Жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы (2016.06.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2012 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. ҚР Үкіметінің 2016.06.05. № 282 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір қаулыларына мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) «Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторындағы қауiпсiздiктiң кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 26 қыркүйектегi № 1240 қаулысына: 2-тармақ алынып тасталсын; 2) «Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесiнде: 3-тармақтың бiрiншi абзацы «10» деген сандардан кейiн «10-1» деген сандармен толықтырылсын; қосымшаға сәйкес 10-1-қосымшамен толықтырылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2003 жылғы 16 шілдедегі № 700 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесiне 10-1-қосымша
Жеке күзетшiлердi, жеке күзет ұйымында, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлiмшесiнде, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлiмшесiнде күзетшi лауазымындағы
Қосымша. Оқ-дәрілердiң нормалары: күзетшiлердi оқыту - оқушыға әрбiр қарудың түрiне 18 патрон; жеке тұлғалардың өмiрi мен денсаулығын қорғау жөніндегі мамандарды оқытуға - оқушыға барлық курсқа 500 патрон; қарудың атуын тексеруге - бiр ұңғыға 8 патрон есебiнен белгiленедi.
|