Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері (2018.26.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1329 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2015.17.06. № 446 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 372 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2011.22.08. № 936 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.05. № 581 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.17.06. № 446 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.07.06. № 338 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.26.06. № 379 Қаулысымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне, 2010 жылғы 2 сәуірдегі «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы», 1997 жылғы 14 шілдедегі «Нотариат туралы», «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы және «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1329 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2015.17.06. № 446 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидалары бекітілсін. ҚР Үкіметінің 28.11.02 ж. № 1268 қаулысымен; 2005.21.04. № 372 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.31.12 № 1329 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.30.05. № 581 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.23.09. № 1009 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.17.06. № 446 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Мыналар: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық органдары - республикалық меншікке; аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық меншікке жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын. 3. ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 372 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 4. «Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану, соның iшiнде сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қыркүйектегi № 1467 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 41, 476-құжат) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2011.22.08. № 936 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.23.09. № 1009 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.17.06. № 446 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген
1. Осы Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті (бұдан әрі - мүлік) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидалар сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарға қолданылмайды. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1166 Қаулысымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.21.11. № 717 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мынадай мүлікті: 1) тәркіленген мүлікті; 2) сот актілерінің негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай айғақтарды (бұдан әрі - заттай айғақтар); 3) мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұратын көмбелерді (бұдан әрі - көмбелер); 4) жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдар берген, арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жататын сыйлықтарды (бұдан әрі — сыйлықтар); 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық меншікке өтеусіз өткен, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. ҚР Үкіметінің 2016.21.11. № 717 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мынадай мүлікті: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған; 2) мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен, сондай-ақ қайтыс болған адамнан мұрагерлікке қалған; 3) олжаларды; 4) қараусыз қалған жануарларды; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарын; 6) мәдени құндылықтарға жататын заттарды қамтымайтын көмбелерді (көмбедегі үлесті); 7) тәркіленген мүлікті; 8) сот актілерінің негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай айғақтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. 5. Уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарына олар белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысанда мүлік туралы мәліметтерді ұсынады.
2. Мүлікті есепке алу және сақтау
ҚР Үкіметінің 2016.21.11. № 717 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Мүлікті есепке алу: 1) тиісті сот актілері; 2) нотариус беретін мемлекеттің мұрагерлікке құқығы туралы куәлік; 3) кедендiк декларациялау аяқталғаннан кейiн мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсіміне сәйкес мәлiмделген тауарларға арналған декларация; 4) мемлекет меншігінің құқығы туындағанын растайтын өзге де құжаттар негізінде жүзеге асырылады. 7. Мүлік осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі негізінде беріледі. Мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі (бұдан әрі - тізімдеу актісі) онда көрсетілген тараптардың саны бойынша жасалады. ҚР Үкіметінің 2016.21.11. № 717 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8. Тәркіленген мүлікті, заттай айғақтарды, сондай-ақ бұрын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды алып қойған (берген) сот орындаушылары немесе органдар (тұлғалар) уәкілетті органды немесе жергілікті атқарушы органды мүлікті беру күні, орны және уақыты туралы олардың орындалуына дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып және өзге де (алып қою актілері, сот сараптамасының актілері, атқару парақтары және басқалары) құжаттар болған кезде жазбаша хабарлайды. Тәркіленген мүлікті, заттай айғақтарды, сондай-ақ бұрын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға беру мүлікті сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілердің қатысуымен, уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның тізімдеу актісін жасай отырып, мынадай мерзімде: сот орындаушыларынан - «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде; мүлікті алып қойған органдардан - заңды күшіне енген тиісті сот актісін алған күннен бастап екі ай ішінде; мүлікті беретін тұлғадан (декларант) - кедендік декларация тіркелген күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылады. 