. Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде бар бос орындарға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) ақылы негізде білім алушы жоғары оқу орны басшысының атына одан әрі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді; 2) жоғары оқу орны өтінішті конкурстық негізде қарап, ғылыми кеңесінің шешімімен бірге ағымдағы жылғы 5 тамыз бен 15 қаңтарға дейінгі мерзімде шешім қабылдау үшін оны білім беру саласындағы уәкілетті органға жібереді. Білім алушының өтінішіне оқу кеңесінің шешімімен қоса, үміткердің сынақ кітапшасынан немесе транскриптінен үзінді, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және жоғары оқу орнынан шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (түпнұсқа) қоса беріледі; 2-1) нақты мамандық бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары жазғы және қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша даярлау бағыттарының ішінде конкурстық негізде беріледі; 3) білім беру саласындағы уәкілетті орган түскен жылын ескере отырып, оқыту мамандығы, нысандары мен мерзімдері бөлінісінде құжаттарды қарайды және мәселе оң шешілген жағдайда білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады; 4) білім беру саласындағы уәкілетті орган бұйрығының негізінде білім беру грантын беру туралы куәлік ресімделеді; 5) білім беру грантын беру туралы берілген куәлік негізінде жоғары оқу орнының басшысы білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға бұйрық шығарады. |