Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2015.25.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 508 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
1. «Бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 3, 24-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесінде: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «8. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуіне Арнайы рұқсат алу үшін отандық тасымалдаушы: 1) Халыққа қызмет көрсету орталығына; 2) www.elicense.kz «Е-Лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішпен жүгінеді. Шетелдік тасымалдаушы уәкілетті органға осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішпен жүгінеді.»; 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|