9. Тізімдеу актілерін есепке алу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабы (бұдан әрі - есепке алу кітабы) жүргізіледі. Есепке алу кітабына тізімдеу актілері түсуіне қарай тіркеледі. Есепке алу кітабындағы жазбалар уақтылы, анық және түзетілмей жүргізілуі тиіс. Есепке алу кітабы нөмірленуге, тігілуге және уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның мөрімен бекітілуге тиіс. ҚР Үкіметінің 2016.07.06. № 338 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10. Тізімдеу актісі есепке алу кітабына енгізілгеннен кейін мемлекеттік мүлік тізілімінде әр жазбаға мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша түгендеу карточкасы ашылады. Түгендеу карточкасының тақырыбында мүліктің кімге берілгені, сондай-ақ мүлікті беру уақыты туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Мүлікті сатқан кезде түгендеу карточкасында бюджетпен есеп айырысу мерзімдері, төлем құжатының (тарының) нөмірі мен күні көрсетіледі. Түгендеу карточкасына тізімдеме актісінің нөміріне сәйкес келетін нөмір беріледі. Мүлік бір тізімдеме актісі бойынша бірнеше ұйымға берілген жағдайда, түгендеу карточкалары бір нөмірмен әр ұйымға жеке ашылады. 11. Жергілікті атқарушы орган иесіз жылжымайтын затты есепке алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін бұл затты коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгінеді. 12. Мүлікті сақтау 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Негізгі бөлім) белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі. Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді. Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді. Республикалық меншікке (коммуналдық меншікке) айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдауды уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. 13. Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті тасымалдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді. Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті тасымалдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді. Мүлікті тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
14. Мүлікті одан әрі пайдалану, оның ішінде өткізу немесе беру үшін бағалау «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі. Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді. Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді. Бағалаушыны таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2018.26.06. № 379 Қаулысымен 14-1-тармақпен толықтырылды 14-1. Бағалаушыға бағалау жүргізу үшін қажетті құжаттаманы, толық және дұрыс ақпаратты, қажетті түсініктемелерді беруді және бағалау объектісіне қолжетімділікті қамтамасыз етуді уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті тізімдеу актісі бойынша есепке қабылдап алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырады. Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мен бағалаушы арасында мүлікті бағалау жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт болмаған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген іс-шаралар мүлікті бағалау жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. 15. Ақша мен төлем құжаттары бағалаушыны тартпай-ақ атаулы құны бойынша бағаланады.
16. Мүлікті одан әрі пайдалану туралы шешімді (республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына беру, оның ішінде балалар үйіне, қарттар және мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге өтеусіз беру, өткізу немесе жою) уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды. Мүлікті одан әрі пайдалану туралы мәселелерді қарау үшін уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады, оның құрамына уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның өкілдері, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының келісімімен жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, сондай-ақ қажет болған кезде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, мемлекеттік кірістер органдарының және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссия туралы ережені уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган әзірлейді және бекітеді. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамнан тұрады. Комиссияның төрағасы уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның өкілі болады. Хатшы комиссияның мүшесі болып табылмайды. Комиссияның шешімдері қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады, ұсынымдық сипатта болады және хаттамамен ресімделеді. Дауыстар тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның шешімдері уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган үшін ұсынымдық сипатта болады. 17. Мүлікті одан әрі пайдалану (республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына беру, оның ішінде балалар үйіне, қарттар және мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге өтеусіз беру, өткізу немесе жою) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. 18. Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылығы болуы мүмкін мүлікке «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын арнайы комиссия сараптама жасайды. Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылыққа жатқызылған мүлік тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мұражайларға өтеусіз берілуі мүмкін. ҚР Үкіметінің 2016.07.06. № 338 Қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 19. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгіне айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу тәртiбiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгiлейді. ҚР Үкіметінің 2016.07.06. № 338 Қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды 19-1. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қабылдап алған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы металдардағы активтеріне аффинаждалған алтынның құймаларын есепке жатқыза отырып аффинаждауға жатады. ҚР Үкіметінің 2016.07.06. № 338 Қаулысымен 19-2-тармақпен толықтырылды 19-2. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждалған алтын құймалары етіп аффинаждалған беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды. Аффинаждалған алтын құймаларының құны бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын қайта өңдеуге байланысты шығындар шегеріле отырып, бюджетке аударылады. 20. Ақша түріндегі мүлік бюджет кірісінің есебіне жатқызылады. Шетел валютасы операция жасалған күні белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары арқылы бюджет кірісінің есебіне жатқызылады. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған, айырбасталмайтын шетел валютасын қабылдау, сақтау, өткізу тәртібін, сондай-ақ оларды өткізуден түскен ақшаны бюджет есебіне жатқызу тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді. Ақша түріндегі мүлікті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және олардың филиалдарына беруді осындай мүлікті алған орган мүліктің сомасы, берілу уақыты және алушысы көрсетілген беру туралы хабарламаны уәкілетті органға жібере отырып жүргізеді. 21. Мемлекеттік меншіктің құрамына түскен салымдар (депозиттер) сомасын банктер номиналды түрде толық көлемінде бюджеттің кірісіне аударады. ҚР Үкіметінің 2016.11.08. № 455 Қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 22. Осы Қағидалар лотерея билеттерi, түбіртектер немесе өзге де құжаттар бойынша ақшалай ұтыс түрiндегі мүлiкке қолданылады. Лотерея билеттерi, түбіртектер және өзге де құжаттар бойынша заттай ұтыстың құнын лотерея операторы болып табылатын тұлға бюджет кірісіне есептейді. Лотерея билеттерiн, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды беру тізімдеме актісі бойынша жүргізіледі, онда лотереяның атауы, лотерея операторының атауы, тираждың нөмірі мен атауы (болған кезде), жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу күні мен орны (болған кезде), лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге де құжаттың нөмірі және ұтыс мөлшері көрсетіледі. 23. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) тұрғын үйлер мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына қосылады. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне түскен тұрғын үйлерді одан әрі пайдалану тәртібі «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1166 Қаулысымен 24-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24. Уәкілетті органға тапсырылған сыйлықтар арнаулы мемлекеттік қорды құрайды және мемлекеттік мүлік тізілімінде есепке алынады. Арнаулы мемлекеттік қордағы мүлікті өткізу «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1166 Қаулысымен 25-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 25. Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдар білмей келіп түскен сыйлықтар, не олар өздерінің лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған сыйлықтар, сондай-ақ лауазымдық жағдайына байланысты немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілерге жария түрде немесе ресми іс-шаралар кезінде берілген (тапсырылған) сыйлықтар уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға сыйлық алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламаны қоса бере отырып, тізімдеме актісі бойынша тапсырылады. Арнайы мемлекеттік қорға тапсырылған сыйлықтарды есепке алуды, бағалауды және сақтауды уәкілетті орган жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органға тапсырылған сыйлықтар есепке алуды, сақтауды және бағалауды ұйымдастыру үшін уәкілетті органға берілуге тиіс. Жергілікті атқарушы орган уәкілетті органға тізімдеу актісіне қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жібереді. 26. Арнайы мемлекеттік қордың бағалы металдардан жасалған сыйлықтарын сараптауды, бағалауды және сақтауды оларды өткізгенге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1166 Қаулысымен 26-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 26-1. Сыйлықты тапсырған адам оны жоғары тұрған лауазымды адамның келісімімен арнаулы мемлекеттік қордан сатып алуға құқылы. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1166 Қаулысымен 26-2-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 26-2. Сыйлықты сатып алу уәкілетті орган сыйлықты алған адамнан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті орган мен сыйлықты алған адам арасындағы сатып алу-сату шарты бойынша жүзеге асырылады. Тапсырылған сыйлықты беру «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған, сатып алу-сату шартында көрсетілген сыйлық құнын толық төлегеннен кейін уәкілетті орган мен сыйлықты тапсырған адам арасында қабылдап алу-беру актісіне қол қою арқылы жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1166 Қаулысымен 27-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 27. Сыйлықты тапсырған адам оны сатып алудан жазбаша түрде бас тартқаннан кейін ғана уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік қордан сыйлықты үшінші тұлғаларға өткізуге құқылы. 28. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) жер учаскелері мемлекеттік жер қорына қосылады. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған жер учаскелерін одан әрі пайдалану тәртібі 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексімен реттеледі.
5. Ең төменгі бағамен өткізілмеген мүлікті пайдалану және жою тәртібі
29. Ең төменгі бағамен өткізілмеген мүлікті пайдалану және жою мынадай тәртіппен жүзеге асырылады. Комиссия белгілеген ең төменгі бағамен сатылмаған, пайдалануға жарамды мүлік балалар үйлеріне, қарттар және мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не болмаса арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілерге (бұдан әрі - әлеуметтік қызмет субъектілері) өтеусіз беріледі. Мүлік туралы ақпаратты шешім қабылданған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган Мүлікті есепке алу және өткізу бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қолжетімділік нүктесін беретін www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурста (бұдан әрі - тізілім веб-порталы) жариялайды. Мүлікті өтеусіз алуға өтінім тізілім веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде әлеуметтік қызмет субъектілерінен тізілім веб-порталында қабылданады. Мүлікті өтеусіз алу өтініміне әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруды растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелері қоса беріледі. |